Халықаралық шарттарға ескертпе жасау институты


 Надыров  Мұхаммедали
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі, «Құқықтану» мамандығының  ЗҚТ-0915 тобының 3-курс студенті

 Жетекші: арнайы пәндер оқытушысы Сұлтанбек Балауса Әбуқызы

        Халықаралық шарттарға ескертпе жасау институты

1992 жылы 6 шілдеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі-ТМД) Экономикалық Сотының Статуты туралы Келісім нәтижесінде Соттың Халықаралық Ұйымның (бұдан әрі-ХҰ) құзырлы органы ретінде өзінің қағидалары мен қызмет көрсету шеңберін бекітіп алды. Экономикалық Сот (бұдан әрі-ЭС) өз құрылтай құжатымен, яғни ТМД мемлекеттерінің бекітілген келісімдері шеңберінде өз юрисдикциясын жүзеге асырады. ЭС-пен Достастықтың құжаттары мен оның институттарының құжаттарына, шарттарға түсіндірме беруі, оның құқықтық позициясын көрсетеді. ЭС берген түсіндірме сөзсіз – ресми, заңды және ғылымда орын алатындай құқықтық түсіндірме болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті «ТМД Экономикалық Сотына – 20 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Экономикалық Сот Достастық шарттарын бірыңғай қолдануда және қатысушы мемлекеттердің  ұлттық құқықтық жүйелерін жақындастырушы бірден бір орган» деп атап кетті. ЭС қызметінің мақсаты Достастық қатысушы мемлекеттердің шарттарын, актілерін бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету.

Бұл инстиут Достастық елдеріндегі халықаралық шарттарға қажетті тәжірибе болып келеді. ТМД аясындағы ең бірінші келісімдердің бірі «ТМД қатысушылары-Мемлекет басшылары Кеңесінің 1991 жылғы 30 желтоқсандағы ТМД «Стратегиялық Күші» туралы келісімдерге ескертпелер жасалған болатын. Одан әрі ескертпе жасау тәжірибесі, ТМД органдары арасындағы актілерге қолдану, кеңінен белең ала бастады.

1995 жылдың қазан айында ЭС-қа, Мемлекетаралық Экономикалық Комитеттің Экономикалық Одағынан, Достастық аясында қабылданған бірнеше халықаралық шарттардың бір-бірімен сәйкестігі, соның ішінде оларға қаншалықты, ескертпе 1969 жылғы ВК-на сай жасалғандығы туралы түсіндірме беруді сұраған болатын. 1996 жылы 15 мамырдағы № 06\95\С-1\1- 96 іс бойынша консультативті қорытындысында ЭС, Достастық аясында 1991 жылдан 1995 жылдар арасындағы барлық 70-тен астам халықаралық шарттарға анализ жасалып, ондағы шарттарға қалай ескертпе жасалғандығын зерттеді. Жасалған анализдің нәтижесі бойынша және 1969 жылғы ВК-ның 23-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, шартқа жасалған ескертпені, ресми түрде ескертпе жасаған мемлекет көрсетуі керек деп тапты. Сонымен қатар, ЭС өз қызметінде тараптардың өзара жасасқан халықаралық шарттарына жасаған ескертпелердің ВК-на сай бірқатар материалдық және процессуалдық нормаларда кемшіліктердің сәйкессіздігін анықтады. Аталған кемшіліктердің қатарында мынадай ескертпелер бар:

Шартта ескертпе жасауға тыйым салынғанына қарамастан ескертпелер жасала берген:

Шарттың барлық қатысушыларына қатысты, шартқа өзгерту, қосымша немесе баптарды алып тастау талабы ретінде құралады, яғни түзетулер сипатында болуы;

Барлық шарттарға қосылу, міндетті  болып табылуы;

Шарттың объектісі мен мақсатына сай емес болуы;

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер халықаралық құқықтың жалпымен мойындалған қағидаларына қайшы болып табылады. ВК-на сәйкес бұзылған процессуалдық нормалардың көпшілігі Соттың пайымдауынша, ескертпенің жасалу нормасы мен оның түсінуге қиындығымен байланысты болды. Сот сонымен бірге, Достастық мемлекеттерінің көпшілігі халықаралық шарттарға жасалған ескертпелердің шарт объектісі мен мақсатына сай келу, келмеуіне көңіл бөлмегендіктерін көрсетеді. Бұл өз кезегінде шарт бойынша міндеттілікті іске асыруға өз кедергісін келтірген. Осындай келіспеушіліктер мен шиеленістерден кейін, ЭС өзі осындай ескертпе жасаудың немесе оған тыйым салу және осылардан туындайтын құқықтық салдарлар бойынша, түсіндірме беруді жөн деп шешті. Сот осы мәселеге орай ескертпе тек қатысушы мемлекеттер ғана емес, сонымен бірге ескертпені ратификациялау, бекіту және қол қою кезінде қосылған мемлекет те жасай алады деп көрсетті. Қол қою кезінде жасалған ескертпені, егерде оның қол қою кезінен кейін күшіне енетін болса, ескертпе жеке бөлек ресми құжатта жасалуы керек.

ЭС тағы да айтып өткен мәселе, ол-қол қою кезінде жасалған ескертпе мемлекеттің ратификациялық грамотасында немесе  ратификациялық грамотаны сақтау немесе алмастыру протоколында көрсетілуі керек, егер де шартта немесе мемлекеттің ішкі процедурасында ол шарт ратификациялануға жатады деп көрсетілсе. Соттың ескертпелерге берген түсіндірмелерінің бірінде – ескертпе тек шарттың біртұтастығына қайшы келмейтін немесе шарттың ережелеріне қатысты және оның басқа қатысушыларымен орындалуына кедергі етпейтіндей мәтінде жасалуы тиіс делінген болатын. ЭС депозитарийдің халықаралық шарттардағы маңызды рөліне көңіл аудара отырып, шартқа ескертпенің көшірмесін қатысушы мемлекеттерге ақпараттандыра отырып, олардың ескертпеден бас тартуға құқығын ескертуі қажет. Егер де депозитарий ескертпе жасаған қатысушы мемлекеттің өтінішін, шарттың объектісі мен мақсатына сай емес деп тапса, өтініш жасаушы мемлекетке толықтай себебі түсіндірілуі тиіс. Депозитарий барлық шартқа қатысушы мемлекеттерде, шартқа жасалған ескертпеден бас тарта алу құқығын ғана емес, сонымен бірге сол өтініш жасаушы мемлекетпен және қатысушы өзге мемлекеттермен шарттың күшін жою туралы мәлімдей алатындығы туралы да ақпарат жеткізуі тиіс. Егер де ескертпе жасалған шарт жабық шарт болса, онда депозитари көшірмесін қатысушы мемлекеттерге тарата отырып мұндай ескертпені барлық қатысушыларға 1 жылдың ішінде тануын мәлімдейді. Тану туралы өтініш болмаған жағдайда немесе қарсылық білдірмеген қатысушы мемлекет тарапынан, онда ұсынылған ескертпе ол мемлекет үшін 1 жылдық уақыттан кейін үнсіз келісілген болып танылады.

1998 жылдың наурызында ЭС-қа ТМД Атқарушы Хатшылығынан (бұдан әрі-АХ) мынадай шарттарға түсіндірме беру туралы өтініш келіп түскен болатын: Достастық аясындағы халықаралық келісімдер және Мемлекет басшыларының Кеңесінің шешімдеріне олардың объектісі мен мақсатына сай құжаттарға қол қою сәтінде жасалған ескертпелерге қатысты түсіндірме беру. 1998 жылы 22 маусымдағы  № 01-1\1-98 3 ст.34 шешімі бойынша ЭС шарттың объектісі мен мақсатына сай келмейтін ескертпелер мен ондай ескертпенің әрі қарайғы тағдырлары туралы түсіндірме беріп кетті. 1969 жылғы ВК-ның 19-бабы бойынша «мемлекет шартқа оның мақсаты мен объектісіне қайшы келетіндей ескертпе жасай алмайды». Сонымен қатар Сот бұл Конвенция мұндай ескертпелердің құқықтық салдарын анықтамайды, тек құқықтық тұрғыдағы, дұрыс ескертулермен оларға қарсы шығу туралы (20 бап) және мұндай ескертпенің құқықтық салдарын реттейді. 1969 жылғы ВК-ның 19-бабына сәйкес мемлекет шарттың объектісі мен мақсатына қайшы келетін ескерту жасауға құқылы емес» деп көзделгендіктен ЭС-тың ойынша тек шартқа   қатысушы мемлекеттер ғана мұндай ескертпенің құқықтық салдарын анықтауы тиіс. Депозитарий мұндай ескертпелерді қатысушы мемлекеттерге толық мәтінде жіберіп, тек сол мемлекеттер ғана оны танып немесе өзгерту енгізіп және пікірін білдіруге құқылы.

ТМД қатысушылары жасаған 1997 жылғы «Ересектердің білімі мен білімді тарату аясындағы ынтымақтастық» шартында, 1997 жылғы ТМД «Әскери қызметкерлер, азаматтар, әскери қызметтен босатылғандар және олардың жан-ұяларын тұрғын-үймен қамтамасыз ету туралы халықаралық шарттарына жасалған ескертпелер ЭС-тың жүргізген анализі бойынша шарттың объектісі мен мақсатына сай емес деп түсіндіріледі. Соттың ойынша мынадай шарттарға қатысты өтініштер ұлттық заңнамаға сілтеме жасалған, Достастықтың кейбір елдерімен «екскертпе» деп танылмайды. Олар: 1992 жылғы Достастықтың Үкімет басшыларының шешімі «Мемлекетаралық кейінге қалдырыла алмайтын «МИР» теледрадиокомпаниясының дамуы» туралы Келісімнің, 1997 жылы 27 наурызында Үкімет басшылары шешімімен қабылданған «ТМД Экономикалық интеграциясын дамыту бойынша концепцияның жобасы», 1997 жылы 9 қазанындағы ТМД Үкімет басшыларының шешімімен « ТМД Экономикалық интеграциялық даму концепциясын іске асыру механизмі» туралы келісімдер. Аталған концепцияға байланысты қабылданған ТМД кеңесінің шешімінің қорытындысында ЭС мемлекет, шарттың қатысушылары, депозитарий де ескертпенің шарт мақсаты мен объектісіне сай немесе сай емес екендігіне толық түсіндірме алу үшін ЭС-қа жүгіне алатындығын көрсетті. Алайда, қазіргі таңда бұл сұраққа қатысты қарама қайшы көзқарастардың бар екендігін ЭС-тың тәжірибесінен көруге болады.

Сонымен қатар шарттың мақсаты мен объектісіне сай келмейтін ескертпелер, оны қабылдау кезінде қатысушы мемлекеттермен және жеке ЭС-тың шешімімен құқықтық салдары анықталады. 1996 жылы 15 мамырдағы № 06\95\С-1\1-96-шы консультативтік қорытындысында ЭС ТМД қатысушыларына ескертпе жасау кезінде, алдында жасалған соттың қорытындылары мен түсіндірмелеріне жүгінуді ұсынды.

Әдебиеттер тізімі:

1.      Алма-Атинская Декларация Содружество Независимых Государств от 21 декабря 1991 г. Информационно-правовая система нормативных правовых  актов  Республики  Казахстан  «Әділет».  –  Режим  доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/H910000003_. По состоянию на 20.02.16г..

2.      2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция бекiту туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы. http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z050000054_. По состоянию на 12.03.16г..

3.      ТМД елдерінің азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P030001044_.По состоянию на 12.04.16г..

4.      Нагорная, Э.Н. «Правовые аспекты современных интеграционных объединений с участием Республики Казахстан», Материалы международной научно-практической конференции 2014г. – С. 101-106.

5.      20 лет Содружеству Независимых Государств : материалы Междунар. науч.-практ. конф., Минск, 28–29 сент. 2011 г. / Исполн. ком. СНГ, Нац. акад. наук Беларуси, Межгос. фонд гуманитар. сотрудничества государств-участников СНГ ; сост.: Н. Н. Костюкович, В. В. Подкопаев, Е. А. Макаревич. –                      Минск: Беларус. навука, 2011г. – С. 606.
6.      Консультативное заключение Экономического Суда СНГ от 24 апреля 2014 года № 01−1/4−13 о толковании пункта г) статьи 9 Соглашения о порядке разрешения споров, связанных с осуществлением хозяйственной деятельности, от 20 марта 1992 года [Электронный ресурс] – Режим доступа: http://sudsng.org/download_files/rh/2014/zk_01-1_4- 13_20140426.pdf

7.      Обзор судебной практики Экономического Суда СНГ по делам о толковании межгосударственных соглашений о гарантиях социально-экономических прав
различных категорий граждан государств-участников СНГ http://sudsng.org/analytics/sudobzor/sudobzor2011/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *