Облыстық «Адал ұрпақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны форумының сценарийі


Кайыпова Улбосын Манатбековна
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығы,қосымша білім беру педагогы

Қатысушылар: Арнайы шақырылған қонақтар ( «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудан әкімдігінің білім бөлімі және аудандық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшылары, «Жас Ұлан» ұйымының үйлестірушісі), БАҚ өкілдері, ақсақалдар алқасы, ІІБ,прокуратура, жасұландықтар мен дарынды оқушылар.

(Іс-шара өтілетін орын  тақырыпқа  сай безендірілген. Аулада оқушылар қолдарында шар мен гүл, жалаушалар болады. Флешмоб билейді. Фойеде домбырашылар ансамблі күй орындайды)

«           » әніне (флешмоб) . Құлан орта мектебі  би қойылымын көрсетеді. Би басталысымен фонограммада мына сөздер жаңғырық (эхо) түрінде айтылады.

Фонограмма:  Адам бол, адал бол ,ай секілді,

Көркем бол, көрнекті бол, күн секілді !

Өмір нұрын сыйлайтұғын жас жанға

Ей, жас өрен!

(бишілерге қосыла оқушылар  бірізгі қимылмен әрі дауыспен

«Адал ұрпақ!», «Адал жол!», «Адал ұрпақ!» деп айтуы қажет)

Адал бол, Адам бол, Біз секілді!

(бас бармақтарымен өздерін меңзеген күйде бишілер мен оқушылар 5 секундтай қатып қалуы керек.Осыдан кейін би жалғаса береді. Би біткенде шарлар ұшырылады.)

Фанфар ойналады.

1 жүргізуші: Адал ұрпақ!

Оқушылар:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

1 жүргізуші: Адал жол!

Оқушылар: Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет !

1 жүргізуші: Қайырлы күн,өскен елдің өрелі ұрпақтары!

2 жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі форумға қатысушы  құрметті қонақтар!Тұғыры биік тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін атсалысатын өздеріңдей жас азаматтарды тәрбиелеп шығу және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту -бүгінгі аға буынның басты міндетінің бірі.

1ж:    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес Жамбыл облысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспардың 10.1 тармағын іске асыру мақсатында өңірімізде  «Адал жол» марафон эстафетасын өткізу  бойынша іс-шара жоспарына сәйкес «Адал ұрпақ» атты  сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумын бастауға рұқсат етіңіздер!

2ж: Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көсбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының: «Сендер-болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің-елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиялда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деуі, сіздерге көрсетілген құрмет пен айқын жол.

1ж:Ендеше, сонау бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері мен өздеріңдей жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастығы нығайтуды мақсат тұтқан және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясатын  насихаттауға  арналған аудандық  форумына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

1ж: Қадірменді қонақтар! Форумға қатысушы жастар!

1ж: Қадірлі қонақтар! Форумға қатысушы жастар!

Ендеше, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  ұйымдастыруымен өткелі отырған  Облыстық «Адал ұрпақ» атты  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны  форумының

Екеуі бірге: Ашық деп жариялаймыз!

Фанфар

1ж:                       Қазақ елі гүлдей берсін,дамысын,

Жылдан-жылға көтерілсін табысың

Біз жастармыз адал ұрпақ жалынды,

Қазағымның қорғап жүрер намысын!

 

2ж:                       Ұлы елдің өнегелі ұрпағымыз,

Биіктерде шырқалады жыр-әніміз.

Бабалардың адалдығын үлгі тұтқан,

Жалындаған Адал ұрпақ біз боламыз!

 

1ж: Қадірменді көпшілік! Қымбатты достар! Өздеріңіз білесіздер, облысымызда рухани –адамгершілік және азаматтық –патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы жасалып, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.

Олай болса, бүгінгі салтанатты шарамыздың алғашқы құттықттау сөзі ————————–  ортаға шакырамыз.

Музыка ойналады (туш)

Құттықтау сөзі.

2ж: Қазір орындалар ән шашуымыз осында отырған баршаңызға арналады. Қабыл алыңыздар.

1ж: «Болашағы елімнің» әні. Орындайтын М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің «Бибі»вокалдық тобы

Ән

1ж: Қай заманда болмасын жас ұрпақтың буынын босатпай, қанатын қатайтып саналы тәрбие беру мен рухани құндылықтарды жас буынның бойына сіңіруде аға буынның алар орны ерекше.

2ж: Ия, кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келген ағаларымыз арамызда отыр.

1ж: Аға және жас буын өкілдері арасындағы байланысты мығымда, берік қылып орнатып, жастарға жігер берген ақсақалдардың дария ақылы мен даналығы бүгінгі жасқа өнегелі өсиет.

2ж: Олай болса, жастарымызға қашанда жанашырлық танытып, оларға қолдау көрсетіп жүрген ——   ағамызды сахна төріне шақырамыз.

Құттықтау сөзі.

2ж: Келесі тамашалайтындарыңыз:

1ж: Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, өзіне – өзі сенімді, ғылыми – теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

2ж:Құрметті жиынға  қатысушы жастар! Өздеріңдей жалындаған жастарға ізгі ниетін білдіру үшін, ортаға аудандық білім бөлімінің басшысы Абуталипов Ербол Абақұлын шақырамыз.

Сөз.

1ж:Келесі тамашалайтындарыңыз ——————-      әні.

Ән

2ж: Құрметті форумға қатысушы қонақтар!Осынау салтанатты сәтте,өздерінің  ізгі ниетін білдіру үшін, ортаға ———-        шақырамыз.

Музыка ойналады (туш).

Құттықтау сөзі

2ж: Құрметті форумға қатысушы қонақтар!Осынау салтанатты сәтте,өздерінің  ізгі ниетін өз шығармашылығы  арқылы білдіру үшін ортаға ——————-оқушысын шақырамыз.

Өлең оқу

1ж:Рухани бай, жан – жақты дамыған дарынды жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп – тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда тұлғалық қасиет болады.Ендеше сондай дарын иесі, талантты жас ақын,———————– шақырамыз.(Өлеңін оқиды)

1ж: Келесі тамашалайтындарыңыз, М.Төлебаев атындағы балалар саз мектебінің «Домбырашылар» ансамблінің орындауында «Ататолғау». Қабыл алыңыздар.

 

1ж: Дәл осындай қуанышты сәтте бойларын патриоттық сезім билеп толқып тұрған жас өрендердің атынан « Қазақстан !» әнін тарту етейік. Қабыл алыңыздар!

2ж: Жасасын, Адал ұрпақ! Жасасын, Жастар!

ФИНАЛ

« Қазақстан» әні . Орындайтын БмЖО оқушысы Сатыбалды Бақберген.

Музыка ойналып тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *