Аринова Анар Габдулгазизовна


Аринова Анар Габдулгазизовна
Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысы Қызмет көрсету саласы колледжі арнайы пәндер оқытушысы

Аринова Анар Габдулгазизовна Семей қаласындағы «Қызмет көрсету саласы» колледжінде 2015 жылдан бастап  «Тамақ дайындау технологиясы», «Азық түлік тағамдарының тауартануы», «Қызмет көрсетуді және өндірісті ұйымдастыру » арнайы пәндер бойынша сабақ береді.Осы уақыт аралғанда Анар Габдулгазизовна өзін жоғары білікті маман, өз ісіне жауапты, өзіне де өзгеге де талап қоя білетін педогог ретінде көрсете білді.

Аринова Анар Габдулгазизовна алдына оқу- тәрбие міндеттерін қоя алатын да, оны кәсіби деңгейде шеше алатын, білікті де білімді шығармашылық тұрғыда жұмыс істей алатын өз ісінің маманы.Оқу үрдісінің нәтижесін арттыруға мүмкіндік беретін педогогикалық шеберлігі дамыған тұлға.Осы мақсатта Анар Габдулгазизовна өзінің сабақтарында жаңа технология элементтерін тиімді пайдаланады.

Анар Габдулгазизовнаның әрбір өткізген сабақтары жоғары әдістемелік деңгейде өтеді.Әдістемелік тақырыбы «Жаңа әдістемелік элементтерді қолдана отырып тәжірибе мен теориялық сабақтарды ұйымдастыру». Сонымен қатар Анар Габдулгазизовна оқу әдістемелік кешендерін құрастыруда да зор шығармашылық шеберлігін байқатты.

Колледж  ішінде, аудан, қала, облыс көлемінде көптеген семинар-конференцияларға, мастер-кластарға қатысып, өз тәжірибесімен үнемі бөлісіп келеді. 2018 жылы наурыз айында  «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика» колледжі ұйымдастырған «Жасыл экономика болашаққа бастар қадам» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, «Балқарағайдан эфирлік майы және оның медицинада қолданылуы» атты баяндама  оқылып   жетекшілік еткен Қайратова Құралай 3 дәрежелі диплом иегері атанды, жинақ кітапша болып аймаққа таратылды.

Анар Габдулгазизовнаның жұмысының басты мақсаты:оқушылардың таным көкжиектерін кеңейту,олардың шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту, оқуға деген ынтасын ояту.Оның тәжірибесінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін оқытудың проблемалық –ізденгіштік әдісі ерекше орын алады.Ол мына өткізген ашық сабақтардан көрініс тапқан: «Балық консервілерін дайындау технологиясы», «Бірінші тағамдар әзірлеу», «Тартылған ет массасынан котлет дайындау»

Осы уақыт аралығында ол қалалық облыстық білім беру ұйымдарының мақтау қағаздарымен марпатталды. «2015 жылдың үздік маманы»атты облыстық конкурсқа белсенді қатысқаны үшін ШҚО әкімінің орынбасарының атынан,

Шәкірттердің бойына терең біліммен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын тәрбиенің атқарар ролі зор. Бұл жолда жақсы нәтижеге тек ізденістермен ғана жетуге болатыны баршамызға аян.

Сыныптан тыс және  ашық  сынап сағатары: «Тілім менің- мақтанышым»,  «Ең үздік маман-аспаз», «Тұңғыш президент күні.Осы жылдар мынадай біліктілікті артыру курстарынан өтіп мол тәжірибе жинады: Инклюзивті білімнің оқу-әдістемелік негіздері, Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік технологиясына ауысудың ұйымдастыру –әдістемелік аспектілері

Бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз байланыс жасады:

Республикалық әдістемелік педогогикалық журнал «Колледж кәсіби білім беру» «Табиғат таңғажайыптары» тақырыбында әдістемелік әзірлеме 2014 жылы  шыққан , «Семей таңы»  газеті «Орны ерекше онкүндік », «Семей таңы» газеті 2015 жылы шыққан «Ел тірегі –білімді ұрпақ» тақырыбында мақалалар шықты.

Анар Габдулгазизовна әріптестері мен шәкірттері арасында беделді,

жұмысына тиянақты, өз пәнін жетік меңгере отырып, студенттерді мамандығына байланысты кәсіпке тәрбиелеуде улкен үлес қосуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *