«Дарынды Қазақстан»


Аханова Диана Ернарқызы, Ахметова Қымбат Төлеубекқызы, Ерматқызы Назерке, Кикимова Әсем Бейсенбекқызы, Тулқпай Айпара Қанатқызы

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 21 топ студенттері

Жетекші: Ахметова Айнұр Көбегеновна, оқытушы

 

Ел басы

 

Халқымның көш басшысы

Тәуелсіз қазақ елім

Бақ қонған ғажап елім

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім

Елімдеп,жерім деген

Адымдап сенімменен

Халқымның көшбасшысы

Еңбектен ерінбеген

Президент ең алғашқы

Қырандай самғап ұшты

Халқымның көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты

Жұртымның көшін бастап

Елімнің үмітін ақтап

Ұлтымның көшбасшысы

Бірлікті берік сақтап

Асамыз асулардан

Құламай тасулардан

Әлемнің алды болу

Ол үшін асыл арман

Үлгі боп келешекке

Балаға ересекке

Президент даңқымызды

Біз қазақпыз

Біз қазақпыз намысын отқа қайраған,

Бар әлемде бұлбұлдай даусы сайраған.

Біз қазақпыз имандымыз, тектіміз,

Кешегі өткен Махамбеттер жырлаған.

Біз қазақпыз жетімдерді ойлаған,

Жесірдің атын жамағатқа жаймаған.

 

Біз қазақпыз Абылайдың ұрпағы

Бәз қазақпыз Қабанбайдың ұраны,

Ер жүректі мойымайтын халықпыз,

Біздерді тек қиямет қана жығады.

 

Атып тұрған тәуелсіздік таңын бар,

Қуаң қазақ сенің ғажап бағың бар.

25 жыл толып отыр бұл күнде,

Құтты болсын, құтты болсын бауырлар!

Қазақстан

Қазақстан осы тоғыз әріптен құралған сөздің астарында қаншама мағына жатыр десеңші. Қазақстан Республикасы ол біздің туып өскен жеріміз, кіндік қынымыз, тамған жеріміз.Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық- нағыз жоқтық» -деп дана халқымыз бекерге айтпаған.Осындай көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өмірде тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатуымыз ол әрине ата-бабаларымыздың арқасы.

Қазақстан- көп ұлтты ел. Қазақ халқы өте қонақжай халық.Сондықтанда біз бейбітшілікте, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.Қазақстанда қаншама ұлт өілдері тұрады.Осы қаншама ұлт өкілдеріміздің арқасында біздің Қазақстан барша әлемге танымал.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына тұп-тура 25 жыл толып отыр.Осындай жылға жетуіміз, Қазақстан жерін көркейтіп, гүлдердіріп отырған ол әрине Ел басымыздың арқасы деп білемін. Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан жерін көркейту және гүлдендіру тек жастардың қолында деп айтып кеткен. Әрине тек жастар ғана Қазақстан жерін көркейте алады.

Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр.Осындай елмен әрине мақтанасын.Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел.Қазақстан да басқа елдер сияқты өзін басқа қырдан көрсетіп келеді.2017 жылы ЭКСПО 2017 үйірмесі ашылып осыған жан-жақтан басқа да ұлт өкілдері келіп тамашалады. Бұл үйірмеде Қазақстан елінің шығу тарихы және біздің экономика техника жағынан біршама дамып келе жатқанымыз көрсетілген. Осы үйірмеге бара отырып мен өзіме көп мағұлмат түйдім.Қазақстанның жаңа технологиялары дамуы ол біз үшін қуантарлық жағдай. Биыл яғни 2018 жылы жаңа заң қабылданып 2020 жылы бүкіл сыныптарға латын тілі қосылатын болды. Бұл да Қазақстанның көп тілді мемлекеттердің қатарына кіруіне септігін тигізеді. Латын тілі арқылы басқа да мемлекеттер біздің елеміз, жеріміз жайлы толығырақ біле алады.

Қазақстан менің елім, аңсағаным

Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.

Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,

Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.

демекші Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын.

 

 

Тәуелсіздік

                                   Ата бабам көксеген,

Тәуелсіздік таңы атты.

Дін,діл,тілім оралып,

Қазағымның бағы артты.

Мандайына қазақтың,

Нұрсұлтандай патшаны

Құдайым өзі жаратты.

Тату тәтті халқымыз,

Әлемді өзіне қаратты.

Шүкір Алла өзіне,

Осындай бақты бергенің,

Менде бір қазақ баласы,

Халқымның жоқ аласы.

Бой көтерген жаңадан,

Астанадай қаласы.

Тұнып тұрғой байлыққа,

Қазағымның даласы.

Осындай елдің бағы үшін,

Құрбан қылды өз басын

Қайраттай қазақ баласы!

Қазақстан

 

Менің туып, өскен жерім –Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім-көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім-Қазақстан жеріндегі бейбіт, аспаны ашық, қырандай самғаған, өмір сүріп жүрген қазақтарым.

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.
Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.
1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.
Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз.
2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан
Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді.
Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар.
Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:
Менің Отаным – Қазақстан,
Жасара бер әрқашан.
Президент ата Нұрсұлтан
Біздің елді басқарған.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Туған жер
Беу, Туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Жырды шашу болды оған бір арман.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *