Теңдеу шешу


Найзабаева Ария Ербатыровна, Нургелди  Дарина  Нуржанкызы

Рудный қаласы, “Железорудная стансасының №20 негізгі  мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі, 2 сынып оқушысы

Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Психологиялық дайындық:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Табыс тілеп тек қана

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз

Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендету

Топқа бөлу
АКТ
Сабақтың ортасы
«Ой шақыру» сатысы арқылы алдыңғы сабақты естеріне түсіру

Слайд арқылы теңдеуді талдау (сурет арқылы теңдеу құрастыру және талдау)

-Теңдеудегі белгісіз  азайтқышты табу үшін не істейміз?(белгісіз азайтқышты табу үшін, азайғыштан айырманы азайтамыз. Осы теңдеуді түсіндіре отырып шығарып жіберу)

1. Оқулықпен жұмыс

Ойлан-жұптас-топтас

а) Сандық сәуленің көмегімен теңдеулерді шешу (теңдеулерді топқа бөліп беру)

І     топ:     9-а=4

ІІ   топ:    13-в =10

ІІІ  топ:    20-с=12

І V  топ:   9-d=8

V   топ:   17-а =12

ә) Есептен теңдеу құрастыру:

І     топ:  Теңдеу құрастыр және оны шығар:

Бөшкеде 40 литр су бар еді. Гүлдерді суарғаннан кейін бөшкеде 10 литр су қалды. Гүлдерді суаруға қанша литр су кетті?

ІІ   топ:  Есепті шығар:

Бөшкеде 40 литр су бар еді. Гүлдерді суарғаннан кейін бөшкеде 10 литр су қалды. Гүлдерді суаруға қанша литр су кетті?

ІІІ  топ:  Азайту амалына теңдеу құрастыр және оны шеш:

Ілияста 7 кәмпит болған. Ол бірнеше кәмпитті жеді. Онда 5 кәмпит қалды. Ілияс неше кәмпит жеді?

І V  топ: Есеп шығар

Ілияста 7 кәмпит болған. Ол бірнеше кәмпитті жеді. Онда 5 кәмпит қалды. Ілияс неше кәмпит жеді?

V   топ:  Мына теңдеу бойынша есеп құрастыр

18-х=12

2) Сергіту сәті

3) Дәптермен жұмыс

а) Қыздар және ұлдар тобына бөлу

(Ағашқа қыздарға алмадағы тапсырма; ұлдарға жапырақтағы тапсырма)

Теңдеуді оның жауабымен қос және теңдеуді шығар

ә)Сандық сәуленің көмегімен теңдеуді шешу

Өзіндік жұмыс. (жауаптарын тақтаға шығарып өздеріне тексерту)

«Сандық калейдоскоп» (әр топ 2 теңдеуден шығару)

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады
АКТ
Сабақтың соңы
Рефлексия

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, сабақтағы көңіл күйлеріне қарай желкенді (жасыл, сары, қызыл түске бояйды)

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау-оқушылардың материалды меңгерту деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Кейбір оқушылар: Алған білімді қолдана алады. Есептен теңдеу құрастыра алады. Теңдеуді шеше алады
Мадақтау, «Үш шапалақ», «Басбармақ», «Екі жұлдыз бір тілек» әдістері арқылы бағалау
Сергіту
Сабақ бойынша рефлексия

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *