«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы»


Сарбаева Айгуль Абуовна

Қостанай ауданы “Глазунов орта мектебі”ММ”қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттаумыз керек. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі – өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім – өмірдің шырағы.

Соған орай қазақта “Білім кілті – тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым.Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі.«Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып – қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да аузын толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Өзінің тыңдаушысын бірден баурап әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің,» – дейді жазушы Қабдеш Жұмаділов.“Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз.
Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *