Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу


Ешпанова Әйткүл Ермекбайқызы

Денисов ауылы, №3 Денисов орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу ережелерімен танысып, негізгі формулаларды қолданып есептер шығаруды үйрену.

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
-Алгебралық бөлшектердің көбейтіндісін және бөліндісін қалай табу керектігін біледі.
Басым бөлігі:
– Алгебралық бөлшектерді қалай түрлендіруге болатынын үйренеді.
Кейбір оқушылар:
-Күрделі алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу амалдарын қолдана отырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланып есептерді шығара алады.

Бағалау критерийлері
1. Алгебралық бөлшектерді көбейте алады.
2. Алгебралық бөлшектерді екінші алгебралық бөлшекке бөлуді орындай алады.
3. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды біледі.
4. Көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Бүтін өрнектер
Бөлшек өрнектер
Алгебралық бөлшектер
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту
Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу
Қосынды- сумма- addition
Квадрат- квадрат- square
Куб- куб- cuba
Бөлшек- дробь- retail
рационал- рационал- rational

Құндылықтарға баулу
Оқушылардың сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру,сын тұрғысынан ойлау, шығармашылыққа баулу, қалыптастырушы бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау.
Оқушыларды шағын топтарға біріктіремін.
Оқушылартөл теңгеміз ақшамен екі топқа бірігеді.
I- топ: Көбейту- 10000 тг;
II- топ: Бөлу- 5000 тг
Психологиялық дайындыққа екі топ оқушылары математикалық тілде бір-біріне тілектерін айтады.
Үй тапсырмасының дұрыстығын тақтада көрсетілген слайдтың көмегімен Көршіңді тексер әдісі бойынша тексереді және де бағалау парақшасынада дәл осылай бірін-бірі бағалап отырады. Дұрыс жауапқа – 2 ұпай, жартылай жауапқа – 1 ұпай қойып отырады. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында Кір жаятын жіптегі тапсырмалар әдісі қолданылады. Бұл әдісте оқушылар түрлі-түсті киімдердің бірін таңдап артында тұрған тапсырмаларды орындап жіптен жинайды. Сұраққа дұрыс жауап берген топқа жалаушалар беріп отырамын.
1.a-b=(a-b)(a+b), мысал келтіріңіз. 2.(a+b)=a+2ab+b, мысал келтіріңіз. 3.(a-b)=a-2ab+b, мысал келтіріңіз. 4.a+b=(a+b)(a-ab+b), мысал келтіріңіз. 5.Бөлімдері бірдей және әр түрлі алгебралық бөлшектерді қалай қосады? Мысал келтіріңіз. 6.Бөлімдері бірдей және әр түрлі алгебралық бөлшектердің айырмасын қалай табады? Мысал келтіріңіз.

Бағалау критерийлері:
Дескриптор

Қысқаша көбейту формулаларын мен, алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін еске түсіру
Қысқаша көбейту формулаларын біледі.

Сұрақтарға жауап бере алады.

Бөлімдері бірдей бөлшектерге келтіре алады.

Бөл
мдерін бірдей ортақ бөлімге келтіріп,амалдарды орындайды.

Екі топ бір-біріне ауызша кері байланыс береді.Сендердің ойларыңша I- топта үздік жауап кімдікі болды? Неліктен олай деп ойлайсыңдар?

Қима қағаздары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *