Тіл жүйрікте кім жүйрік?


Умирзакова Данагуль Кыдырсиковна
«Т.Масин атындағы ЖОББМ» КММ мұғалімі

Мақсаты: 1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;

(сыныптан тыс іс-шара бастауыш  сынып оқушылары   қатысады.)

Мұғалім:

– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
Тілім менің-тірлігім,

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің, тілім менің-тірлігім -дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған сыныппен  таныстырып өтейін.

1 сынып оқушылары: Утарбаев Асылжан, Хайролла Арнұр  , 2 сынып  оқушылары: Сағынжанқызы Дана,  Зайнуллина  Даяна, 3-сынып оқушылары: Биляж Әліби, Биболат  Асылжан, 4 сынып  оқушылары: Есенгелді  Нүргелді, Нұрсапа Нұрғанат сияқты   оқушыларын ортаға шақырайық.
– Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері: Тәрбие  ісінің орынбасары: Ержан  Сансызбайұлы , Мейрамгүл  Сейсемәліқызы,  Самал  Ильясқызы. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы   бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
– Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Әр сыныптың білгірлерін сайлады.

 

– Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:

1. Таныстыру

2. Жұмбақтар  шеруі

3. Білімді мыңды жығар(сұрақ -жауап)

4. Өлең өрнегі(берілген  суреттер  ішінен сурет таңдап өлең құрастырады.)
5. Адасқан  әріпті  орналастыр.
6. Тілім- менің тірегім(шығарма жазу)

1. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өздерін  таныстырады.

– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
.     2. Жұмбақтар шеруі:
1-сыныпқа: Жолбарысқа  ұқсайды.                          Қалың киім  ұнатады.

Тышқанды  ғана ұстайды.(мысық)      Шешіндерсең  жылатады. (пияз)

Бұрап   қойған  сағаттай,  айқалайды  таң  атпай  (әтеш)

2-сыныпқа:  Көк  лағым  көгінде  жатып  семіреді. (қарбыз)  Аяғы бар жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді (Бағдаршам)

Ақ  сандығым  ашылды, ішінен  жібек  шашылды ( аспан мен жұлдыз)

 

3-сыныпқа:  1. Еркелеп  жатамын, қаңтарда  қатамын (көл)

2. Тілі бұлдыр,  үні  сылдыр (жаңбыр)
3. Таңмен  көзін  ашады, әлемге нұрын  шашады.(Күн)

4 сыныпқа: 1.Тыңдап  әнін, өлеңін, үйден  кино  көремін (теледидар)

2. Тамақ  іше  қоймайды,  тек   адамша  ойлайды (компьютер)

3. Тізбектелген  көк  үйлер,  көшіп  жүрген  көп  үйлер (пойыз)

– Осы бөлім бойынша әр топтың ұпай сандары сұралады.
3 бөлім: «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.

1.сыныпқа: -Біздің  президентіміз  кім?
– Қ.Р.Мемлекеттік  рәміздерін  ата?

– Әнұранның  авторы  кімдер?

– Төрт  түлік  малдың  төлдерін  ата?

– Апа-апа  құйрығымды  берші.жоқ  бермеймін алдымен  менің қатығымды төле.Қандай  ертегіден  үзінді?
2.сыныпқа: -Қазақ  тілінде  неше  әріп  бар?

– Біздің ұлтымыз қандай? Қай  тілде  сөйлейміз?

– Тілдер  күні қай  айда, қай  күнде  болады?

– «Кел  балалар  оқылық» өлеңін  жалғастыр?

– «Кітап»  сөзінде  неше  әріп неше  дыбыс  бар?

3сыныпқа:  –  Атасының  аты Жұмабай, әкесінің  аты-Бекен, әрі  қарай жалғастыр және  бұл  ақынның  аты  кім?
–          Абай  атамыз  айтқан  5-дос, 5-дұшпанды  ата? (5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

– «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы.

–  Заттың  атын  білдіретін  сөздер  қалай  аталады?

– Ғылым  таппай  мақтанба? Кімнің  өлеңі?
4 сыныпқа: -Жеті  қазынаны  ата?

– Үш  би деп  кімдерді  айтамыз?
-«Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы

– Заттың  санын  білдіретін  сөздер  қалай  аталады?

– Ыбырай  Алтынсарин  қай  жылы   дүниеге  келді?
4 бөлім «Өлең  өрнегі» берілген  суреттерді суырып  сол  сурет  бойынша өлең  құрастырады. (үй  жануарларының  суреттері)

5 бөлім:  Адасқан  әріптерді  орналастыр.( сайыскерлерге  қағаз  үйлестірледі)

1- сыныптың  тапсырмасы:  Өздерінің аты-жөндерін  жазып  береді.

2-сыныптың  тапсырмасы қыла, шабсы, абта

3- сыныптың  тапсырмасы: қрбазы, қзақа, қоуқлы.

4- сыныптың  тапсырмасы:  қзнтақас, қкүыйрке,лтжонсеқа.

6 бөлім: «Тілім  менің  тірегім» тілдер  күніне  шығарма  жазу тапсырылған  болатын   жазған  шығармаларынды   әділ   қазылар алқасынаа тапсырыңыздар.
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады.
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста  өз білімдерін  көрсеткен оқушыларымызға да рахмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.

Ана тілсіз тарих та жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге аса алмайды

Желмаяның үстінде желіп тұрып;

Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *