Сыныптан тыс іс-шара «Қызықты биология»


Тулеуова Асел Кантуреевна

Қасым Ахмиров атындағы ЖОББМБКМ биология пәнінің мұғалімі   

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.

Міндеттері:

Ø Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;

Ø Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;

 

Сабақ түрі: интеллектуалды ойын

Сайыстың барысы:

 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

8 – 10 сыныптар арасында өткізілетін «Қызықты биология» атты танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: Ақыл – тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, – деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі ойынға әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысады. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың лидерін, топтың атын, және девизін ойластырасыздар, сонымен қатар сіздерге берілген эмблеманың мәнісін түсіндіресіздер. Ол үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топта сайлаған лидер таныстырады.

2-жүргізуші: Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 4 раундтан тұрады:

I раунд: Викторина

II раунд:Үй тапсырмасы

III раунд: «Білгенге маржан»

IV раунд: Пантомима

1-жүргізуші: Олай болса I раундымызды бастаймыз. Онда келесідей ережелер мен шарттар белгіленген:

·        Бірінші бастау құқығы жеребе арқылы шешіледі;

·        Сұрақтар 5 категорияға бөлінген, әрбір категорияда 10 баллдан 50 баллға дейін бағаланған сұрақтар берілген, сұрақты таңдау топтың еркінде;

·        Берілген сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сұраққа белгіленген балл топтың қоржынына кіреді;

·        Ал дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, жауап беру құқығы қарсыластарға беріледі;

·        10-30 баллға дейінгі сұрақтарға 30с, ал 40-50 баллдық сұрақтарға 1 мин-ке дейін уақыт беріледі, жауап дайын болған жағдайда уақытты тлқтатуға болады;

·         Сұраққа бір ғана нақты жауап қабылданады;

2-жүргізуші: Сондай-ақ ойында келесідей жеңілдіктер қарастырылған:

·        «Сәттілік!» – топ берілген сұраққа дұрыс жауап қайтарған жағдайда, балл саны екі еселенеді, дұрыс жауап қайтармаса балл топ қоржынынан алынбайды.

·        «Өз ойыным» – топ берілген сұраққа балл санын көтеруге не түсіруге құқығы бар.

·        Сұрақ-аукцион – бір топ екінші топтың сұрағын сатып ала алады.

1-жүргізуші: Ойын шарттары сіздерге түсінікті ме? Олай болса бастайық, іске сәт!

 

1-категория: «Ең.,ең.,ең..»

10. Дүние жүзіндегі ең алып құс? (түйеқұс)

20. Ең тез өсетін өсімдік? (бамбук)

30. Ең ежелгі астық дақылы? (бидай)

40. Ең тереңде өсетін балдыр? (қызыл балдыр)

50. Теңіз жануарларымен жасалған ең үлкен құрылыс? (Үлкен барьерлі риф)

2-категория: «Логика биологияда»

 

10. Бала аяғы жоқ тоғыз, басы жоқ алты, ортан белі жоқ сегіз балық ұстады. Барлығы нешеу? (0)

20. Бес адамға бес алманы бөлу керек, әр адам бір алманы алса, бір алма себетте қалу үшін қалай бөлеміз? (бір адам бір алманы себетпен қоса алады)

30. Сұрақ-аукцион. Асқабақтың дұрыс өнуіне және пісуіне 60 күн қажет. Егер 1 маусымда дәнін ексек, оның дәнін қай уақыттан бастап жинаймыз?(30 шілде)

40. Тоғыз бас, жиырма екі аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (екі ешкі, жеті тауық)

50. Еуропалықтар бұдан 400 жыл бұрын картоптың дәмін білген. Ал Ресейде картоп I Петр кезінде 1700 жылы әкелінген. Ресейліктер бұл өсімдікпен неше жылдан бері таныс? (314 жыл)

3-категория: Әзілді биология

10. Қандай зиянкес көбелектің атын, химия пәнінде жиі қолданады? (моль)

20. Сәттілік: Қайсысының аяғы көп: бес осьминогта ма әлде төрт кальмарда ма? (бірдей)

30. Бірдей екі зебраның болуы мүмкін бе? (жоқ)

40. Арыстан мықты ма әлде жолбарыс мықты ма? (жолбарыс)

50. Китті акула (китовая акула) адамды толығымен жұта ала ма? (жоқ, ол тек планктондармен қоректенеді)

4-категория: «Мозаика»

10. Екі ағзаның селбесуінен құралған табиғи индикатор? (қына)

20. Қандай аурудың аты латын тілінен аударғанда «тұншықтыру» деген мағынаны білдіреді? (ангина)

30. Қазақта «түйме» деп қандай жануарды атайды? (жылан)

40. Жапонияның елтаңбасында бейнеленген «ақ айдаһар гүлі» қалай аталады? (хризантема)

50. Американың Брюнкс қаласында хайуанаттар бағының қызметкері баққа кіре берісте кәдімгі айнаны іледі де, астына жазу жазып қояды. Онда не жазды деп ойлайсыздар? (Сіз жер бетіндегі ең қауіпті жыртқышты көріп тұрсыз….)

 

5-категория: « Биологиялық жұмбақтар»

 

10. Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады? (жапырақ)

20. Мойны сұрақ белгісі. Бұл қандай көл құсы?  (аққу)

30. Көк ала шапан киеді, күннің көзін сүйеді? (қарбыз)

40. Ақ көйлекті көк желек,

Орманда орны бір бөлек.

Әннің аты деседі,

Сызды жерде өседі, бұл не? (қайың)

50. Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп? (тырна)

 

2-жүргізуші: Жақсы, осымен ойынымыздың бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жинаған баллдарыңызды санап шығып, айтыңыздар.

1-жүргізуші: Келесі раунд «Үй тапсырмасына» көшейік, 1-ші ойында анықталған ретпен көрсетесіздер. Бұл ойында , әр топтың жұмысын 10-нан 50 баллға дейін бағаланады.

2-жүргізуші: Екінші раундты қорытындылау үшін  сөз беріледі.

1-жүргізуші: Олай болса үшінші раундымызды бастаймыз. Әрбір топқа сұрақ қойылады, сіздер бірден жауап берулеріңіз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 баллдан беріледі және ол топ қоржынына қосылады.

 

2-жүргізуші: Соңғы шешуші раундты бастаймыз. Ол «Пантамима» деп аталады. Бұл кезең «Кракодил» ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.

1-жүргізуші: Бұл ойынның шарты сөйлеуге болмайды, сөйлеген жағдайда есептелмейді. Әрбір дұрыс табылған сөзге 10 баллдан беріледі, әрбір суретке 40 с уақыт беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса бастаймыз!

2-жүргізуші: Енді ойынымыз қызықтырақ болу үшін тапсырманы қиындатамыз, енді сіздер қандай да бір биологиялық процесті табуларыңыз керек, мысалы тыныс алу, жеке даму деген сияқты. Ол үшін 2 немесе 3 адам шығуына болады, сіздерге күрделігіне қарай 1 мин уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 20 балл беріледі.

2-жүргізуші: Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Өздеріңіздің жинаған баллдарыңызды санап шығыңыздар.

 

Рефлексия.

 

Сізге ойын ұнады ма, қандай әсер алдыңыз? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұнамаса, не нәрсе көңіліңізден шықпады

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ойынның қай бөлімі сізге ерекше ұнады? Қойылған сұрақтар сіз үшін қиын болды ма?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сіз бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?

 

 

1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Қызықты биология» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *