«Күн шуақты көңіл күй»


  Сайкенева Гулбану Кайнулдиевна
«Балдәурен» балабақшасының педагог –психологы

Мақсаты:балалардың сөйлеу және психикалық дамуындағы бұзылыстардың алдын алу үшін қолайлы психологиялық ахуал құру, педагогтардың балалармен, әріптестерімен, ата-аналармен жақсы қарым-қатынас түрлерін қолдануды игеруі.

Акция өткізілуі жағынан уақытты үнемдейді  (ұзақтығы 2 аптаға дейін), оқу мен тәрбие ісіне кедергі жасамайды, балалардың, ата-аналар мен педагогтардың көңіл-күйлерін көтереді, ұжымды жақындастырады, отбасы мен балабақшаны біріктіреді.

 

«Күн шуақты көңіл-күй» акциясы

Мақсаты: балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын бекіту; өз көңіл-күйі арқылы жақын адамдарына деген құндылықты қалыптастыру.

Өткізу әдістері:

–                     балалар мен ата-аналар арасында «Біздің көңіл-күйіміз» тақырыбындағы әңгіме;

-күншуақтың бейнесіндегі қабырға суреті, суреттегі күншуақтың ұштарына балалар мен ата-аналардың фотосуреттері бекіледі, 4 түрлі-түсті ленталар.

Таңертең балабақшаға келген ата-аналар мен балаларға қазіргі көңіл-күйі қандай екенін сұралады, сол көңіл-күйін білдіретін лента күншуақтың ұшына байланады. Қызыл – көңілді, жасыл – салмақты, көк- көңілсіз, сары – мазасыздық, ренжіген  күйді білдіреді.

Аталған әдіс ата-аналарға баланың және өзінің көңіл-күйін анықтауға көмектеседі.

 

Мақсаты:

– балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын, құрдастары мен тәрбиешілерімен арасындағы өзара қарым-қатынасты бекіту;

– жақын адамдары мен құрдастарына жағымды қатынас жасауды қалыптастыру;

– балалар ұжымының тығыз бірлікте болуын дағдыландыру;

– балаларды ата-аналардың, тәрбиешілердің бағалауы.

Өткізу әдістері:

-ересек және дайындық тобы балалармен «Менің достарым» тақырыбындағы әңгіме;

– балалар суретімен достық хатын дайындау.

Балаларға кейде өз сезімдерін, көңіл-күйін білдіру қиынға соғады. Сөйлеуде коммуникативті дамымау себепті балабақшада өз қатарластарымен және үлкендермен қатынас жасауда қиналады.

Балалармен әңгіме өткізгеннен соң хат жасауды ұсынады. Оның ашық жағына өз суретін салады да, өз атын жазып қояды. Дайын хаттар киім шкафтарына ілінеді.

Хатқа балалар бір-біріне арнаған жазуды, қызықты ашық хатты, ойыншықты, суретті салады. Бұны олар бір-біріне бірдеңе айтқысы келгенде, не қуанту үшін жасайды. Ойын бәрін қызықтыратыны сонша, олар кейде хатты күніге бірнеше рет қарап шығады.

Ойынға міндетті түрде ата-аналар мен тәрбиешілер қатысады. Балалар жақын адамдардың: ата-аналардың, әжесінің, атасының  мейірімін, сүйіспеншілігін сезінуі керек.

Ал бұның өзі тәрбиешіге топтағы балалардың жетістіктерін қолдап, бағалап отыруына мүмкіндік береді.

Мақсаты:

– балабақшада жағымды ахуал тудыру.

Өткізу әдісі:

– «Жандауа» жеген жазуымен маңдайшасы және қалташалары бар терезесі бар үйшік стендісі.

Дайындық жұмысы:

– стенді үлгісін дайындау;

– жағымды сөздер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған қағаздар «Жандауаға» салынады.

Мысалы:

Сен күлсең, әлем де саған күледі.

Баланы тек өзімен тең санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін айта алады.

Әкенің бала алдында істей алатыны – оның анасын жақсы көруі.

Адамдар жалғыз. Өйткені бір-бірімен көпір салудың орнына, қабырға тұрғызады.

Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі – атан-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан».

Кім гүл іздесе гүлді табады, кім арам шөпті іздесе арам шөпті табады.

Бақыт құсы кімнің алақаны ашық болса соған қонады.

Бір-бірін тыңдау – киелі ғылым.

Адамдар әйнегі бар терезеге ұқсайды. Олар күн шыққандай жадырайды, шуақ шашады. Ал түн қараңғылық кезде оның жан сұлулығы ішкі сәуледен шашырайды.

Түсіндірме:

«Жандауаны» жеке түрде де, семинар, тренинг, топтық кеңес, дөңгелек үстел өткізуде кіріспе бөлімінде қолдануға болады.

Таңертеңгі уақытта педагогтер мен ата-аналардың көңіл-күйін көтеру,  қуат беру үшін балабақшаның фойесінде қабырғаға ілуге болады.

Босаған қалташалар қайтадан жақсы сөздер жазылған қағаздармен толтырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *