ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Төледияров Рүстем Елубайұлы, Фазилов Жомарт Абдиманапович

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің оқытушылары

Аңдатпа: Бұл мақалада студенттердің білім беру және тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениетінің оларды жан-жақты дамыту бойынша аса маңызды пәндердің бірі ретіндегі маңыздылығы зерделеніп, қарастырылады. Дене мәдениеті бойынша оқу үдерісінің концептуалды бағыттылығы мемлекет мүддесін, азаматтардың денелерін жетілдіруге деген қоғам сұранысын, оларды еңбек біліктілігіне және әлеуметтік белсенді өмірге даярлауды жүзеге асыру болып табылатыны жүйелі мазмұндалған. Сол сияқты студенттерге білім беру және тәрбиелеу тиімділігі оқытушының жоғары кәсіби біліктілігі, яғни барлық оқу және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу шеберлігіне байланысты екені сипатталған.

Тірек сөздігі: Диагностика, рухани, педагогика, информатизациясы, концептуалды бағыттылық, білім беру, оқытып, үйрету, бағдарлау, өздігінен дамыту, дене дайындағандығы, дене мәдениеті.

Дене мәдениеті студенттерге білім беру және тәрбиелеу үдерісінде оларды жан-жақты дамытудағы маңызды пәндерінің бірі болып саналады.

Дене мәдениетімен және спортпен шұғылдану барысында студенттердің жан-жақты дамуын іске асыру үшін мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:

–          денсаулықты нығайту;

–          дене мәдениеті мен салауатты өмір сүру бейнесі негіздерінен білім дәрежесін меңгеру;

–          дене және психологиялық сапалардың ұтымды деңгейіне жету;

–          өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене мәдениеті мен спорттық қызмет тәжірибелерін іс-жүзінде пайдалана білу.

Жоғары оқу орындарында дене мәдениетін оқытудың тәсілдерін қалыптастыру және зерттеудегі білім беру үдерісінде студенттердің жан-жақты дамуы міндеттерін шешуге ұмтылуды қамтамасыз етеді.

Дене мәдениеті бойынша оқу үдерісінің негізгі бағыттылығы мемлекеттің мүддесін, адамдардың дене даярлығын жетілдіруге деген қоғам сұраныстарын, оларды тәжірибелі, маманданған еңбекке және әлеуметтік белсенді өмірге даярлауды іске асыру болып табылады.

Жастарды тәрбиелеу оқытушылар мен студенттердің барлық қызмет  шараларына қатысты оқу-тәрбие үрдісін демократизациялау, дифференциялау және гуманизациялау, мәдени, табиғат, аймақтық қозғаушы күштерді есепке алу арқылы жүзеге асады.

Дене мәдениеті бойынша оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру – бұл білім беру мақсатының, оқытып, үйрету мазмұнының, оқытушылар мен студенттердің өзара қарым қатынасының логикалық байланысы. Бұл міндеттерді шешу мемлекеттік білім беру стандартының, нормативтік және әдістемелік құжаттардың айқындалған талаптарын сәйкестікте жүзеге асырады.

Студенттерді дене даярлығына  оқытып, үйрету және тәрбиелеу – бұл көп жоспарлы үдеріс. Әртүрлі оқытып, үйрету кезеңдеріне қарай оның мазмұны мен түрлері өзгереді және ол өмір сүру жағдайы және қызмет динамикасына, студенттің жас ерекшелік өзгерісіне байланысты жүзеге асады.

Оқытып, үйрету үдерісі ретінде дене мәдинетінің маңыздылығы рухани және дене күштерін үйлестіру, денсаулық, психикалық орнықтылық, дене жетілуінің жоғары көрсеткіштерін қалыптастыру арқылы көрінеді.

Дене мәдениетінің негізгі қызметі жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытып, үйрету тәрбиелеу және дамыту болып табылады.

Дене мәдениеттінің негізгі мақсаты студенттердің салауатты өмір бейнесін қалыптастыруға, оларды саналы еңбекке, және әлеуметтік қарым-қатынысқа белсенді қатысуға даярлауды қалыптастыру болып табылады.

Соңғы кездері дене мәдениетіне оқытып, үйрету мазмұнды гендерлік педагогикаға ерекше назар аударылуда, яғни жас өспірімдер мен бойжеткендерді оқытып, үйрету мәселелерін жүзеге асыруда олардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктері еспке алынап жүргізіледі.

Дене мәдениеті бойынша бағдарламада оқытып, үйретудің мақсаттары мен міңдеттері, сол сияқты әрбір оқу тарауын оқытуға бөлінген сағат саны, білім және біліктілігін тексеру және бағалау тәсілдері, қажеттілік туындаған жағдайда практикалық сабақтарда студенттерге қажетті жәрдем берудің мүмкін варианттары көрсетілген.

Қазіргі таңда студенттерді оқытып, үйрету және тәрбиелеуде өскелең өмір талабы бойынша білім беру үдерісінің талаптарына сәйкес студенттерді жан-жақты дамытуға және денелерін жетілдіруге бағытталған дене мәдениетінің кешенді шаралары, әдістері мен түрлері қолданылады.

Дене мәдениетіне оқытып, үйрету мына төмендегілермен жүзеге асады:

–          жеке дене белсенділігі негіздерін меңгеру;

–          дене мәдениеті бойынша білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру;

–          үйлесімділік қабілеттерін дамыту;

–          өздігінен дене мәдениеті-сауықтыру және спорттық қызмет дағдыларын жетілдіру;

–          ерік-жігер, адамгершілік сапалары мен ақыл, ой қабілеттілігін дамыту [1].

Студенттердің дене мәдениетін тиімді меңгеруі үшін оқытушылар өздерінің тәжірибесінде оқу қызметіндегі әртүрлі белсенділікке тәрбиелеудің мына тәсілдерін пайдаланады:

–          қазіргі заманғы ақпараттық және қатынастық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру;

–          студенттердің спорттық бағытталған жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға іскерлік қатынас;

Педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыру дегеніміз мыналар:

–          дене мәдениетімен және спортпен шұғылдануда оқытып, үйретудің мақсатты бағыттылығын артыру және мотивациясын күшейту;

–          шығармашылық әдістерін және оқытып, үйрету үлгілерін қолдану;

–          оқытып, үйретудің қазіргі заманғы құралдарын және компьютерлерді пайдалану;

–          диагностика мәселелеріне назар салуды күшейту және студенттердің білімдерін, біліктілігін және дағдыларын бағалау [2].

Дене мәдениеті бойынша білімдерді табысты меңгерудің маңызды талабы – бұл оқытып үйретуде қызметтегі іскерлік тәсілдерді жүзеге асыру.

Қызметке іскерлік қатынастың мәні, мұнда оқытушы сабақ кезінде студентке дайын білім және біліктілікті меңгеруге ғана бағдар беріп қоймайды, сонымен бірге оқу тапсырмаларын (жаттығулар) орындауға шығармашылықпен келуін қалыптастыруға да назар аударады.

Іскерлік қатынасты жүзеге асыру кезінде оқытушыға өз әрекетін студенттің дене мәдениеті және спорттық жүктемелердің қандай да бір түрлерін орындау қабілеті мен мүмкіндіктеріне сәйкес үйлестіру қажет.

Мұндай тәсілді өмірде жүзеге асыру дене мәдениетімен және спортпен шұғылдану үшін тиімді жағдай жасауда ресми тұлғалардың жауапкершілігі бекітілетін, сәйкес құжаттармен рәсімделеді.

Дене мәдениеті мен спорт саласындағы білім беру жүйесіне ұсынылатын талап оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық ерекшеліктері есепке алынып, жеке тұлғаның үйлесімді үндестікте дамуын қалыптастыруға бағытталған.

Тәжірибе көрсеткендей, еліміздегі осы заманғы жоғары оқу орындарында жоғары адамгершілік, ерік-жігер, рухани-өнегелілік және психологиялық сапаларды меңгерген, денелері жан-жақты дамыған мамандарды даярлау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған.

Дегенмен, оқу үдерісін жандандыру, оны компьютерлендіру, жаңа оқу пәндерін ендіру, дене және жүйке-психикалық жүктемелерінің артуына жиі ұшыратады.

Компьютерлік техниканың жабдықталуындағы тез өзгерістерді меңгеру үшін дене мәдениетімен тікелей байланысы жоқ теориялық және практикалық білімнің үлкен көлемін игеру қажет. Бұл ақпараттарды тез және дәл қабылдауды және өңдеп, дайындау, назарды ұзақ уақыт жұмылдыруды және қайта бөлуді, басқару құралдарымен манипуляция жасау кезінде қозғалысты үйлестіруді талап етеді.

Тұрақты назар аударуға күш түсуі, әрекеттің дәл және өз уақытында орындалуы, арттырылған жауапкершілік ағзаға артық жүк түсіруге және қажуға әкеледі.

Оқытып, үйретуді күшейту кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтауы үшін студенттерге дене мәдениетімен шұғылдануда қалыптасатын дене және психологиялық сапаларын меңгеру қажет.

Дене мәдениеті мен спорттың білім беру жүйесінде, бұл педагогиканың негізгі ұғымдарын іске асырумен тікелей байланысқан оқытып, үйрету және тәрбиелеудің міндетті және бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Бұл жалпы педагогикамен бірігу үдерісі оқытушы мен студенттердің өзара әрекеттестікте әдістері мен құралдарын пайдалануында көрінеді. Бұл үдерістің нысаны студент пен оқытушының өзара әрекеттестігі болып табылады, ал дене мәдениеті және спорт педагогикасы жалпы педагогиканың бұл өзара әрекеттестігінің жалпы мақсаты бар, яғни кәсіби дайындықтан өткен, әлеуметтік бағытталған жеке тұлғаның сипаты мен сапасын қалыптастырады.

Дене мәдениетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеуге педагогикалық қызметтің жалпы және жекелеген заңдылықтары, сол сияқты өзіне тән ерекше сипаттары тән. Сонымен, шұғылдану кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен дене даярлықтары міндетті түрде ескеріледі, оқытушы оқытып, үйретудің өзіне тән ерекше формалары мен әдістерін, яғни дене жаттығуларын, спорттық жаттығуды және т.б. пайдаланады.

Сонымен бірге дене мәдениетінің психологиямен тікелей байланысын ескеру қажет, өйткені дененің саулығы оқушылардың психикалық жағдайына тікелей байланысты.

Студенттердің дене қабілеттерін жетілдірудегі педагогикалық үдеріс адамның биологиялық табиғатына тікелей әсер етумен байланысты. Бұл үдерістің тиімділігі дене мәдениетіне оқытып, үйретудің әдістері мен құралдарының қайсы түрін қолдану адам ағзасының биологиялық ерекшеліктері мен спорттық медицина талаптарын білуге негізделген жағдайда ғана жүзеге асады.

Дене мәдениеті талаптарын меңгеру студенттерге мына мүмкіндіктерді береді:

–          басқа пәндер бойынша үлкен білім көлемін меңгеру;

–          жақсы және өте жақсы жағдайда дене даярлығын бабында сүйемелдеу;

–          алға қойылған мақсатқа сәйкес оқу қызметінің сапасын арттыру.

Осындай бейнеде, білім беру жүйесінде дене мәдениеті жалпы педагогикамен тығыз бірлікте болады. Олар бір-бірін толықтыра отырып, бірегей мақсатқа жетуді, яғни дені және жаны сау, рухани бай, жоғары біліктіліктегі мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Компьютерлік оқу бағдарламаларының арасында ерекше орынды тестілік компьютерлік оқу бағдарламалары алады. Қазіргі таңда тест тапсырмаларының жүйесіне кіргізе алмайтын пән саласы жоқ. Сондықтан, берілген оқу курсының шегінде кез келген пән үшін және кез келген тақырып үшін бағдарламаның бұл түрі қолданыла алады.

Кез келген оқу курсының мазмұны шегінде компьютерлік оқу бағдарламасын пайдалану мақсатқа сәйкес келмейтін (тестілік оқу бағдарламасынан басқа) оқу жоспарының тақырыптарын бөліп қарауға болатынын атап өту қажет. Мұндай тақырыптың басымдық танытатын мысалы ретінде материалды әңгіме түрінде мазмұндау.

Компьютерлік оқу бағдарламасын пайдалану талап етілетін оқу тақырыптарын анықтау бойынша дене мәдениеті мен спорттың оқу курстарын сараптамалық бағалау келесі бағыттармен іске асырылуы мүмкін:

1)      компьютерлік оқу бағдарламаларымен толық қамтамасыз етілуі мүмкін оқу жоспарының тақырыптар саны;

2)      компьютерлік оқу бағдарламаларын қолдану мақсатқа лайықты болатын оқу жоспарының тақырыптар саны;

3)      нарық базарындағы бар компьютерлік оқу бағдарламаларымен (тестілік те ішінде) қамтамасыз етілген оқу жоспарының тақырыптар саны.

Дене мәдениеті мен спорттық оқу-тәрбие саласын компьютерлендіру үдерісінде компьютерлік бағдарламаны оқу жоспарының барлық тақырыптары бойынша пайдалану міндетті емес, өйткені оқытып, үйрету үдерісінде оқу ақпараттарын беру және оны меңгерудің басқа жолдары талап етілетін күрделі, ерекше тақырыптар бар екенін басшылыққа алу қажет.

Бұл оқу бағдарламасының оқытып, үйрету мазмұнына, мақсатына, міндеттеріне, оқу материалдарын қажетті дәрежеде меңгеру деңгейіне байланысты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Кузнецов В.С. Теория и методика физической культуры. М., ФиС. 2012.

2. Холодов Ж.К, Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания. Учебние пособие для ИФК. Москва, «Академия», 2003. (266-278б.).

3.Ильинич В.И. Физическая культура студента. Москва, Гордарики, 2007г.

(380-397б.)

4. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Оқу құралы. Түркістан, 2007ж. ( 98-111б.)

5.Әбділлаев Ә.К., Мухамеджанов Б.Қ. Дене мәдениеті. Түркістан. 2008ж.

(201-213б.)

6. Кайнова Э.Б. Общая педагогика физи ческой культуры и спорта. Москва. ИД. «Форум»-Инфра-М.2007 (14-18с)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *