Абуева Лазат Тургановна


Абуева Лазат Тургановна

Қазақстан Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп химия пәні мұғалімі

Абуева Лазат Тургановна Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе ауылында көпбалалы отбасында 16.10.1961 жылы дүниеге келдім. Мектеп бітіргеннен кейін Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде аға тәлімгері болып жұмыс атқардым. 1980-1985 жылдары Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогика институтын  химия және биология мамандығы бойынша бітірдім.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарғанмын. 1990 жылдан бастап қазіргі кезге дейін  Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде химия пәнінен дәріс беріп жүрмін. Әр сабағымды, тренингтерді, коучингтерді түрлендіріп, жаңа технологияларды, түрлі стратегияларды қолдaнып мұғалімдерге көмектесіп отырмын. Оқушыларда ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттері дамып, әр түрлі олимпиадаларға, интеллектуалды ойындарға белсене қатысып жұр. Әрбір сабақты қызықты өткізіп, оқушыларды, мұғалімдерді шығармашылыққа итермелеп , ішкі жан дүниесін қозғайтындaй сезімдерін оятып отырмын . Ойы ұшқыр, зерек тұлғаны қaлыптастыру үшін, әр сабaқ жоғары деңгейде өтілуі үшін көп ізденіп, көп үйреніп,көп оқып отырмын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *