Дауренкулова Жанар Куанышбековна


Дауренкулова Жанар Куанышбековна
учитель начальных классов Средняя школа имени Мухаммеда Хайдара Дулати

Мен, Дауренкулова Жанар Куанышбековна Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылында көпбалалы отбасында 26.05.1970 жылы дүниеге келдім. Мектеп бітіргеннен кейін  Қаратау қаласында Политехникалық институттында оқып бітірдім. 2001-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», бастауыш сынып мұғалімінің дипломын алдым.

Менің сыныбым үшін  оқытудағы жаңа   әдіс – тәсілдер   өте маңызды. Сыныбымда 20 оқушы бар , барлығы толық отбасынан шыққан балалар, дендері сау, жұмысқа қабілетті. Сыныпта оқи алмайтын, әріп танымайтын оқушы жоқ. Сабақтарды  Блум таксономиясы  әдісімен  құрамын, алты деңгейге байланысты сұрақтар мен қызықты тапсырмалар  дайындаймын.  .Мұғалім сабақта реттеу, бағыт-бағдар беру, жүйелеу қызметін атқару арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге, топтық жұмысты, өзін-өзі және өзара бағалау біліктілігін дамытуға ықпал етері анық. Нәтижесінде – оқушы  жауапкершілігінің, өзіне сенімділігінің артуы байқалады.Әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділігін көре білуі – мүғалімнің маңызды міндеттерінің бірі. Оқушылардың  бірлескен оқу арқылы жұмыс жасау өте тиімді.Топ ішінде қарым-қатынас жасау – оқушының өзіндік дүниетанымын қалыптастырады, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы , оку сапасын арттыра түседі.  Әр-алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасы мен жауапкершілігін арттырады. Қазіргі кезде ұстазға қойылатын басты талап – сапалы білім беру  және дарынды оқушыларды анықтау. Сондықтан мен де педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға жұмыс жасап отырмын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *