«АНА ТІЛІМ АЛТЫН ҰЯМ ҚҰНДЫЗЫМ»


№43 «Гүлдәурен» МДҰ-ның  тәрбиешісі: Сандигалиева Салима Жаукенқызы

Жанерке: Қазақ тіліім – тірлігімнің ай»ғағы.

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен, де бірге өсемің,

Өшсе тілім,мен де бірге өшемін.

22 қыркүйек Қазақсткан Республикасының тілдер күні мерекесімен құттықтаймыз      Досжан: «Ана тілім алтын ұям құндызым» атты апталық кешімізге қош келдіңіздер!Мектепалды даярлық топтарының,балғындарын ортаға шақырайық.

(Музыка әуенімен балалар залға кір)

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты  тәрбиешілер мен балалар! «Тіл адам жанының тілмашы,тілі кем болса,адамның қор болғаны» деген екен.Тіл- тарих  тереңіне бойлатып,өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі.Тіл- әрбір елдің,ұлттың мақтанышы.Тәлім- тәрбие тілден басталады.

Тіл дегенім- түсіністік құралы,

Тіл арқылы адам бәрін ұғады.

Татулық та,бірлік,достық,береке,

Бәрі- бәрі осы ұғымға сияды.

 

 

Жүргізуші:Балалардың  «Ана тілді құрметтейік» атты көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс: «Ана тілді құрметтейік»

Бекжан:Осы тіл не үшін керек? Деген сендерге  сұрақ қойғым келіп отыр.

Бекбол: – Досым –ау ,тіл бір- бірімізбен сөйлесу, түсіну үшін қажет қой. Тәрбиеші апайлар «Тіл – қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?

Бекжан:-Жарайды, тіл қарым-қатынас құралы –ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе  бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

Ақылбек:кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзінде халықтардың да өз анасы, өз тілі , өз Отаны бар емес пе?

Айн:Ана- тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан. Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін айтып берейін.

Ана тілім- бала шағым өркенім,

Ана тілім- болашағым, ертеңім,

Ана тілім- сайын далам, жер көгім.

Ана тілім- арман, ойым, өрнегім.

Ана тілді білмесем, шат- шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

Бекбол:Керемет екен.  Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың өлең шумағын  тыңданыздар.

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім- мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшермін.

Бекжан:Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғабит  Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!   Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Ол тек отбасы ,ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл.

Ақылбек:Иә, иә оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып 4 бабында   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі» екені жазылды.  Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

Бәрі:  Ана тіліді  қастерлеп, құрметтейік!

 

Жүргізуші:Мақал сөздің мәйегі дей отырып мақал- мәтелдерге кезек берейік.

1.Отан үшін отқа түс күймейсін.

2.Отан от басынан басталады.

3.Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

4.Қорқақта отан жоқ.

5.Отан қуат,отбасы шуақ.

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық.

3.Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

4.Туған жерге туынды тік.

5.Найзасыз ер болмас,

Таңбасыз ел болмас.

1.Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шуағы.

2.Оқу инемен құдық қазғандай.

3.Күш білімде.

4.Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

5. Оқу түбі тоқу.

Жүргізуші:   Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын

Ана тілім, егер сені білмесем.- дей отырып тақпақтарға кезек берейік.

Тақпақтар.

Жүргізуші: «Жаңылтпашты жаңылмай айт»

1.Төсек үстінде төрт бөрік,

Төртеуіде көк бөрік.

2.Сұрап Мұрат,

Коньки тап.

Байлап,майлап,

Аттай шап..

3.Шағала көл шетіне қонды,

Қара қарға жол шетіне қонды.

4.Тұз – мұздай,

Мұз – тұздай.Жүргізуші:Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!

Жан-дүниеңжарқырап сала берер,

Ағарыпкележатқанатыптаңдай.

Ән: «Туған жер»

Жүргізуші:  «Бәрін білгім келеді?» -дей отырып жұмбақтарға кезек берейік.

1.Қабат- қабат қаптама.

Ақылың болса аттама.

(Кітап)

2. Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі.

(Қарындаш)

3.Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(Жуа)

4.Ағайынды.барі

Шықса көк,түссе сары.

(Жапырақтар)

Жүргізуші:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл,ағылшын тілі- жахандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»делінген.

(Ағылшын,орыс тілі мұғалімдерінің кіруі)

Ойын: «Кім көп біледі?» Шарты: Суреттерді үш тілді айту.

 

Ән: «Анамның тілі»

Жүргізуші:Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.- дей отырып «Ана тілім алтын ұям құндызым» атты апталық кешімзді аяқтаймыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *