Открытый урок на тему «Қазақ сазгерлерінің домбыраға арналған күйлері »


Кожекенов Бектибай Карекеевич

г. Актобе СШ №14 учитель музыки

Сабақ  мақсаты :

1.Оқушыларды сазгерлердің өмір жолдарымен таныстыру. Шығармаларына тоқталу  арқылы  музыкалық  білімдерін  тереңдету .

2.Оқушылардың ән айту, музыка тыңдау қабілеттерін , ойлау жүйесін және шығармашылығын дамыту.

  1. Үлгілі , білімді болуға және Отанды сүюге , құрметтеуге және патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Сабақ  түрі :                аралас  сабақ .

Пәнаралық байланыс : тарих, әдебиет .

Сабақ әдісі : деңгейлеп оқыту   әдісі, даралап оқыту әдісі.

Дидактикалық  материалдар : кеспе қағаздары, тест сұрақтары .

Сабақ  көрнекілігі :    сазгерлердің суреттері , Отан көрінісі , «Отырар сазы» оркестрінің суреті ,  сөзжұмбақ .

Пайдаланатын  аспаптар : домбыра , баян , күйтабақ.

Сабақ  барысы :       1.Ұйымдастыру  кезеңі.

  1. Өткен сабақта үйренген «Ауылым» әнін хормен  айтқызып  естеріне түсіру, үш – төрт оқушыдан шығарып дайындықтарын тексеру .  Өткен сабақты жаңа сабақпен  сұрақ – жауап арқылы байланыстыру, бағыт беру .

 

3.Жаңа сабақ .

І. Сөзжұмбақ  арқылы жаңа сабақтың  тақырыбын  ашу (интерактивті тақта)

С ұ р а қ т а р ы .

  1. Күй анасы кім?
  2. Білім , сабақ сөздерінің синонимі .
  3. Өнер түрі .
  4. Ақын , сазгер , әнші .
  5. Бірлік , достық сөздерінің синонимі .
  6. Музыка тыңдайтын құрал .
  7. Ұлы ақын , данышпан , сазгер .

ІІ. Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы .

Қ.Сағырбайұлы (1806 – 1879) – қазақтың күйші – сазгер, домбырашы,халық музыкасындағы аспаптық музыканың классигі . Ел аузындағы аңыздарға қарағанда Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі ХІХ ғасырдың 30 жылдарындағы шаруалар көтерілі-

сін бастаған Исатайға арналған . Құрманғазының 50-ден астам күйі бар . Халық арасында есім -дері белгілі Дина , Мәмен , Көкбала сияқты күйшілер Қ.Сағырбаевтың шәкірттері болып есептеледі .(күйлерінен үзінді тыңдау)

ІІІ. Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы .

Д.Нұрпейісова (1861 – 1955) – дәстүрлі халық күйшілерінен сусындап , үлгі – өнеге алған ұлы күйшілердің соңғы буыны . Дина 1935 жылға дейінгі шығарылған күйлерінің көпшілігі оның өмір сәттерімен тығыз байланысты . «Байжұма», «Жігер», «Жаңа бозшолақ», «Қарақасқа

ат», «Тойбастар», «Жеңіс» тағы да басқа көптеген күйлері бар. Соныңбірі шығыстың ұлы ғұламасы Әлішер Науаиға арналған «Науаи» күйі.(күйлерінен үзінді тыңдау)

ІҮ. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы .(күйлерінен үзінді тыңдау)

М.Өтемісұлы (1804 – 1846) – халқының қамын жеген батыр, ұлы ақын, күйші . Ол Исатай -мен бірге 1836 – 38 жылдары Қазақстанның батыс аймағында кеңінен өріс алған халық көтері- лісін басқарып , бай-шонжарларға қарсы күресті . Ел тілегінің жоқшысы Махамбеттің өршіл де отты жыр – толғаулары мен күйлері халықты жігерлендіріп ,ерлікке шақырды . Оның «Қайран Нарын», «Жұмыр ,Қылыш» жәнетағы да басқа күйлері халқымыздың күй өнерінде ерекше орын алады.

Ү. Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы . (күйлерінен үзінді тыңдау)

Н.Тілендиев (1925 – 1998) дарынды сазгер , дирижер және жетекші.Ол фольклорлық – этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Н.Тілендиев – халыққа кеңінен танымал «Алатау», «Құстар қайтып барады», «Өз елім», «Саржайлау» ,«Ата толғауы», «Көш керуен»сияқты   көптеген ән – күйлердің авторы .

ҮІ. 2000 жыл – елімізде мәдениетті қолдау жылы болып аталып өтті . Осы жылы сазгер, зерт- теуші Ж. Еңсепов жаңа музыка жанрын әкелді . Ол – ДЭККО деп аталады . (домбровой электроаккомпонемент).Қазақстан Республикасының Авторлық құқықтары жөніндегі агенттігі

ДЭККО жанрына №637 куәлік берді.

Енді осы жанрға өзгертіліп жасалған күйлерді тыңдап көрейік .

ҮІІ. Сергіту және білімді тереңдету сәті . «Әуенді тап» ойыны .

а) «Қамажай»

ә) «Бипыл»

б) «Ақ көгершін»

в) «Жау – жау , жаңбыр»

ҮІІІ. Тест сұрақтары таратылады .(Оқушылар тест сұрақтарының жауа-

бын белгілеп жатқан кезде С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі

тыңдалады )

ІХ. Сабақты  қорытындылау .

  1. Өткен тақырыпқа , сазгерлерге тоқталу .
  2. Қандай күйлер  тыңдадық .
  3. ДЭККО жанрында  орындалған  күйлердің  ерекшеліктері.

Х.   Оқушыларды  бағалау .

ХІ.  Үй  тапсырмасы :

  1. Өтілген тақырып  бойынша  түсінік  айту .
  2. Басқа сазгерлердің  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы мәнжазба  жазып  келу .

     3.  Әндерді  қайталау .

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *