«Ана аса қымбатты жан» Утренник.


Итжанова Бакытжан Тлеубековна
воспитатель г.Караганда, КГКП «Ясли-сад «Ақбота»

Мақсаты:

Мерекелік көңіл-күйін құру, ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру. Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым»

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қолдарында шарлары бар, әдемі әуен ырғағында  билейді.
Тәрбиеші: – Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерінің «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 – ші Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән: «Оянғанда түнде жұбатып»
Тәрбиеші: – «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Аяулым

Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен

Ананы жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем

Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны.

Медина

Қамқорым да сенсің ана,

Сенсің ана ақылшым да.

Ұланыңды қасыңа алып,

Бастай бер алыс шыңға.

Жүретінім сенің жолың,

Жалтақтамай, аялдамай.

Асыл анам өмір бойы,

Ұшамын мен саған қарай.

Ерсейіт

Өмірдің иесі сен, ғазиз ана.

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусәр бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Мирас
Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!
Айшуақ:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

 

Карина

C днем 8Марта!

С праздником весенним!

Льется пусть повсюду

Звонкое веселье!

Пусть смяет солнце!

Пусть уйдут морозы!

Пусть прогонит зиму

Веточка мимозы!

Алихан
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық
Би: «Аналармен»
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)
-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайымымын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстағы кәмпитті аштырады,

тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Өз балаңды тап»
2- Кәмпиттегі тапсырма :
Ән: «Әжетайым»
Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» – деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайымы» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.

Абылайхан
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!

Ақылбек

Өмірге ана бұлақ ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанына

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Әлмәди
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекеңмен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

Әмина
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

Абдуллах
Маму любят все на свете,

Мама первый друг

Любят мам не только дети,

Любят все вокруг

Інжу:

Әлімжан
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

3- кәмпиттегі тапсырма:
«Частушки» (ұлдардың орындауында)
Енді балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық:

Найла:

Жарқын жүзді жан анам.

Сендей болсын бар адам!

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Сенсің, ана, жан күші,

Сендей болсын бар кісі.

Сендей болса бар кісі.

Шексіз перзент алғысы.

 

С.Әбілмансұр

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім алып келді.

Қуанышты күнде енді,

Құттықтаймыз сіздерді.

Бәрімізге анасың,

Біз үшін, күн болып жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймыз анашым!.

 

Д.Әбілмансұр

Құрметтейік о адамдар аналарды,                                                                                                                                                                                                     Бізді өмірге әкелген даналарды.                                                                                                                                                                                                                                                         Себебі Ана деген асыл жан ғой,                                                                                                          Ойлауменен істелік әр қадамды.

Айдар:

С днем 8 марта

С праздником весенним!

С радостным волненьем

В этот светлый час!

Дорогие наши,

Добрые, хорошие.

С днем 8 марта

Поздравляем Вас!

 

Алан

Қандай жақсы қараңдаршы жан-жағына,

Күміс-күлкі сыймай тұр залға мына

Аналардай бақытты жан болар ма екен,

Қол жеткізген аңсаған арманына

 

Асужан

Өскенде мен енді,

Аралаймын әлемді.                                                                                                                                             Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өйткені мен әжемді.

Өте жақсы көремін

Жарас:

Май мазэ не вери ноис

Шиз беатуфул айс!

4- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Кім епті» (аналармен)

5- кәмпиттегі тапсырма:
Би: «Жауқазын»

Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)