«Берекелі,алтын күз!» Утренник.


Мұсафарханова  Айгүл  Қадырқызы
воспитатель г.Караганда, КГКП «Ясли-сад «Ақбота»

Жүргізуші:

Береке бақ  дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз!

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мереке?

Балалардың жауабы: Алтын күз мерекесі

Дұрыс айтасыңдар  балалар.Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабы:Күзде күн суыта бастайды,жапырақтар сарғая бастайды,жеміс-жидектер пісе бастайды.құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше күз ырғағы әнімізді айтып берейік.

Ән: Күз ырғағы.

Жүргізуші:Жарайсыңдар орындарыңа отыра қойыңдар.Кәнекей енді күз туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

 

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.         Нүрия

Алақай, алақай

 

Шаттанды балақай.

Мереке салты күз!

Мереке алтын күз!            Анель

 

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.        Әмина

 

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың  іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.     Арнай

 

 

Жүргізуші:Балалар сендердің ойнағыларың келеме?

Балалар: Иә

Жүргізуші:Онда балалар жердегі шашылып жатқан жапырақтарды тез жылдам жинап алайық.

Ойын: «Кім жылдам»

(балалар отырады, сол кезде тарсылдаған жаңбырдың даусы естіледі)

Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп  жатыр.

(Жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Бұлт:

Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын

Қаламсам қазыр сендерге

Жаңбыр болып жауамын.

(балаларға жаңбыр шашады).

Жүргізуші:

Жаңбыр жаумай, тоқтай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр.

Саяғынды түгендеп,

Үйіріңді соқпай тұр.

Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.

Ән: «Жаңбыр»

Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты.

Күн келеді:

Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.

Бұлт:

Күн, күн, тоқтай тұр!

Сөзіме менің құлақ тұр.

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

-Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!

Күн: Жоқ, мен мықтымын!

(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)

Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін  Күзді  қонаққа  шақырайық. Бірақ ол үшін ортаға балапандарымызды шақырайық,сол кезде күз де бізді байқап, өзіде келіп қалар.

Би: «Балалапандар»

Жүргізуші:Жарайсыңдар балапандар отыра қойыңдар.Ой балалар күз біздің биімізді байқамаған  сияқты.Мүмкін күз туралы тақпағымызды айтармыз.

 

Өрік, шие, балы бар,

Қауын, қарбыз көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге алмасын демейді.       Зере

 

Алтын, алтын, сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.         Аружан

 

Келді алтын күз менің,

Молшылық күз-береке күз,

Береке  күз-мерекеміз!              Мейіржан

Әуенмен ортаға күз келеді

Күз келеді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ырысқа толы қоймалар!

Сабан тойы тойланар,

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртын байланар.

-Сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз! Сезді шақырған біздің балалар. Алтын күз,  бізге көмектесші. Бұлт пен күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.

Күз:Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар, Күн мен  Бұлтты татуластыру үшін,бұлт пен күн ойынын ойнайық.

Ойын:  «Бұлт пен күн»

(Ән ырғағымен балалар билеп жүреді,әуен тоқтағанда балалар қолшатырға тығылады.Ойын 2-3 рет ойналады.)

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар отыры қойыңдар.Алтын күз біздің балалар сізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.

Күз:Әрине айта қойыңдар.

Күзім – ау, күзім – ау

Мінезің бұзық –ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.      Нұршат

 

Жемісі мол терегі,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.     Кәусар

 

Берекесін сыйлауға,

Ортамызға күз келді.         Нұрай

Күз:

Жарайсыңдар, балалар!

Күн менен Су бар жерде

Бау-бақшада гүлденер.

Күн мен Бұлт тату болса

Бәрі де көңілді.

Ормандар да әр жерден

Саңырауқұлақтар көрінді.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жүргізуші: Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз біз кішкентай әнін айтып берсін.

Ән: «Біз кішкентай баламыз»

Жүргізуші: Енді ортаға  аналары тіккен «Алтын күз – 2014» ару қыздарын  ортаға шақырайық!

Ортаға:1)Токенова Анель.2)Тұрсын Медина.3)Уалихан Айша.4)Мағауина Асылжан.5)Дүйсенбек Мәриям.6)Мәди Раяна

Жүргізуші: Жарайсыңдар ару қыздар.

Күз: Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?

(Қыздарымыз сән үлгісін көрсетіп жатқан кезде Күн мен Бұлт себеттегі  жапырақтарды алмаларға айырбастап қояды).

Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз сиқырлы екен!

Күн: Олар тәтті алмаларға  айналып кетіпті.

(Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді)

Бұл алмаларды балалар топқа барған соң,қолдарыңды жуып жейсіңдер.

Күз: Ендеше, ешқашанда дауласпандар, дос болыңдар!

Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Балалар, міне біздің «Берекелі,алтын күз»мерекесі аяқталды.

Бірақ күз бізбенен әлі қоштаспайды.

Біз далаға серугенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып!

(Балалар ән ырғағымен залдан шығады).