«Асқақтай бер-Астана!»


Тәліп Айсәуле Нүркенқызы
Тараз қаласы № 30 мектеп гимназия 6 «Б» сынып оқушысы
Жетекші: Барақбаева Ляйлә Нұрбекқызы

Астана-Қазақстанның бас қаласы.

Көк туды көкке ілгізген,

Ғаламға құлақ түргізген,

Заманға пырақ мінгізген,

Түндері бірдей күндізбен

Бұл Астана менікі!

Д.Мәсімхан

 

Астана-әсем қала.  Ұлы даланың төрінен орын алған еліміздің бас қаласы –Астана 20 жас мерей тойын атап өтті. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Еліміздің тәуелсіздігінің ордасы, жастар қаласы. Өзінің әсемдігімен әлемге танылған Астана жылдан жылға көркейіп, өркендеп келеді. Ерорданың түлеу мен түрлену кезеңі әлі алда. Елордада бой түзеген «Астана-Бәйтерегі» тәуелсіз Қазақстанның бейнелі белгісі іспетті. Астананың бүгінгі көркі бойымызды тіктеп, жанымызды шымырлатып сұлулықпен ерекше күйге бөлейді. Бой көтерген әсем ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілге ерекше күй беріп, сүйіспеншілікке жетелейді. Сондықтан да Астананың 20 жылдық мерей тойы Қазақстандықтар үшін тәрбиелік мәні мол, маңызы зор.

Ел мерейін өсірер жетістіктер Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында Астана асқақтап еліміз кеңінен қанатын кеңге жаюда.

Астананың жиырма жылдығы аталып өтуі, оған өзге елдерден қонақтардың келуі елімізге деген үлкен құрмет.

Мереке құшағындағы  Астана құлпырып, сән-салтанатын асқақтата түскен.  Осы кеште ән де, жыр да түгел Астанаға арналды.  Мен де шығармамды Астананың  төл мерекесіне арнай отырып, Асқақ тай бер- Астана!-деп тілек айтамын.