Бала тәрбиесіндегі ойынның рөлі


Сембаева Шолпан Айтмаганбетовна
 ТОО «Одарешка» балабақша тәрбиешісі

 

Баланың дамуы мен мінез-құлықының қалыптасуында сүйіспеншіліктен кейінгі,екінші рухани азық ойын.Ойынсыз өткен балалық шақ сүйіспеншілік көрмей өтумен тең.

Бала үшін ойын-өмірді танытатын құрал іспеттес.Ойын барысында неше түрлі қиындықтарға ұшырасқан бала,сол қиындықтарды жеңуге тырысу арқылы өмірге бейімделеді. Әлеуметтік қарым-қаынасты,қоғамдық ісәрекетті ойын арқылы (үйшік-үйшік,дәрігерлік,дүкен, т.б ойындар) үйренеді.Қиял күші шарықтап,ойын қимылдары арқылы баланың бұлшық еттері күшейеді.Бала достарымен бірге ойнау барысында  тек уақытын көңілді өткізіп қоймай,сонымен қатар сөздік қоры,ойлау өрісі кеңейіп,жылдам жауап беру,тез шешім қабылдау,т.б қабілеттері жетіле түседі.Ішкі  көңіл күйі мен жігерін ойын арқылы сыртқа шығарады.Яғни,бала санасының дамуы мен кісілік қабілетінің қалыптасуында ойынның рөлі үлкен.Осы тұрғыдан психологтар бала үшін ойынды өмірлік маңызы бар қажеттіліктердің бірі деп санаған.Тіпті кейбір ауруларды ойын терапиясымен емдеуге болатынын айтқан.Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп сіңіреді және ой-жүйесі дамиды.

Тапқырлыққа,шыдамдылыққа,ептілікке,қиялдауға,ойлауға,табандылыққа дағдыланады.

Халқымыз «ойнай білген,ойлай біледі» деп бекер айтпаса керек.Ойынның мазмұны адам мен армандарды айқындайды.Өздері де соны байқамастан,балалар ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады.Бала үшін ойын өмірдің жалғасы.Бала алған рөлдеріне сай кейіпкерлердің киімін киіп қимылын дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады.Көркемдік сабақтардан (ән-күй,шығармашылық сабақтары) алған білімдерін пайдаланады,мысалы:қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді,шығармашылық сабақтарда жасаған ыдыс,үй жиһаздарын,қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұны-бейнелі ойынның ерекшелігі:оны балалардың өздері жасауында,ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.Бұл ойындар қысқа да,ұзақта болуы мүмкін.Әр ойын-ол баламен үлкен арасындағы қарым-қатынас:бұл кезде бірге өткізген бақытты шақтар олардың бірлескен өміріне қуаныш пен шаттық сыйлайды.Егерде біз жылы шырайлылық танытып,қуанышты жағдай жасасақ,ойын бала дамуына және бізбен деген коммуникативті қарым-қатынасына жағымды ықпалын тигізеді.Баламен ойнай отырып,біз олармен бірге түстермен танысып,заттардың қасиеттерімен танысамыз,кеңістікті бағдарлай отырып,өсімдіктер мен жануарлар туралы білеміз.Бірлескен ойындар барысында балалар өз-өзін үлкен ұжымның бір бөлігі санай отырып,өзінің әрекеттеріне және құрдастарының әрекеттеріне әділ баға беруге үйренеді.

Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс.Бүгінгі таңда дидактикалық,сюжеттік,спорттық,ұлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды.

Дидактикалық ойыдардың негізгі міндеті ақыл ойын дамыту,білімін байыту ,білім-білік,іскерлік дағдыларды игертеді.Дидактикалық ойын баланың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді.Ойынды өлең мен қимылмен ұштастырады.

Сюжетті-рөлді ойындар баланы кішкентайынан бастап,белгілі бір мамандыққа бейімделуін қалыптастырады.Мысалы: «ұшқыш», «дәрігер», «құрылысшы» т.б.с.с

Ойын арқылы балалар ересектерге еліктеп ,олардың іс-әрекетерін,қарым-қатынастарын,еңбектің мәнін түсініп адамгершілік  нормаларын меңгереді.

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары  «Орамал тастамақ», «Тақия тастамақ», «Ақ сандық,көк сандық, «Ақ серек пен көк серек, «Хан талапай» т.б.с.с. Ұлттық ойындар арқылы балалар халқымыздың мәдениетімен танысады.

Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін,сондай-ақ ойын жағдайлары арқылы балалардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады.Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі,яғни тәртіпті,өзін-өзі басқаруды жетілдіреді.

Ойынның тілді дамытуда орыны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға рөлтиеді де,олар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп сөйлейді.Ойынның мәні – баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып- білуіне жол ашу.Ойын халықтық педгогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады.

Бала ойын арылы өзінің өмірден байағандарын жүзеге асырып,айналасындағы адамдардың іс-қмылдарына еліктейді.Үй мен отбасы ойынның мәтінін құраса,ол отбасына деген сүйіспеншілікте,ойындық әрекетті қалыптастырады.Балалар біртіндеп топтағы барлық заттарды ойынға араластыруға,болатындығына көздерін жеткізеді.Сәбилер ойыншықтарды көргенде ойынға қызығушылығы туып,кейін ойын әрекеттерін ойластырады.Ойынды қабылдап және ойын әрекетін қиялдап,ой-өрісінен өткізу,мектеп жасына дейінгі баланың жаңа дамуы болып саналады.Ойын мақсатына жету ол баланың жан-жақты алынған әсерлеріне,білімдеріне байланысты.

Кеңестік педагог А.С.Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар,сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз қажет.Балалардың барлық-өмірі-ойыннан тұрады» -деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен!

Ойын баланың баланың жан серігі.

Қортындылай келе ойын баланың ақыл-ойы дамуы үшін ғана маңызды емес,ол оның тұтасымен тұлғасының дамуына маңызды деп білемін.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Макаренко.А.С «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары» Алматы 1952ж

2.Жұмабаева.Ф.Н «Мектепке дейінгі педагогика» Астана 2008ж

3. Выгодский.А.С «Психология» 1966ж