«Үштілділік-заманталабы»


Сарбасова Гүлсім Қалдыбекқызы

Қызылорда қаласы КМҚК №14 «Самал» балабақшасының әдіскері

Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте «,-деп ақынжырлағандай өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны  баулысақ өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да  «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. « Бұл-заман талабы»- деген елбасының қағидасына сүйене отырып,қазіргі таңда балабақшадан бастап үштілділікті меңгертіп, сауаттылыққа күш салынуда.  Осы орайда ауыр жүк артылып отырған тәрбиеші –ұзтаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде  еңбегі зор.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жыл  10 қаңтардағы  «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  жолдауының жетінші бағытында «Адами капитал-жаңғырудың негізі» деп білім мен денсаулық саласына тоқталған болатын .Балабақшадан бастап үштілділікті меңгерсек , балалардың өз елінің жаһандық бәсекеге қабілетті болып өсу  нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп,кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануғада мүмкіндігі болады –деп атап көрсеткен болатын.

Елбасымыздың  Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету мақсатында  Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты  Сағыныш Өмірсерікқызы Абуова  басқарып отырған  КМҚК №14 «Самал» балабақшасында  «Үштілділік-заман талабы» атты  қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсат- Елбасы  Жолдауының жетінші  бағытындағы  білім берудің жаңа сапасы, мектеп жасына дейінгі балаларға үштілділікті меңгерту. Балалардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру. Бағдарлама бойынша   Ересек «Алпамыс «тобының тәрбиешісі : Беркімбай Айгүл;  3 жылдық еңбек өтілі бар  жас маман.  «Жаратылыстану» оқу қызметі бойынша «Күн нұры, Ауа не үшін қажет» тақырыбында оқу қызметін өткізу барысында балалармен зерттеу жұмысын ,Воскобовичтің әдістерін, ойын технологиясын қолдана отырып  көрсетті.

Ортаңғы  «Жауқазын» тобының тәрбиешісі : Жунусова Бота; 5 жылдық еңбек өтілі бар тәрбиеші.« Комуникация» саласы ,  орыс тілі   бөлімі бойынша «Витамины» тақырыбында оқу қызметін жаңа технология әдістерін қолдана отырып,  балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында өткізді. Балалар орыс тілінде еркін сөйлеп, оқу қызметіне қызығушылық танытты.

Ағылшын тілінде ересек «Алпамыс» тобыныңII санатты   тәрбиешісі : Раймбекова Ботакөз   «Жеті лақ» ертегісін ағылшын  тілінде сахналады. Балалар  ағылшын тілінде ертегіні сомдап,  барлық қатысушыларды таң қалдырды.

Семинар соңында балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, ән -жырдан шашу шашты

Балабақшамызда биылғы жылы көптеген жақсы жұмыстар атқарылып , жүлделі орындарға қол жеткізіп келеміз.

«Бар еңбегін –балаларға» – деп, аянбай  жұмсап келетін тәрбиеші апайларымыздың   да үлесі көп десек те болады. Атап айтатын болсақ, Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Сүйкімді бүлдіршін» байқауына  Дөңес Мерей қатысып 1 орынмен ,  қалалық мәдениет және тілдер бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген  «Аяз-ата мен Ақшақарлар» сайысына  Бегман Айзере мен  Қаражан Ғани , «Бас киімдер» шеруі байқауына   Бақытжанқызы Малика қатысып,  бас жүлдені жеңіп алды.  Балабақшамыздағы осындай жетістіктерге  жеткізіп отырған  тәрбиеші апайларымызды атап айтсақ-  Раймбекова Ботакөз,  Сеилова Айгүл, Тасбергенова Жазира,  Махатова Гулжазира, Балымбетова  Гүлмира, Қапанова  қаракөз,Мусаева Гүлназ,Кистауова Диля апайларымыздың   бала тәрбиесіндегі еңбектері зор  десек артық айтпағандаймыз. «Келешекке кемел біліммен»-  деп , елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей,келешекке терең біліммен қадам басып,әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім,өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны даярлау -біздің міндетіміз.