Астана көрікті қала


Жангабулова Нургуль Рашидовна

Рудный қаласы әкімдігінің “Перцев негізгі мектебі” КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Математика пәнінің мұғалімі ретінде менің мақсатым – сабақ барысында оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолдану. Қашанда шебер ұстаз барлық қиындыққа төтеп беріп, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастырып, тақырыпты жүйелі түсіндіріп отырады. Өз сабақтарымда деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін жиі пайдаланамын. Әр өткен жаңа тақырыпты оқушыларға шығармашылық ізденіс үстінде меңгертуге тырысамын. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға үнемі проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде оқушылардың табиғи жеке қабілеттеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне және дарындық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Оқушыларымның даму деңгейін өзгелермен емес, оқушының өзімен – өзін салыстыру арқылы анықтадым. Бұл дегенім оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Ал сабақтан тыс уақытта оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру үшін үлгерімі төмен оқушының білім сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Деңгейлеп оқыту игерілетін ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технология оқушының ой – өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсатым – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады. Олай болса жаңа технология арқылы шәкірттеріміздің білімін еселей берейік!