Мәңгілік ел ұрпағын тәрбиелеу – басты парызымыз


Жумагулова Санимгуль Тышканбаевна

Қамысты әкімдігі білім беру бөлімінің “№2 Қамысты орта мектебі” ММ бастауыш сынып мұғалімі 

Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.  «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауы ұстаздар қауымына   үлкен жауапкершілік жүктейді. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» деп          Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады.

Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты.

Бастауыш сыныптың әдебиеттік оқуында кездесетін Асан қайғы – елдің ертеңінің жарқын, еркіндігі мен бақытының баянды болғанын армандап, қазақ жерінің түкпір-түкпірін аралап, жайлы қоныс табудың жолын іздеген данышпан. Оның аңсағаны елді орнықтыратын жайлы мекен тауып, елдің мәңгілігін жаңғырту еді. Оның іздеген жерұйығының мәні халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір сүретін құтты қонысты табуда болды.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен  тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті.Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып та жатыр.

Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де оқушылардың  бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу  – алда тұрған басты міндеттердің бірі.

Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы – «Мәңгілік ел» идеясы.  Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.    Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік! «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс.Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары.
Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз”Мәңгілік ел” боламыз. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерімен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді. Сондықтан, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мақсаты – ұлттың ұлттық болмысын сақтап қалу болып табылады. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық идеяның өзекті болуы да осыдан.

Ал, идеология болса, ол – рухани дүниенің ең жоғары сатыға көтерілген түрі. Бұл – қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени сұраныстарынан туындап, оның заңдылықтарын қоғамдық пәндерде ескере отырып жүргізілетін ғылыми теориялық ауқымды тұжырым, даму жолын белгілейтін ұғым. Сол себепті, «Мәңгілік ел» идеясын, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деп тануымыз керек.Ел мен тіл егіз ұғым. «Мәңгілік» сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – ана тілімен тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы шарт.     Ол – мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ана тілімізді – мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Яғни, алдына қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құмар, рухы биік ел ғана «мәңгілік ел» болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса, Елбасы салған сара жолдан таймай, елдігіміз бен туған тілімізді мәңгілік ету үшін ғылыми білім беруде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде ойға ой қосуды қалыптастырудың маңызы ерекше.

Баршамызға белгілі, тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты – экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Сондықтан, «Мәңгілік ел» идеясын осы мақсатқа жеткізетін «ұлы идея» деп айта аламыз.

Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.  Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мемлекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея негізінде біздің елдің болашағы қалыптасты. Ал оның негізгі құндылығы азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімнің мәртебесін көтеру, зайырлы ел – толерантты ел болып табылатындығының айғағы. «Мәңгілік Ел» идеясының бастамасы отбасы, ошақ қасынан бастау алатыны бәрімізге мәлім.   Ендеше, «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жобасының іске асуы тағы да бір дәлелі. Қазіргі таңда білім берудің барлық сатысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ескере отырып, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сезімге тәрбиелеу бағдарламалары да қолға алынуда. Отбасы –тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі – ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім. Ілім мен ғылым – бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Жастарымызды білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысында тиімді пайдалана алуға баулу жолында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына сүбелі үлес қосып келе жатқанымызға мақтанамыз.