Жасөспірімдер арасындағы есірткі нашақорлығымен күресу және алдын алудың өзекті мәселелері


Қабылғазин Ғалым Қабылғазинович

преподаватель правоведении Учреждения “Семейского многопрофильного колледжа”

   ХХІ  ғасырдың басты дерті — нашақорлық.

Нашақорлық   бүгінгі   таңда   адамзатты   алаңдататын,  әлемдік   деңгейге   көшкен  проблемалардың   бірі.  Құқық   қорғау  органдарының   нашақорлық дертін   алдын   алуға   бағытталған  шараларына   қарамастан,   бұл   дертке   ұшыраған   адамдардың,   сондай-ақ   есірткіге   байланысты   қылмыстардың    саны   жылдан  жылға   өсіп   келеді.       Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама  отбасы  бұдан бақытсыздыққа ұшырап,  қаншама   жан  өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ   тікелей  өз  отбасымызға ,  өз  басымызға   қатысты   болмаған   соң,  көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? — деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік.   Қазіргі  «Цифрлық  Қазақстан»  даму   дәуірінде есірткі және психотроптық  заттарға   қол   жеткізу   аса   қиындық  тудырмайды.    Сонымен   қатар  күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.

Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.        Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз,  қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып,  арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі   бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі,  қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз.  Соңғы   статистикалық   мәліметтерге   жүгінсек  жасөспірімдер   арасындағы   қылмыстың   жоғары   пайызы  әлеуметтік   жағынан  жақсы  қамтылған   отбасыларынан   шығатыны   белгілі.    Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа,  есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.

Осы орайда  «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің  мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін.  Есірткіні  алғаш   қолданып  жатқан  адам   өзінің   қылмыскерге   айналып   бара  жатқанын  ешқашан  ойламайды.  Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді..Біз бала тәрбиесін оқу орнына қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол оқутышыларды кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз оқу орнының және оқытушының беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын,  от басында  ата-ана мен бала бір-біріне суық,  рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы   келеңсіз   жағдайлар,  әлеуметтік   жағдайдың   төмендігі ,  қоғамдық деңгейге  дейін шықты, осыдан келіп  проблемаларын  жеке   шеше   алмағандықтан, өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Біз  баланы   жастан   деген  аталы  сөзді  ұмытып  «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деп  бала   тәрбиесінен   кеш  қалғанымызды  кеш  ұғынып  жатамыз.

Халықтың   демографиялық   өсіміне  нашақорлықтың    тигізер  зияны  өте  зор.  Нашақор балалардың көпшілігі  ата-ана  болып  ұрпақ  әкелетін  жасқа жетпей  өліп кетеді  немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды, яғни СПИД, вирусты гепатит, ақыл-ойдың дұрыс болмауы және т.б. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.      Психолог- дәрігерлер: отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет  туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.

Быйылғы ел  басының  Жолдауы   жаңа  әлемге,  яғни  Төртінші  өнеркәсіптік   әлеміне  бейімделу  мен  жету  жолын  айқындады. Болашаққа  бәсекелестікке   қабілетті,   білімді,  үш  тілді  меңгерген  еліміздің  болашағы  үшін  барлық  істерге  дайын  жастарды  оқытып  тәрбиелеуді  міндеттеді . Бірақ  та  нашақорлық  жайлаған  мұндай жағдай қоғамның экономикалық және саяси ахуалына өз әсерін тигізеді, білім және маман әлеуетінің (потенциалын) төмендеуі, жұмыс күшінің азаюы мен есірткі бизнесінің шарықтауы экономикалық дағдарысты одан әрі өсіреді де нәтижесінде тұрақтылық  бұзылады. Сонымен қатар есірткі тек оны қолданатын адамға ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен қатар оның жақындарына, туыстарына және жалпы қоғамдағы адамдарға көп қиындықтар туғызады:нашақор  өз  өмірімен  қоса  айналасындағы   адамдардың  да  өмірін  бұзады.                                                                                                              Нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны тасымалдаудан, сатудан бастау алатыны белгілі.  Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Есірткіге байланысты   қылмыстарды бір сөзбен наркобизнез немесе наркомафия деп айтуға болады, өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады. Қазақстан  өз  аумағы  жағынан   Европа   мен   Азияны  жалғастырушы   мемлекет  болғандықтан,  көршілес   мемлекеттерден   Өзбекстан  мен  Қырғызстан   арғысы   Ауғанстаннан  Евтропаға  өтетін  наркотикалық  өнімдер    Қазақстан  арқылы  өз  тұтұнушыларына  жеткізіледі. Соңғы  мәліметтерге  сүйенсек  тауар  қозғалысы   негізінен  темір  жол  көлігімен  іске  асырылуда.  Бұл  ретте  әсіресе  кеден  қызметін  жаңа  техникалық  құралдармен  қамтамасыз  ісіне   көңіл  бөлген  қажет.  Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы  күресуде және ешбір ел  халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан есірткі бизнесімен күресті күшейту мақсатында арнайы халықаралық ұйымдар жоспарларын, тапсырмаларын қабылдауда және жүзеге асыруда. Өз кезегінде ол, әр елде құрылған есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, ұйымдарын, мекемелерін бірігіп жұмыстануына әкелуде. Есірткі қылмыстарының экономикалық базасын кесу, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін жасау мақсатында пайдаланатын қаражат құралдарын және өзге де материалдық құндылықтарын алу арқылы жүзеге асыру қажет.

Ал біздің республикамыздың Қылмыстық кодексінің халық денсаулығына және адамгершілікке  қарсы қылмыстар тарауында көзделген кейбір баптарының санкцияларында, атап айтсам, Қылмыстық кодекстің 296 б., – 303 баптарында, жазаның тек бас бостандығынан айыру түрі ғана қолданылады. Тәркілеуді аталған баптарға қосымша жаза ретінде қолдану, есірткі бизнесінің экономикалық бастауының алдын-алуда ғана емес, жалпы тәркілеудің қосымша жаза ретінде қолданылуын кеңейтеді деген ойдамын. Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі –жастар,  XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпылама айтқанда күн сайын шығатын технологиялық жетістіктер жасөспірімдердің қызығушылығын толтыруда және ол өз кезегінде барған сайын жас жеткіншектердің тәрбиесіне, біліміне, ең бастысы денсаулығына көңіл  бөлуіміз  қажет.

Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар  мен  студенттер  арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, жастарды спортқа, басқада мәдени ұйымдарға тарта отырып олардың бос уақыттарын кіммен қалай өткізетіндігіне аса көңіл бөлінсе дегім келеді.  Студенттерді  сабақтан  бос  уақыттарында  қоғамдық  жұмыстарға,  сабақтан  тыс  іс-шараларды  ұйымдастырып  студенттерді  барынша  жұмылдыру  қажет.   Салауатты өмір салтын ұстанып, көптеген пайдалы істермен шұғылдану,  пайдалы  нәтиже  беретіні  анық.                  Бұл  дертті емдемесе одан әрі асқына беретіні сөзсіз. Оны емдеудің бірнеше жолы бар. Біріншісі — өз ықтиярымен емделгісі келетіндер. Сондай-ақ, тәжірибеде науқастың ықтиярынсыз емдеу түрлері де қолданылады. Ол көбіне сот шешімдеріне сәйкес іске асады.Есірткіге құмарлықты толық емдеп шығуға болады.  Нашақорлықтан емделу тек шын ниет еткенде ғана нәтиже береді.  Адам шын ниет етсе, кез келген ауруды да жеңуге болады. Тек мұндай мүмкіндік дерттің алғашқы кезеңінде ғана көбірек болатынын ұмытпау керек. Екіншіден, адамды орта, айналасындағылар билейді.  Еліміздегі есірткіге байланысты  қылмыстарды  сараптасақ, оның саны жылдан-жылға артып, әсіресе жастарымыздың арасында белең алып бара жатқаны ойландырмай  қоймайды. Кез келген адам бұл кеселдің қауіпті екенін жақсы біледі. Әйтсе де оған саналы түрде барған жанның сол тозақтан қайтып саналы түрде шыға алмай  қалатыны – нағыз қасірет. Аталған індетті тоқтату үшін алдымен үш жақты стратегия талап етіледі. Мысалы, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелділіктен емделу жолдарын жеңілдету, нашақорлықты  емдеуді ұйымдасып қолға алу.

Қорытындылай келсем, жоғарыда айтқанымдай есірткіге қарсы талай-талай күрес шаралары жүргізілгенімен, нәтижесі сонда-да көңілден шығатындай емес, өйткені біз есірткіге қарсы күресеміз дейміз де, оған тамаша жарнама жасаймыз. Дегенімен, қол түсірудің керегі емес, Қазақстан Республикасы  Басшылығының жүргізетін есірткі пайдаланушылар мен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес, республикамыздың әр облысында қоғамның салауаттылығы үшін қолдан келген амалдарды қарастырып, бар күшімен еңбектенетін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеттері және құқық қорғау органдары жұмыстануда. Мен, олардың өз қызметтерін дұрыс атқаратындығына және аянбай  қызмет ететіндігіне күмәнім жоқ.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      2012 «ҚазАқпарат» ҰК АҚ

2.      http://www.azattyq.org/content/article/1149750.html

3.      Қазақ энциклопедиясы, 7 том

4.      www.bankrereratov.ru

5.      www.referat.ru

6.      www.5ballov.ru

7.      «Айқын» Республикалық қоғамдық саяси газет 13.08.2015ж.

8.      А453 Алауханов Е.О. Криминология. Учебник: Общая и Особенная части. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 664 с. «Преступный оборот наркотиков» с.404-427.

9.      Б905 Буйтекулы К. Уголовно-правовые и криминологические проблемы борьбы с незаконным распространением наркотических средств или психотропных веществ в Казахстане: Монография.- Костанай:Академия КУИС МЮ РК, 2009. -180 с.

Қосымша ақпарат:

«ПЕДАГОГ ХАБАРШЫСЫНА»

Қабылғазин Ғалым Қабылғазинович – 87757917585, zhako-09@mail.ru.