Білім еліне саяхат


Алипова Ляззат Советовна
воспитатель ГККП ясли – сад №2 «Батыр», г.Астана

Мақсаты:

Білімділік: Түрлі таратпа суреттер және сөздік ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы  логикалық ойлау қабілеттерін зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік: Тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, геометриялыцқ фигуралар, сандар, карточкалар, жол картасы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жүру барысы:

Жылулық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнде.

Тәрбиеші:

-Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

-Бүгін біз ұйымдастырылған оқу қызметімізде  «Білім еліне саяхатқа» шығамыз.

-Саяхатқа немен барамыз?

-Дұрыс. Ұшақпен, көлікпен, автобуспен және пойызбен баруға болады. Ал пойызға міну үшін бізге не керек?

-Дұрыс билет керек. Ал бізде билет жоқ бірақ сұрақтарға жауап берсек біз пойызға мінеміз.

Сұрақтар:

-Неше жыл мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемнің нешінші айы?

-Бір аптада неше күн бар?

-Неше күнде біз балабақшаға келеміз?

-Неше күн демаламыз?

-Бір тәулікте неше уақыт бар?

-Суреттен кім көрсетеді?

-Жаксы балалар біз сұрақтарға жауап бердік енді саяхатқа аттанамыз. Бәріміз орнымыздан тұрып пойызбен жүреміз.

Ду-ду-ду

Мен жүремін,

Так-тақ-тақ

Мен жүремін-деп шулайды.

Ал, вагондар зулайды. (балалар қимылмен келтіреді)

-Балалар біз бірінші аялдамаға келдік. Қараңдаршы аялдамамызда қалта тұр. Бұл жай қалта емес сиқырлы қалта. Ендеше біздің бірінші тапсырмамызды орындауымыз керек.

1 тапсырма:«Сиқырлы сандар»

Ойын: «Адасқан цифрлар»

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.

Шарты: 2,4,6,7,3,5 кеспе цифрлары  тақтаға іледі. Балалар қалып қойған санды атап ретімен қойып шығады.

-Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Жол қысқару үшін тағы бір ойын ойнайық.

Ойын: «Артық сөзді тап»

Мақсаты: баланың тез ойлауын, тез жауап беруін арттыру.

1.     Қыс, жаз, таңертең, көктем, күз

2.     1,2,3,4, түс,5,6,8

3.     Аю, қасқыр, мысық, қоян, түлкі

-Балалар қараңдаршы біз екінші аялдамаға келдік. Не көріп тұрмыз?

-Дұрыс фигуралар. Ендеше бұл аялдаманың тапсырмасы геометриялық фигуралар болмақ.

2 тапсырма: «Ғажайып ағаш»

Ғажайып ағаштың айналасында нелер бар екенін атап береміз. Аю, қоян, құс, гүлдер қайда орналасқан?

-Аю ағаштың оң жағында, қоян сол жағында, құс жоғарыда, гүлдер алдында.

-Жақсы балалар біз 2 тапсырманы да орындадық. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.

3 тапсырма: «Бағдаршам»

-Бағдаршамның неше көзі бар?  Бағдаршамның түсіне қарай әріптерді таңдап сөз құрастырамыз. Қандай сөз шықты?

-АТА.

Алдарындағы суреттерді дыбыстыққа талдаймыз.

Суреттер: Ай, ат

-Келесі аялдамамыз «Дем алу» Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасаймыз.

Сергіту сәті:

4 тапсырма: «Сиқырлы фигуралар»

-Қандай фигураларды білеміз? Үстел-үстіндегі заттардың қандай пішінге ұқсас екенін айтамыз.

-Мынау не?

-Қоянды  құрастырамыз.

Геометриялық фигуралардағы сандар бойынша сәйкес келгенмен есеп құрастырамыз.

5 тапсырма: «Логикалық есеп»

1.Төрт баланың неше қолы бар? (8)

2. Ағашта бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (3)

-Міне балалар бүгінгі саяхатымызды аяқтап «Білім еліне де келдік қараңдаршы не жатыр?

-Кітап ендеше сендерге білім алу үшін кітап керек. «Мектеп-кеме, білім-теңіз»

Қорытынды:

-Бүгін сендер қайда бардыңдар?

-Сендерге не ұнады?