Туған жерге тағзым


Имамбаева Амангуль Сарсенгалиевна
учитель казахского языка и литературы ОСШГ № 11

Мақсаты:

-Туған жерді қадірлеу

-Туған табиғатты сүю

-«Табиғат-адам-қоғам» арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті қалыптастыру, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану.

-Табиғат қорғау мәдениеті туралы үгіт-насихат жүргізу.

-Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру.

Көрнекілік: Плакатқа жазылған нақыл сөздер, слайд, «Мұра» кітабы.

Пән аралық байланыс: әдебиет,тарих,ән-саз.

Кеш жоспары:

І.Әдеби-монтаж

ІІ.Биологиялық сайыс

ІІІ.«Туған жерге тағзым»-оқушылар қолмен жасалған табиғат мүйісін талдау.

IV.Әзілкештер әзілі (тіршілік,табиғат, экологиялық жағдайлар, жануар,өсімдік туралы)

V.Қорытынды

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді асыл халқым

Арта берсін абырой, атақ даңқың

Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас

Мектепте бірге оқып болған сырлас

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебіміздің мерейлі тойы және «Туған жерге тағзым» акциясына байланысты биологиялық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Биология-жаратылыстың анасы десек жаңылыспас-ек. Десекте адамзатпен тірі табиғаттың қыры мен сырын оның тіршілік тынысын түсіндіретін ғажайып сыры мол ғылым.

2-жүргізуші:

Табиғат бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс өздігінен пайда болған дүние. Табиғат дегеніміз Құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным нысанасы.

1-жүргізуші: Табиғаттың көркімен

Талантымды ашамын

Әсем сұлу жерімді

Әніме мен қосамын

 

2-жүргізуші: Жүрегімді тербеген бір арман бар

Аман болсын аңдар,құстар,ормандар

Ақыл-ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар

1-бөлім.

Оқушылардың дайындаған әдеби-монтажын тамашалаңыздар.

(табиғат, Тарбағатай ауылының табиғатын слайд арқылы көрсету)

 

Логикалық ойындарға кезек береміз

1.Орнын тап ойыны

Балдыр-су

Бәйшешек-дала

Қына-таулы жер

Шымтезек мүгі-батпақты жер

Қарағай-томар

2-ойын:Есептер шығару

1-есеп: Бала-аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы нешеу? (0)

2-есеп: 9бас 24аяқ неше тауық неше ешкі? (2ешкі, 7тауық)

3-есеп: 5адамға 5алманы бөлу кекрек. Әр адам 1алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1адам 1алманы кәрзеңкесімен қосып алады)

3-ойын: «Адасқан әріптерді құрастыр»

Гунерку-кенгуру заққоиз-қоқиқаз

Илікне-инелік сіркетке-кесіртке

Жырұслан-сұржылан қылаб-балық

Кебіре-бекіре қарар-арқар

Тікрүб-бүркіт албдыр-балдыр

Винпинг-пингвин пыжарақ-жапырақ

1-жүргізуші: Білімділер болады әркез алда,

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма!

Топ басшыларын тест шешуге ортаға шақырамыз.(компьютерде жазылған тест шешу)

ІІІ-бөлім «Туған жерге тағзым»-әр сыныптың өз қолдарымен жасаған табиғат мүйісін талдау

IV-бөлім: Әзілкештер әзілі

8-9-10 сыныптар дайындаған (тіршілік,табиғат,экологиялық жағдайлар туралы) әзілдері.

V-бөлім

Қорытынды:

Бүгінгі кеште табиғаттың адам үшін қажеттігін,онсыз өмір болмайтынын жүректеріңе терең орнықты деп ойлаймыз. Ол үшін биологиялық білім, сана, мәдениет қажеттігіне көздерің жетті.

Ата-бабаларымыз табиғатпен біте қайнасып, өзін табиғаттың бөлінбес бөлігіміз деп қараған,онымен бірлікте өмір сүру керектігін білген. Сондықтан олар табиғаттан керегін алып,қалғанына тимеген.