Ертегі еліне саяхат


Галимова  Жанар Мұратқызы
СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы МКҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға әр-түрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау  қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.

Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: сандар-цифры,  аю-медведь, пішіндер-фигуралар

Көрнекіліктер: Сандар, пішіндер, карта, мнемокесте, теледидар.

Әдіс – тәсілдер: жылулық шеңбер,  сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, сан туралы тақпақтар, әңгімелеу,жұмбақтар жасыру

Алдын-ала жұмыс: сандар туралы тақпақтарын жаттату.

 

 

Тәрбиеші:Балалар, біз бүгін ертегі еліне қонаққа  барамыз. Мен сендерге жұмбақ жасырамын,  ал сендер оның  жауабын   тауып алыңдар.

Аюдың себетінде,

Бір кішкентай қыз отыр,

Себетін арқасына іліп алып

Үйіне апара жатыр.

Балалар: Маша мен аю.

Тәрбиеші: Ия, балалар бұл ертегі «Маша мен аю»

Мінекей қараймыз   (сурет)

Маша мен аю математика сабағын орманда өте ұнатады екен.

Ал, сендерге балалар, математика сабағы ұнайды ма?

Балалардың жауабы.

Ойын: «Үн-түнсіз»

Ендеше, қазір «Үн-түнсіз» деген  ойын ойнаймыз,сендерді  тексереміз, ауызша қалай санайсыңдар. Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер сандарды көрсетесіңдер. Ең бастысы сөйлемеу, тек қана санмен жауап беру.

–         Оң қолда неше саусақ?   5

–         Екі қолда неше саусақ?   10

–         Бағдаршамда неше сигнал бар?  3

–         Итте неше мұран бар?   2

–         Екі тышқанда неше құлақ бар?  4

–         Екі мысықтың неше құйрығы бар?

Тәрбиеші: Ия, дұрыс. Өте жақсы. Жарайсыңдар!

Балалар, енді «Маша мен аюға» қонаққа барып, көмектесейікші. Оларға орманда көмек қажет. Балалар, көмектесемізбе?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: «Маша мен аюдың» ормандағы үйіне жету үшін, бізге мынадай карта  жіберіпті., бұл картада жол көрсеткіші бар.

Қазір бізге Адлет, Ажар мен Алинура  қалай картада өтуін көрсетеді. Қызыл магнитпен картаның үстінен жүреміз. Мен сендерге неше торкөз және қай бағытта жүру екенін айтып отырамын.

Балалар кезекпен тапсырманы орындайды. /3 торкөз оңға, енді 2 торкөз алға, 4 торкөз оңға/.

Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз қайда келдік?

Бұл –Қытай мемлекеті екен. Маша мен аюдың көп достары бар екен  соның бірі – аю.  Қараңдаршы, сендер таныдыңдар ма?

Балалар: Бұл – панда.

Тәрбиеші: Маша мен панда  сандарды жазыпты, бірақ бірнеше сандарды жаза алмапты. Балалар, қалай ойлайсыңдар  олар қандай сандарды жаза алмапты?

Балалар: 2, 4.

Тәрбиеші: Балалар, жазып берейікші./үстелдің үстінде әр балаға арналған қағаз бен қалам тұрады/

сендер қаламды дұрыс ұстадыңдар ма? Тексеріндер.

Бірінші, сандарды  нүктелі сызықпен жазамыз, ал сосын өздігімен жазамыз. Бір-бірімізді тексереміз.

Жақсы балалар, бұл тапсырманы да орындадыңдар. Жарайсыңдар.

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс

Тәрбиеші:Ал, қыстан кейін жылдың қай мезгілі болады.  /көктем/

Көктемнен кейін ше?   /жаз/

Мінекей, Маша да жыл бойы математикамен  айналысуды жақсы көреді екен.

Қараңдаршы қысқы боран бүкіл сандарды шашыратып тастапты, олар бәрі шатасып кетіпті.

Тапсырма:       Сандарды орындарына қоюға көмектесейік.  0-10 дейін

/Бала тақтаға шығып сандарды рет-ретімен қояды/

Тәрбиеші: Жақсы, балалар

Тәрбиеші: Маша   сандарды орнына қойғанша бір саны жоғалып кетіпті

Тапсырма: Жоғалған сандарды табу  және көршілерін атау.

Тәрбиеші: Жақсы балалар.

Сергіту сәт:

Аяқтарды топылдат,
Алақанды сартылдат,
Оңға да, солға да
Бұрыламыз, оңай – ақ

Басымызды шайқаймыз,
Қолымызды бұлғаймыз.
Оңға да, солға да
Бұрыламыз, оңай – ақ,

Секіреміз биікке,
бәрімізге көңілді
Оңға да, солға да
Бұрыламыз, оңай – ақ

 

Тәрбиеші: Қараңдаршы, Маша үй құрастырыпты,    ал аю машина. Қандай геометриялық пішіндерді кеіпкерлер пайдаланды?

(Балалар пішіндерді атайды)

Воспитатель: Бұл геометриялық пішіндер туралы не айтала аласыңдар? Тағы қандай геометриялық пішіндер білесіңдер?

Тапсырма: Бізде Маша мен аю сияқты машина мен үй құрастырайқ.

Қыздар – үй құрастыру

Ұлдар – машина

Жақсы, балалар!

Тәрбиеші:  «Қарама-қарсы» деген ойын ойнайықшы. Дайынсыңдар ма?

–         Маша кішкентай, ал аю ….     үлкен

–         Еменнің діңгегі жуан, ал қайынның діңгегі…….    жіңішке

–         Жираф – ұзын, ал   аласа жылқы /пони/  ……..      төмен

Жақсы  балалар.

Тәрбиеші: Маша мен аю сендерді тексергісі келеді, сендерге жұмбақ дайындапты.

жұмбақ

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(күн)
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.(Бағдаршам)
Сырт-сырт етіп соғады, Кеудесінде жүрегі

Өзі тілсіз сөйлейді, Өзі жансыз жүреді          (сағат)

 

Тәрбиеші: Балалар, сендер Маша мен аюға дайындаған санамақтарыңды айтып бересіңдер ме?

 

«Санамақтар»

-Кім санамақ айтып береді?

 

 

 

Біздің үйде бір тауық,           Екі аяқпен жүремін,          Үйімде бар үш қалам,         «Бестік» деген бағаны

Бір жұмыртқа жұр тауып.     Екі көзбен көремін.           Үшеуінде ұштағам.              Бақыт күнде алады,

Бір сиыр бар қорада,             Екі қолым бар менің,         Үш досымды салдым мен,  Бәрі жақсы көреді,

Бәтіш тәтем жүр сауып.       Екі құлақ білемін.               Үш балыққа ұқсаған.      «Беске» оқыған баланы.

 

 

Жарайсыңдар балалар, сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар.  Маша мен аюға көмектестік.

Енді балалар балабақшаға да оралатын уақыт келді.

Картамен ораламыз

Медина 4 торкөз оңға

Ерасыл 2 алға

Жанайдар 3 оңға

Міне, балабақшамызға да оралдық.  Ал, енді есімізге түсірейікші , біз қай елге қонаққа бардық?   Қандай ертегіден?  Не істедік? Қандай тапсырмаларды орындадық?

Маша мен аю сендерге тәтті тоқаш әзірлепті. Қараңдаршы қандай керемет!Бәрімізге бірдей дөңгелек тоқаштар пісірген екен. /Екі тәрелкеде салынған тоқаштар көрсетем, тек біреуі  төртбұрышты тоқаш.Балалар оны табуы тиіс./ Ал, бұл тоқаштарды тобымызға  барған соң дәм татамыз/.

Рахмет ,  балалар!