Баланы ұлттық құндылықтар арқылы рухани- адамгершілікке тәрбиелеу


 Изакова Лайлагул Кадировна
 «Жақып Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ бастауыш сынып мұғалімі

            Жан-жақты тәрбие беру адам өмірінің балғын шағынан басталуы тиіс.Бұл ретте мектеп жасына дейінгі мекемелер  және бастауыш сынып мүғалімдері жетекші роль атқарады.Мектепке дейінгі кезең –қоршаған дүниені белсенді түрде тани бастайтын уақыт.Бала біртіндеп бөлмедегі,үйдегі , балабақшадағы,көшедегі заттармен танысады.Анықтап көріп олардың қасиеттері мен сипаттарын таниды,тану,ойлау қабілеттері қалыптасады.Сондықтан олардың ойлау белсенділігін тудыратын ойыншықтарды,ойын түрлерін  тәрбие беру процесінде кеңінен қолданамыз.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бала өмірінің алғашқы жылдарынан –ақ  адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады.Үлкендермен қарым- қатынас жасау процесінде балалардың оларды жақсы көру сезімі оянады.Үлкендердің талап –тілектерін орындауға сол арқылы қуантуға ,жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылады.үлкендердің ризалығы баланы ізгілікке талпындырады.Мектепке дейін балар жан дүниесінде біртіндеп қайырымдылық,жанашырлық,қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Балаға берілетін тапсырмалар да нақты болуы керек.Мысалы,достарына , ұстазына сәлем беру,досына көмектесу,көрсеткен көмек үшін рахмет айту,үлкенге жол беру т.с.с  әдеттерге жалықпай үйрету қажет .Тек сонда ғана баланың мәдени мінез құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін  адамгершілік қасиеттер қалыптасады.Бұл адамгершілік тәрбиенің бірінші баспалдақтары.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:

·        ізгілік бастамасымен тәрбиелеу;

·        балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау;

·        кеңпейілдік;

·        қайырымдылық;

·        жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./

Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Мектепке бару бала өмірінідегі маңызды оқиға,Мектепте оқу баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек .Өз мінез-құлқын ба қару,оны негізгі мектеп ережелерге бағындыру,өзін қоршағандардың ойымен келісу,кездескен қиындықтарды жеңу-міне,бұл мектептің болашақ бірінші сынып оқушысына қойылатын талаптың кейбіреуі.Осы талаптарды орындау үшін ол ұйымшылдық,өз бетімен жұмыс істей алу,табандылық,тәртіптілік сияқты адамгершілік-еріктік қасиеттеріникемдеуі қажет.Осы орайда ата-аналарға мынадай бақылау жүргізу ұсынылыды.

1.Ұйымдасқандық:

Өзіне –өзі немесе үлкендер қойған мақсатқа жете білуі,оған өз іс әрекетінде бағынуы;

Үлкендер ақылын басшылыққа ала отырып,өзін –өзі ұстай білуі,өз істерін бақылауы;

Өз жолдастарын және жодастарының жұмысын әділетті бағалай алуы,жетіспеушілікті таба білуі;

2.Жауапкершілік:

Жеке өз басы үшін ғана емес,өзгелер үшін де маңызы бар іс-әрекеттерді міндетті түрде орындаудың қажеттілігі мен мәнін түсіне білуі,тапсырылған іске жауап беруге дайындығы;

3.Өз бетімен жұмыс жасау:

Өзіне пайдалы істер таба алуы,ойын ойнау,еңбек ету,бір нәрсені орындау туралы тапсырманы қуана құптауы,жұмыс істеу үшін жағдай туғызу;

4.Тәртіптілік:

Үлкендердің талаптарын ,тапсырмаларын жіне міндеттерін  орындау,тәртіп талаптарына қайшы келетін қадам жасамауда  өзін-өзі ұстауы;

5.Табандылық:

Алға қойған мақсатқа жету үшін,ұзақ уақыт бойы күш –жігерін жұмсай алу,мақсатқа жету;

Мақсатқа жетер жолдағы қиындықтар мен кедергілерді жеңе білуі;

Бастаған істі аяқтау;

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Жас ұрпақты адамгершілік рухани қасиеттерге тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің  (ертегілер,мақал-мәтелдер,жұмбақ,өтірік өлең,күнделікті қолданатын тыйым сөздердің )маңызы өте зор.Ұстаз осы құралдарды үнемі тәрбие үрдісінде пайдаланып отыруы қажет.

Мысалы, ғұлама ғалым,кемеңгер ақын- Ахмет Игүнекидің бірғана тіл өнері жайында жіне тіл мен сөздің зардабы жайында айтылған ойларын барлап көрейік:Әдеп басы –тіл.Тілдің көркі-әділ сөз.Жалған сөз -ауру, шаншудай,әділ сөз-шипа,жанға жай.Тіліңді тый-тісің сынбайды,тілін тыймағанның тісі сынады т.т.

Қазақ халқының тыйым сөздері әдептілікке,инабаттылыққа шақырады.Теріс мінез-құлықтан,жаман қасиеттерден аулақ болуға үгіттейді.

Ырым –тыйым сөздер ежелден тәрбие ережелері сияқты біздің күнделікті тұрмысымызда мектепте,үйде үнемі қолданылады.Пән сабақтарында да балалар фолклорының ролі ерекше.Бесік жыры,өтірік өлеңдер, мазақтамалар,жаңылтпаштар санамақтардың тәрбиелек мәні ерекше.

Қазақ тілі пәнінен «Болымсыз етістік» тақырыбын өткенде тыйым сөздер кеңінен қолданылады.Тіл сабақтарында өтілген тақырыптарды талдап,әңгіме идеясын ашуда түйінді сөз мақал-мәтелді пайдалану жақсы нәтиже береді.

Жасы кіші балаларды  жаттамақ жаттауға тәрбиелеу тіл дамыту мен қатар рухани адамгершілікке тәрбиелейді.Мысалы:

Тәттіқұмар

Қант көрсе қоймайды,

Кәмпитке де тоймайды.

«Тісім –ай!»  деп кешкісін,

Салады кеп ойбайды.

Ашқарақ

Айтқа тілді алмаған,

Бар дегенде бармаған.

Бір бала бар тілазар,

Тамақ десе қалмаған т.т.

Қазақ халқы –рухани зор байлықтың мұрагері.Ежелгі ата –бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі,сыбызғы сырнайының үні,асқақтата салған  әсем әні,салт дәстүрлері,даналық сөздері және әдеп ережелері сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы,бір сырлы», өнегелі де өнерлі,адамгершілік ар-ожданы жоғары ,намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.

Бастауыш сынып оқушыларының эмоциональды –адамгершілік сферасын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту ойындары және жаттығулары.

1.     «Өзіңді ата»

Мақсаты:Өзін құрбы құрдастар ұжымына таныстыру.

Барысы: балаға өзін таныстыру ұсынылады,өзінің атын айту,оған оны қалай атаған ұнайды,үйде қалай атайды немесе топта қалай атағанын қалайтынын айту керек.

2.     «Еркелетіп шақыр»

Мақсаты:баланың бір-біріне тілектестік қарым қатынасын  тәрбиелеу.

Барысы:Баланың жақсы көретін құрбысына (тілегі бойынша) ,оны еркелетіп атап,допты лақтыру немесе ойыншықты беруі қажет.

3.     «Сиқырлы орындық»

Мақсаты:Мейірімді болуға тәрбиелеу,балалар тілінде жылы,мейірімді сөздерді көбірек қолдануға  үйрету.

Барысы: бір бала ортадағы «сиқырлы орындыққа «отырады қалғандары ол туралы жылы сөздер,  комплименттер айтады.Ортадағы баланы сүюге , құшақтауға сипауға болады.

4.     «Түрлі –түсті гүл шоғы»

Мақсаты:Қуанышты және қанағаттанарлық сезім ала отырып,өзара іс-әрекет жасауға үйрету.

Барысы:Әр бала өзін бір гүлмен атайды да ,өз таңдауын түсіндіре отырып,гүл шоғы үшін басқа гүлді табады. Одан соң барлық гүлдер бір гүл шоғына бірігіп,қол ұстасып ән айтады.

5.     «Жақсы көру пирамидасы»

Мақсаты: Әлемге ,адамдарға орынды,қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу,қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

Барысы:Балалар айнала отырады.Тәрбиеші айтады : «Біз әрқайсымыз бір затты немесе бір адамды жақсы көреміз,бұл сезім бәрімізде бар,біз оны әртүрлі түрде білдіреміз.сендер де кімді,нені жақсы көресіңдер?» айтыңдар.

Ал енді бәріміз қолдарымызбен жақсы көру пирамидасын құрайық.Ол үшін мен жақсы көретін затты немесе адам атын айтып қолымды қоямын,одан кейін әрқайсыларың өздерің жақсы көретін адам немесе заттарыңды айтып қолдарыңды қоясыңдар. (Балалар пирамида тұрғызады).Сендер қол жылуын сезесіңдер.Қараңдаршы,пирамидамыз қандай биік?

Ойындар арқылы оқушылардың адами қасиеттерін дамыту,бір-біріне жақсы қарым- қатынасқа тәрбиелеп,балаларды  өзара ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.