«Жігіт сұлтаны – 2018»


Сейткожаева Гулзира Нурекеновна
Ақтау қаласы  «Қайнар» колледжі «Жалпы-кәсіби пәндер» бөлімінің меңгерушісі 

1.  Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қлыптастыру, дамыту.

2.  Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

(Музыка ойнап тұрады, қонақтар жайғасады, екі жүргізуші ортаға шығады)

 

1-жүргізуші:Армысыздар, колледжіміздің қонақтары, аяулы ұстаздар, алты алаштың ардақты ұлдары мен қыздары!

 

2-жүргізуші: Қайырлы күн ардақты ағайын! Көктемнің жайма шуақ мезгілінде,жаздың ыстық самал лебімен «Қайнар» колледждінде бүгінде үлкен мереке. Өйткені бүгін жігіттердің мықтысын анықтайтын боламыз. Ендеше «Жігіт сұлтаны 2018» байқауын ашық деп жарялауға рұқсат етіңіздер!

 

1 – жүргізуші: Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда Жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдылығын сынайтын кез келді.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, әсем қала Астанамыздың 20 жылдығы, ару қаламыз Ақтауымыздың 55 жылдығы және Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған колледжішілік «Жігіт сұлтаны 2018» байқауына жиналып отырмыз.  (Фанфар)

 

2 – жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
«Жігіт сұлтаны» атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық!

(Сайыскерлеріміз сахнаға шығады)

1 – жүргізуші: «Жас ұлан» тобының серілерін қарсы алайық:

1-сайыскер – Құқықтану 17/9 тобының серісі Көшеров Рысбек

2-сайыскер – КО 17/9 тобының серісі Утебаев Байрам

3-сайыскер – ЕжА 17/9 тобының серісі Юриев Нұрлыбек

2 – жүргізуші: «Жас қыран» тобының серілерін қарсы алайық:

4-сайыскер – АЖ 15/9 тобының серісі Исаев Асхат

5-сайыскер – РжБ 16/9 тобының серісі Мизамбаев Қуаныш

6 сайыскер – РжБ 16/9 тобының серісі Эшманов Ержан

1 – жүргізуші: «Жас тұлпар» тобының серілерін қарсы алайық:

7 сайыскер – Бағалау 16/9  тобының серісі Әлімбай Азамат

8 сайыскер – Құқықтану 16/9 тобының серісі Арсланбекұлы Аслан

9 сайыскер – П 16/9 тобының серісі Мырзахан Қуаныш

 

1 – жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарын табайық, – деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:

1.     «Мен Алаштың ұлымын» (міндетті түрде өзін-өзі көрініс, қойылыммен таныстыру)

2.     «Білімді жүзден озар» (салт-дәстүрге, әдебиетке, тарихымызға байланысты сұрақтарға жауап беру)

3.     «Құралайды көзге атқан» мергендік сайыс

4.     «Күш атасын танымас» (спорттық сайыс қол күресі, гір тасын көтеру)

5.     «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерін көрсету)

6.     «Талапты ерге нұр жауар» үй тапсырмасы

Бағалауда қатысушылардың өз-өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.

 

2 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт – дәстүрімізді, сонымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.

Ең алдымен осы сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1 – жүргізуші: «Қайнар» колледжінің директоры, профессор – Қарасаева Халам Орынғалиевна

2 – жүргізуші: «Әл-Фатима» қоғамының директоры – Әмин Күнзила Жақыпқызы

1 – жүргізуші: Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директорының міндетін атқарушы Джантекеева Кабира

2 – жүргізуші: Маңғыстау өлкетану музейінің маманы – Түйешиева Толқын

 

1 – жүргізуші:

Құрметті қазылар алқасы, сайысқа қатысушыларымыздың өнерлерін әр бөлім аяқталғаннан кейін әділ бағалап отыруыңызды сұраймыз.

 

2 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп колледждің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Жігіттерге сәттілік тілейікші.
1– жүргізуші:

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен сіздерменен танысуға.

 

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, – дей отырып сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін. «Мен Алаштың ұлымын» кезеңі.

 

(Жігіттер таныстыруға реті бойынша шығады)

1-жүргізуші: «Жас ұлан» тобының серілерімен таныс болайық:

1-сайыскер – Құқықтану 17/9 тобының серісі Көшеров Рысбек

2-сайыскер – КО 17/9 ьобының серісі Утебаев Байрам

3-сайыскер – ЕжА 17/9 тобының серісі Юриев Нұрлыбек

2 – жүргізуші: Келесі кезекте «Жас қыран» тобының серілерін тыңдап көрелік:

4-сайыскер – АЖ 15/9 тобының серісі Исаев Асхат

5-сайыскер – РжБ 16/9 тобының серісі Мизамбаев Қуаныш

6 сайыскер – РжБ 16/9 тобының серісі Эшманов Ержан

1 – жүргізуші: Соңғы тобымыз «Жас тұлпар» тобының серілеріне таныстыру кезегін берейік.

7 сайыскер – Бағалау 16/9  тобының серісі Әлімбай Азамат

8 сайыскер – Құқықтану 16/9 тобының серісі Арсланбекұлы Аслан

9 сайыскер – П 16/9 тобының серісі Мырзахан Қуаныш

 

2-жүргізуші:

Таныстыру бөлімі бойынша серілеріміздің бағаларын біліп отырайық.

 

1-жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де өнерлі көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

 

2 – жүргізуші: Серілеріміз келесі сайысқа дайындалғанша колледжіміздің ару қыздарының биіне кезек берейік. «Қазақ биі»

 

1 – жүргізуші: Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп!

Сайысымыздың келесі кезеңі «Білімді жүзден озар». Ол үшін сөзді тыңдай біліп, сөздерді ойға тоқу керек. Салт – дәстүрге, тарихымызға және қазақ әдебиетіне байланысты сұрақтарға жауап бересіздер. Сұрақтарды мына қоржынның ішіндегі асықтардың біреуін таңдау арқылы білетін боламыз.

 

Сұрақтар:

1.    Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай? (Түйе – Ойсылқара, жылқы – Қамбар ата, қой – Шопан ата, ешкі – Шек-Шек ата, сиыр – Зеңгі баба)

2.     Мүшел жас қай жастар және атаулары:

(1 мүшел – 13жас – ер жете бастау

2 мүшел – 25жас – жігіттік жас

3 мүшел – 37 жас – ақыл тоқтау

4 мүшел – 49жас – орта жас

5 мүшел – 61жас – орта жас

6 мүшел – 73жас – қарттық

7 мүшел – 85жас – кәрілік

8 мүшел – 97жас – қалжырау

9 мүшел – 109жас – шөпшек сүю

10 мүшел – 121жас – немене сүю)

3.    Қазақша жыл санау  (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).

4.    Қазақтың қашықтық өлшемдерін атаңыз? (Елі, тұтам, қарыс, сұйем, кез, құлаш, шақырым)

5.    Көне түріктердің төл жазуы қалай аталады және мағынасы қандай? (Руна деп аталады, көне деген мағынада)

6.    Алтын Орда дәуіріндегі Кавказ бен Қырымды, Қарақорым, Қытаймен байланыстырған қыпшақтардың астанасы және ол қалаға сипаттама бер. (Сарайшық  13 ғасырдың басында Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Қазақ хандығының әйгілі астаналарының бірі болған. Сарайшық – Мөңке Темір, Жәнібек, Бердібек хандары жерленген қасиетті жер).

7.    Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан жеріндегі сауданың басты орталықтары болған қалалар. (Тараз, Испиджаб (Сайрам).

8.    Қазақтың дәстүрлі дүние танымындағы жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт, ілім-білім)

9.    Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? (көкпар, аударыспақ, қыз қуу, күрес, күміс алу, алтын қабақ, ақсүйек)

10.    Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер өткен?

(Хандар: Керей, Жәнібек, Абылай, Әбілхайыр,Тәуке, Жәңгір).

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Есет.

Билер: Қазбек, Төле, Әйтеке)

11.    Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім? (Бөгенбай батыр)

12.    «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының мазмұны? (Өз ойымен жауап)

13.    Аңырақай шайқасының маңызы неде? (Өз ойымен жауап)

14.    Қазақстан Республикасының Ата заңы неше бөлімнен, неше баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

15.    Алаштың бес арысы кімдер? (Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жусіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабайұлы)

16.    Үш дауасызға не жатады? (міңез, кәрілік және ажал)

17.    Халық арасында көп тараған батырлық эпостар? (жауап өз ізденісімен)

18.    Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес дұшпанды айтыңыз (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

19.    Қазақтың музыкалық мәдениетінің ең көрнекті туындысы? (Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сара» операсы).

20.    Ұлы Отан соғысы жылдарында оқырман көңілінен шыққан жазушы және қандай шығармалары бар? (Б.Момышулы «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап»).

21.    Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырлары және олар туралы не білесіздер? (Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигельдинов).

 

1 – жүргізуші:

Құрметті қазылар алқасы, сайысқа қатысушы жігіттеріміздің жауаптарын тыңдадық, енді білімдерін бағаласақ.

 

2 – жүргізуші: «Ән көңілдің ажары демекші» колледжіміздің арулары Жайлаубекқызы Ақгүл мен Жұматқызы Асылайдың орындауында «Сарбаздар» әні

 

1-жүргізуші:

Би болатын Жігіттің,

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар Жігіттің,

Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз.

Ортаға үш топтан үш мерген жігітімізді шақырамыз.

 

2 – жүргізуші: Колледжіміздің қыз-жігіттерінің орындауында «Қара жорға» биі

 

1-жүргізуші:    Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, – демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстағы өнерлерін көрейік. Білек күшін сынап көрсек.

 

Құрметті көрермен қауым! Енді сайысып жатқан жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық. Келесі сайысымыз «Күш атасын танымас»

 

1-жүргізуші:   :   Колледжіміздің студенті Абатбай Беріктің орындауында әсем ән

1-жүргізуші:

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар!

 

2 – жүргізуші:  Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайтын «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» кезеңіне кезек береміз.

 

(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді. )

1-жүргізуші:  «Жас ұлан» тобының серілерінің өнерін тамашалап көрейік.

1-сайыскер – Құқықтану 17/9 тобының серісі Көшеров Рысбек

2-сайыскер – КО 17/9 ьобының серісі Утебаев Байрам

3-сайыскер – ЕжА 17/9 тобының серісі Юриев Нұрлыбек

2 – жүргізуші: Келесі кезекте «Жас қыран» тобының серілерінің өнеріне кезек берейік

4-сайыскер – АЖ 15/9 тобының серісі Исаев Асхат

5-сайыскер – РжБ 16/9 тобының серісі Мизамбаев Қуаныш

6 сайыскер – РжБ 16/9 тобының серісі Эшманов Ержан

1 – жүргізуші: Соңғы тобымыз «Жас тұлпар» тобының серілеріне өнеріне кезек берейік.

7 сайыскер – Бағалау 16/9  тобының серісі Әлімбай Азамат

8 сайыскер – Құқықтану 16/9 тобының серісі Арсланбекұлы Аслан

9 сайыскер – П 16/9 тобының серісі Мырзахан Қуаныш

 

1 – жүргізуші: Олай болса әділқазылар алқасы серілеріміздің өнерін бағалап жіберсеңіздер..

 

2 – жүргізуші: «Талапты ерге нұр жауар» деп аталатын үй тапсырмасына кезек береміз. 3 топқа үй тапсырмасына төмендегідей тақырыптар берілді:

1 «Жас ұлан» тобына – «Ер қанаты-ат»

2 «Жас қыран» тобына – «Қазақтың шаңырағы – киіз үй»

3 «Жас тұлпар» тобына – «Ер қаруы-бес қару»

 

1 – жүргізуші: Осымен, «Жігіт сұлтаны 2018» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша колледжіміздің студенті Шуркиева Айгерімнің орындауында……..әсем әнін карсы алыңыздар.

2 – жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ұстаздар, студенттер,  ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

1 орын

2 орын

3орын                                                                                                                                                                       1-жүргізуші: Тоғыз құмалақ ойнаған бұл қазақта,тоғыз номинациялы жүлдеге ие!

(Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:

«Жігіт сұлтаны»

«Сегіз қырлы, бір сырлы»

«Өнерпаз жігіт»

«Сері жігіт»

«Парасатты жігіт»

«Алғыр жігіт».

«Шымыр жігіт».

«Шешен жігіт»

«Сыпайы жігіт»)

 

1– жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан

_______________Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді,
Сұлтан болған баланы.
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.

 

2 – жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттері бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!