Меншік құқығының ұғымы туралы түсінік


Бекмагамбетова Шалқы Жубатхановна
«Қайнар»  колледжі құқықтану пәндерінің оқытушысы

1.     Меншік құқығы туралы жалпы ережелер.

2.     Меншік құқығының пайда болуы, тоқтатылуы негіздері.

3.     Азаматтардың мегшік құқығы.

4.     Мемлекеттік меншік құқығы.

5.     Ортақ меншік құқығы.

1.Меншік – бұл экономикалық категория. Меншік – бұл адамдардың  затқа, мүлікке қатынасы, яғни меншіктің иесі болып табылады. Меншік – бұл қоғамдық қатынас. Меншік – бұл мүліктік қатынас. Азаматтық кодекстің ү тарауы « Меншік құқық» деп аталады. 188 – бапта « Меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелермен басқа адамға беріледі.

Жоғарыда аталған анықтамалардан 3 құқықты көреміз, олар иелену, пайдалану, билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс тал алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз –  мүлікті заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Иеленуге мысалы, үйдің иесі ұзақ уакытқа камандеровкаға кетсе де, сол үйдің иесі, меншік иесі болып қалады.

Пайдалануға мысалы, заттарды пайдалы мақсатқа жұмсау, тігін машинасының озінің отбасына арнап пайдаланады немесе тігін тігіп пайдасын көреді. Мысалы машинаны прокатқа беріп пайда табады, жерді жалға беріп пайда табады, мал өсіріп оны сатады т.б.

Билік етуге мысалы, меншік иесі заттын сатса немесе жалға берсе, кепілге (залогқа) қойып кредит алса, қайырымдылық қорға тапсырса, ол озінің мүлкіне билік етеді.

Азаматтық кодекстің 188-б. 3-т.да « Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп,иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып ,оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігінтапсыруға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпашылық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы». Меншік құқығының мерзімі шексіз. Меншік формалары кандай немесе кімге тиісті – бұл меншіктің құқықтың режимінбелгілейді.

Қ.Р Конституциясының 6 бабының 1-тармағында, «Қ.Р мемлекеттік және жеке меншік тең деп танылады және бірдей қорғалады» деп жазылған.

Қ.Р меншіктің 2 түрі танылған:

1) жеке меншік

2) мемлекеттік меншік .

Жеке меншіктің2 түрі бар; азаматтардың және мемлекеттік емес заңда тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Жеке меншіктеболатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

Мемлекеттік меншіктің де 2 түрі бар:

1)    Республикалық меншік

2)    Коммуналдық меншік

Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республиканың заңды тұлғаларға  берілген мүліктен тұрады.

Республикалық бюджеттің қаражаты, алатын валюта қоры және алмас қоры, өзге де мемлекеттік мүлік Қ.Р мемлекеттік қазынасын құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берген мүліктен тұрады.Жергілікті бюджет қаражат, өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

 

2. Меншік құқығының пайда болу, тоқтатылуы негіздері. Меншік құқығыние болу негіздері (АК 13 тарауы 235-б айтылған).

Меншік құқығы бұл субьективтік құқыққа жатады. Цивилистік ғылымда бастапқы және туынды меншік құқығының пайда болуы негіздері бар. Бастапқы еріксіз, ал туынды – мүрагерлікпен байланысты. Мысалы, найионализация кезінде адамдардың мншігін мемлекет өзіне алып алады, ал мүрагерлікте мүрагердің үлесі болады.

Бұл алғашқы, туынды деп бөлінуі – меншік құқығын иеленудің тәсілдері болы табылады.

Алғашқы тәсілге: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы( АК 236- бап) өңдеу (237-бап), иесіз заттар (242-бап), олжа(245-бап),қараусыз жануарлар (246-бап),көмбе (247-бап), өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын иелну (244- бап), меншікиесі бас тартқан жылжымалы заттар(243-бап) жатады.

Туынды  тәсілге: приватизация, реквизициялау (253-бап), тәркілеу (254-бап)  т.бшарт бойынша меншік құқығының тоқтатылуы.

Меншік құқығының тоқтатылуы туралы ( АК 14-тарауы, 249-бабынды айтылған)

Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қорын немесе жыйылғанжәне заң құжаттарныда көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.

Мүлік меншік иесінен ықтиерсыз алып қоюға жол берілмеді, бұған мына реттер жатпайды:

1)    меншік иесінің міндеттемелі бойынша мүлікке өндіріп алынған ақы айналымға түскен.

2)    Заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиарсыз неліктен айырған.

3)    Реквизициялагған.

4)    Тәркіленген.

5)    Жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған.

6)    Күтімсіз ұсталған мәдени немесе рухани қазыналар сатып алынған заттар жатпайды.

3.Азаматтардың меншік құқығы – бұл әлеуметтік-экономикалық категория, әрбір адам өмір сүру үшін өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Азамат меншік құқының субьектісі ретінде әртүрлі сапада болады:

1.     Жалдамалы жұмысша

2.     Жеке кәсіпкер

3.     Заңды тұлғаның кәсіпкері

Жеке меншікте адамның меншігінде мүлігі болады, ол оған арнайы тіркеледі (мысалы, үй). Ол онымен бірнеше мәміле жасай алады( сату, жалға беру, жекешелендіру т.б)

Азамат меншік құқығында заңдыұ факт болады, мысалы сыйға тарту, мұраға алу, сатып алу, сату, үйсалып алу т.б иелену негіздерінде пайда болады.

4. Мемлекеттік меншігі тұтас болуы тиіс. Әр мемлекетке өзінің отаны транспорт, байланыс, атом энергетикасы, әскери – өнеркәсіп кешені т.б мемлекеттің меншігіне жатады.

Азамат құқықтың обьектілері айналымнан алынған, айналымда шектелген немесе еркін айналатын болып бөлінеді.

Табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады (жер)мемлекеттің меншңгңнде болады.

Мемлекет меншік құқығында – мемлекет иелену, пайдалану, билік етуді жүзеге асырады. АК 192-бап, 4- тармағында « Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік тұлғалары шаруашылық  жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін».

Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқығы ( 195-бап)

1)    Жерді пайдалану құқығы

2)    Шаруашылық жүргізу құқығы

3)    Оралымды басқару құқығы

Шаруашылық жүргізу құқығы – мүлікті мемлекеттік меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану, билік ету құқықтарын заң құжатымен белгіленген шекте жүзеге жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорының заттық құқығы.

Оралымды басқару құқығы – мемлекеттік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мемлекеттік  мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарына белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану, билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорының заттық құқығы.

5. Ортақ меншік құқығы.

Затттық құқықты – бір субьектілік меншік яғни меншіктің субьектісі болып бір тұлға ол азамат, заңды тұлға  мемлекет т.б болуы мүмкін. Мұнда меншік 1 адамға, 2 адамға, одан да көп адамға тиісті болады. Мұндай жағдайда мүлікке ортақ меншік пайда болады. Ол әр түрлі жағдайда беріледі: мұраға алу, некеге тұрудан,шаруа (фермер), жекешелендіру, заттарды қысу т.б.

АК 11- тарауы 209 – бабында « ортақ меншік» туралы айтылған – 2 немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншік 2-ге бөлінеді – үлестік, бірлескен меншік.

Мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып ( үлестік меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей (бірлескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.

Ортақ меншік 2 немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады.

Бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге қол жетпеген жағдайда сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы адамдардың үлесті меншігіне белгіленуі мүмкін.

Жылжымайтын мүлікке  меншік кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкін, бұл жағдайда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері азаматтардың және заңды тұлғалардың дара меншік болады, ал жылжымайтын мүліктің бөтен меншікте емес бөліктері ортақ үлестін меншік құқығымен жылжымайтын мүлік бөліктерінің иелеріне тиісті болуын үлестер меншігіндегі, барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса, тең деп саналады.

Үлесті меншікке әр бір қатысушы кезінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепілге беруге т.б түрде билік етуге құқылы.

Үлесті меншіктегі мүлкін оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін, бөле алмағанда сотқа талап етуге болады.

Ортақ бірлескен меншік:

1)    Ерлі – зайыптылардың ортақ меншігі

2)    Шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ меншігі

3)    Жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.

Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады.

Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Нотариаттық куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасау кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен растауға тиіс.

Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ  олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесін алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заң актілерімен немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады.

Ерлі – зайыптылардың ортақ меншігі.

Ерлі – зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әр қайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың әрқайсысына шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.

Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар ( киім-кешек, аяқ киім т.б), некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншігі деп танылады.

Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу,қайта жаңғырту, қайта жабдықтау) анықталса, ерлі – зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін.

Ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқықтарының ерекшеліктері Қ.Р неке және отбасы туралы заңдармен белгіленеді.

Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығында тиесілі болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі болады.

Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің меншігіндегі жер учаскілері, оның ішінде жеке орман қорындағы екпелер, еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсіріліп, ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар ,өнім беретін және жегін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар және қожалық мүшелері берген қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік болуы мүмкін.

Бекітуге арналған сұрақтар:

1)    Меншік құқығы дегеніміз не?

2)    Меншіктің түрлері қандай?

3)    Жеке меншік дегеніміз не?

4)    Мемлекеттік меншік дегеніміз не ?

5)    Ортақ меншік дегеніміз не?

6)    Ортақ үлестік меншік дегеніміз не?

7)    Ортақ бірлескен меншік дегеніміз не?