Тәрбие сағат тақырыбы:”Сыйынар ем  Ана деген тәңірге”


Тұрғанбаева Айнұр Тіркешқызы.

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің 

тарих, адам және қоғам пәні мұғалімі

Тәрбие сағат мақсаты:Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда   ЖҚК ж ЖТК ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кешті ұсынамыз:

Мерекелік кештің  барысы:

Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы  рөлінің  айтарлықтай  екендігін дәлелдеп, оларға  қуаныш  сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі:  Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, үнтаспа,слайд, гүл  мерекеге сай безендірілуі тиіс.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, абзал жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, аяулы қыздар және қонақтар! Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алып, өздеріңізге арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай дей отырып тізгінді ТД-17 тобының жігіттері:Жолдыбаев Нүрсерік пен Ізтұрғанов Бауыржанға тапсырамын!

1. Нүрсерік:    Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2.Бауыржані: Қош келдіңіздер, құрметті аналар,колледжіміздің ұстаздары, қыздары!

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

Бауыржан -сен білесіңбе,ана деген керемет асыл жан,менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп,түн ортасында шөлдесем  тұрып шырын  беретін.

Ал ,менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі айтып,ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

1.Нүрсерік:

Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ,оған қалай қарайсың?

2.Бауыржан:

Дұрыс айтасың!Ендеше ортамызға Исаев Рахаттың орындауында  “Анашым” әнін қабыл алыныздар!

 

1.Нұрсерік:    Бауыржан  егерде маған біреу Әлемдегі  ең күшті нәрсе не? – десе,

– Әйелдің әмірі! – дер едім.

Әйелдердің барлығын

Жердегі Тәңірі! – дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын – әйел, ұлтын көбейтетін – әйел, ұрпақты ұластыратын – әйел, еркекті Ер ететін – әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры – әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті – әйел махаббаты.

2.Бауыржан: Өте керемет айттың  Нұрсерік  саған қосыламын!

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды,дей отыра тобымыздың бір топ жігіттерін ортаға шақырсақ.Алдарыңызда Аққұл Жарбол,Байджанов Рауан,Рахманов Нұрдәулет,Данатар Амангелді.Аналарға арналған жылы лебіздерін тыңдасақ!

2 Бауыржан: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Көрініс:Алдарыңызға  тобымыздың суретшісі:Дәрібаев Амандықты шақырсақ.

2.Нұрсерік:     Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған! “Ақынның сөзі – халықтың сөзі”.  8 наурыз мейрамы құтты болсын, ана! Ендеше  осы бір тұста ақын атамыз Мағжан Жұмабаевтың мына  бір шығармасын оқып берсем!

Үйдің іші ұйқыда, Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап. Бесікте бөбек ауру, Тербетіп отыр анасы. Үнсіз, меңіреу ұзын түн, Жел азынап тұр есіктен. Шөкиіп ана отыр, Жүрегіне біреу біз Сұғып алып кеткендей. Үнсіз, меңіреу ұзын түн .Шөккен қара бір нардай. Сарғайып, ана сарылып, демігіп, қызып, қысылып, Ауық-ауық, селк етед, Әлденеден шошынып. Селк етсе бөбек, ананың  Өзіне  ажал жеткендей. Шөкиіп отыр дем алмай… Таң алдында қара бұлт күңіреніп көкті жабады. Бөбегінің бетіне Ананың жасы тамады. Құрметті бауырлар аналарымызды қадірлей білейікші дегім келеді.
Ендеше  тобымыздың орындауында хор:”Әлемнің жарығын сыйладың сен маған”

1.Бауыржан:

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған

Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
2.Нұрсерік:

Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес.Деседе фотоапараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады.Олай болса колледжіміздің  ұстаздарына арналған бейнероликке назар аударсақ!
1.Бауыржан:

Еркелеп өстік, бала да болдық

Қуалап ойын далада қондық

Ананың сөзін құлаққа ілмей

Кей кезде көсем, дана да болдық

Есейдік енді аптықты беріп

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп

Қуансам деймін өзіңмен бірге

Ырысы менен бақ-құтты бөліп

Құрметті қызғалдақтай құлпырған қыздар! Мерекеден мерекеге аман-есен жете беріңіздер! Денсаулықтарыңыз зор болып, опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей,  езулеріңіз жиылмасын!

2.Нұрсерік:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік  ете  алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз  жете  алмаймыз.

Айнала  ұшып  сіздерді  көбелек  боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар  ажалдан  күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Сөз соңында тобымыздың әншісі:Исаев Рахатты шакырсақ.Ән “Ханшайым”барлық арулардың құрметіне арналады.
1.Бауыржан:

Құрметті қызғалдақтай құлпырған қыздар! Мерекеден мерекеге аман-есен жете беріңіздер!

Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.Олай болса баршаларыныздың шаңырақтарынызда береке,бірлік болсын, аман болыныздар!Бейбітшілік заман болғай!

2.Нұрсерік:Ендеше бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мың алғыс!Амандықта жүздескенше!