Эссе «Менің ауылым»


Қайрат Даулетхан
4 сынып оқушысы
Нахимов негізгі мектебі
Кенжегулова Бакыт Советовна, бастауыш сынып мұғалімі

Менің ауылым

Менің ауылым – Нахимовка.  Мен өз ауылымды жақсы көремін. Себебі бұл – менің туған жерім. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ауылда тұрамын, осында менің атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым, бауырларым, менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын, бірақ бәрі бар: балабақша, мектеп, дүкен. Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза.

Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды. Жазда өзенге шомылуға барамыз. Менің ауылда достарым да көп. Олармен татумын.

Біз егін өсіреміз. Көктемде, жазда, қыста мен әкеме көмек көрсетемін. Комбайнмен, трактормен жүремін. Қырда жұмыс көп. Болашақта ер жеткенде мен ауылға қайтып ораламын.  Сондықтан өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. «Ауылымның гүлденгені – Қазақ елінің гүлденгені» – деп ойлаймын.