Өлең «Абайды ойла»


Сейдагалиева Алтынай
7 сынып оқушысы
Нахимов негізгі мектебі
Асылбекова Лазат Жанбыршиновна, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

 

 

Достық

Достық біздің – ұранымыз,

Достық бізідің – қыранымыз

Дос болайық бәріміз,

Өйткені біз Тәуелсіз ел

Қазақстан ұланымыз.

 

Ана

Ана балғын жүрегі,

Шаршамайтын ешқашан.

Анамызды сүйейік,

Өмір бойы ұмытпай.

 

Көктем

Көктем келді шуақты,

Жылғалардан су ақты.

Табиғатқа қарасам,

Нұрлана қалған сияқты.

 

 

Денсаулық

Денсаулық бар адамда,

Денсаулық бар балада.

Денсаулығын сақтаған,

Мықты болар әманда.

 

 

 

 

 

 

Туған жер

Туған жер алтын бесігім,

Сайрандап өстім төрінде

Далаңда сенің естідім,

Бостандықтың лепті үнің.

 

Мектеп

Мектебіме барамын,

Жақсы баға аламын.

Өйткені мен сабақты ,

Елден бұрын оқимын.

 

Білім

Білім менің өмірім,

Білімсіз жоқ өмірім.

Оқып білім аламын,

Өмірдің үлкен қызығын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүлдер

Гүлдер қандай әдемі,

Әсем де көрікті.

Жақсы лебі әнімен,

Оятар бүкіл әлемді.

 

Ұстазым

Ұмытпаймыз қашанда,

Бақыт апайдың тәлімін.

Үлгісі көп ұстазым,

Тілін білген бәрінің

Бізбен бірге жүреді

Әдемісі-ай, жанының.

 

Күз

Сары, жасыл жапырақ,

Түсіп жатыр ағаштан.

Кел, балалар жинайық,

Осы піскен жидекті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайды ойла

Ақ парақ пен қолға қалам аламын,

Қазақ десе Абайды еске аламын.

Ел мен жерге қалдырған ақындығын,

Қазақ тілде жеткізген ақындығын.

Жылы – жылы қара сөзін төккізген,

Өзге тілді өз тіліндей билеген.

Қазақ болсаң өз тіліңді сүй деген.

Қазақ болсаң,Абайдай бол,

Бәрін оқып мәнерлеп,

Ақындай бол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы Абайға

 

Бізге қалған Абайдың ұлы сөзі,

Ғасыр бойы жетуде,жетілуде.

Көзін ашқан қазақтың қараңғыда,

Абайдың ұлы сөзі,оның өзі.

Шебер сөзді,терең ойды тудырған,

Өлең жырын бар әлемге сыйғызған.

Ақыл айтып артқы ұрпаққа қалдырған,

Ән мен күйін бізге оқытып жаздырған.

Абайды оқып ақындыққа сен жетіл.

Сөздің мәні,мағынасы жылысы,

Біздің елдің мәдениеттің ырысы.

Ақын болу көп оқудың бастысы,

Абай ақын әр қазақтың намысы,

Абайды оқу әр қазақтың тынысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең – жырдың тарланы

 

Өлең – жырдың тарланы Абай атам,

Мүсініңді сомдайды гауһар жырмен.

Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,

Жас ақындар өнеріңді жалғады.

Өзің едің өлең – жырдың тарланы,

Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.

Қуат алдым жырларыңнан нәр алдым,

Қолдасын деп Абай ата аруағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазағымның бір туар азаматы

 

Қазағымның бір туар азаматы

Халқы үшін жырлаған,

Тура жолды таңдаған.
Елің үшін ерен еңбегің,

Мына біздерге арнаған.

 

Қазағымның  бір туар азаматы,

Барша халқы мақтан тұтар ұлы ақынды.

Ақынның болашаққа аманаты,

Ізгі жолы- мол мұрасы!