«Мен жақсы көретін жануарлар. Буын» технологиялық сабақ картасы


Ажибаева Акжунис Толеновна

Нахимов негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пән: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:  «Өзім туралы»

Мектеп:  Нахимов негізі
Күні: Мұғалімнің атыжөні: А.Ажибаева
Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы   Мен жақсы көретін жануарлар. Буын.  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.                                                                                                          1.2.5.1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақ қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен)

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып

әңгімелейді. Сөздрді буынға және сөздегі буын санын анықтауға үйренеді. Мәтін иллюстрациясы бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақ қоя біледі.

Көптеген оқушылар: Өздіктерінен сурет бойынша оқиғаның ретін сақтай отырып әңгіме құрайды.  Сөздерді буынға бөледі және буын саны туралы түсіндіріп береді. Мәтін иллюстрациясы бойынша өздіктерінен сұрақ қояды және оған жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: Иллюстрациялық суреттер бойынша әңгімелейді. Өздіктерінен сөздерді  буынға бөле алады. Мәтін иллюстрациясы бойынша басқаларға әңгімелеп бере алады.

Бағалау критерийлері ·         Сөзді буынға бөледі және сызбамен  көрсетеді.

·         Сөздегі буын санын анықтайды.

 

Құндылықтарды дарыту

 

 

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық,

қамқорлық жасай білу құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, математика
АКТ қолдану дағдылары интербелсенді тақта, бейнетаспа
Бастапқы білім

 

Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып әңгімелеу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар
Сабақтың басы

      5 минут

(МК;Ұ.)Психологиялық ахуал.    «Гүлмен тілек»                                                                      Мақсаты: оқушылардың тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қарастыру.

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің түсіне қарай топқа біріктіріледі. 

 

Оқушыларды топтарға бөлу үшін

дайындалған үш түстен тұратын гүл

шоқтары

 

Сабақтың

ортасы

        

   15 минут 

Қызығушы лықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау

 

 

 

 

 

    2 минут                    

 

 

    4 минут  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды   

      бөлім

 

     4 минут                       

 

                   

 

МК.Жануарлар туралы жұмбақтар шешу:

 

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(Қой)

 

Жалп-жалп етіп сақалы,

Қолыңнан дәм татады.(Ешкі)

 

Өзі үлкен жануар,

Үстінде биік тауы бар.(Түйе)

 

Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем.(Жылқы)

 

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жапсырмасы бар,

Бір шыбыртқысы бар.(Сиыр)

 

-Жұмбақ шешіміндегі жануарлардың суретін тақтаға жапсырып отырады. Оқулықтағы тапсырмаларға сүйене отырып, осы жануарлар атауын атап, буынға бөледі. Сөйлем құрастырады. Буын сызбасына сәйкес құстардың атын табады.

 

1. «Stop-кадр» әдісі.

 МК; Т; Қ.«Жыл басына таласқан хайуандар» ертегісін

көрсету.

 

Ертегі не туралы?

Ертегіде қандай жануарлар бар?

Қандай жануар жыл басы болды?

Ол жылды қалай көрді?

 

Ой сергек!                                                                         

«Ит пе, мысық па?» ойынын ойнату

 

Ө. Интербелсенді тақтада сюжетті  сурет көрсетіледі, осы суреттің көмегімен балалар мәтінді әңгімелейді, дәлелдей отыра, өзінің білімін бағалайды.

Ж. «Төлдер қандай дыбыс шығарады?» ойынын ойнату.

– Бота не істейді?

– Бота боздайды.

– Құлын не істейді?

– Құлын кісінейді.

– Қозы, лақ не істейді?

– Қозы, лақ маңырайды.

– Бұзау не істейді?

– Бұзау мөңірейді.

  

Ө. Әр оқушы өзі ұнататын жануарлары мен құстары жайында әңгімелейді. Сосын «Неліктен ұнайды?» деген сұраққа жауап беріп, мұғалімнің көмегімен өз ойын дәлелдейді. Мысалы: қаз қаңқылдайды. Маған қаз ұнайды. Ол адамға пайдалы. Біз оның жүнін, жұмыртқасын, етін пайдаланамыз.

 

Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіріп, төлдердің атауын айт:       

Дескрипторлар:

 

 

 

 

 

Флипчард

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

( Балалар суреттерді ретімен тақтаға іледі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1 минут     Кері байланыс: ( МК; Т.)  
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Олардың қажеттілігіне қарай тапсырмалар беріп, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетемін. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беріп, олардың өз тобындағы оқушылармен ой бө-

лісуіне мүмкіндік беремін.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін олардың сабаққа ынтасын ескере отырып, әр тапсырманы қалай орындағанын бақылай отыра, сонымен қатар олардың қабілеттеріне қарай

тексеруді жоспарлаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы