«Турнир талантов»


 Захарова Софья, Балас Анастасия, Ескендирова Ленара, Зейнолла Айдана, Тұрсын  Дамир  
«№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ 3 «в» сынып оқушылары

 Жетекші: Балыкбаева Динара Советкановна

«№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

Семей қаласы

Зейнолла Айдана 3 «в» сыныбы

Эссе

Туған жерім -Қазақстан.

Туған жерім – Қазақстан,
Тәуелсіздігі жарасқан,
Көк байрағы желбіреп,
Көк аспанға ұқсасқан.

 

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Туған жер — күнделікті өмірде бізді қоршаған адамдар.   Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Біздің Қазақстан – көп   ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер   еңбектенуде. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас.  Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.Мен өз елімді жақсы көремін.Біздің еліміз гүлденсе,біз де гүлденеміз.Мен туған жерімді жақсы көремін.

«№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

Семей қаласы

Балас  Анастасия 3 «в» сыныбы

Шығарма

Менің Отаным-Қазақстан.

Отан — елдің анасы
Ел – ердің анасы

 

 

Отанды сүю-үлкен парыз. Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас,- деген қанатты сөз бар.Адамның туған жері көзге жылы,көңілге ыстық көрінеді .Адам баласы  туған жерін ешқашан  ұмытпайды. Менің туған жерім мен үшін қымбат.Мен туған жерімнің тұнық ауасымен дем алып ,бақытты өмір сүріп жатырмын. Маған өз туған жерім ұнайды.    Менің Отаным-Қазақстан.Мен Қазақстан  Республикасында тұрамын.

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы  Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. «Әркімнің өз жері – жұмақ», – дегені рас. Сондықтан  өз туған жерімізді, Отанымызды  қастерлеп және бағалауымыз керек!

Туған жерім – тұғырым,шаңырағым,

Ыстық маған кең байтақ өлкем менің,

Отаным менің-сүйікті жерім

Сен үшін өмір сүргім келеді,-

 

деген өлең жолдарымен   өз туған жеріме арнаған шығармамды аяқтағым келеді.

«№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

Семей қаласы

Захарова Софья 3 «в» сыныбы

Шығарма

Менің Отаным-Қазақстан.

 

 

Қазақстан — менің Отаным. Әр адамның тегі, аты, әкесінің аты бар. Менің елімнің тегі, аты, әкесінің аты қандай? Әнұран, елтаңба, ту! Мен Шығыс Қазақстан облысында тұрамын.Мен өз Отанымды,өз облысымды,өз қаламды жақсы көремін,өйткені   менің ата-бабаларым мұнда өмір сүрген.Бұл жерде ғұлама адамдар туып-өскен және өмір сүрген. Ұлы адамдар- Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов сияқты даналар  өмір сүрген. Енді біздің елде әртүрлі мәдениеттердің тұрғындары тұрады: қазақтар, орыстар,немістер, өзбектер, украиндар, татарлар және басқалар. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін біледі — бұл қазақ халқының тілі. Мен де қазақ тілін жақсы білемін.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тіл.Қазақстан Республиканың астанасы-Астана. Қазақстанда  адамдар еркін өмір сүреді

«№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

Семей қаласы

Ескендирова Ленара 3 «в» сыныбы

Эссе

Менің Отаным-Қазақстан.

 

 

 

 

Отаным – қазақ елім

алға ұмтылған,

Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес елу елдің қатарынан.

Көгілдір ту — бейбітшілік пен өркендеуді білдіреді. Күн сәулесі бар алтын күн — бейбітшілік пен байлық. Мен Қазақстанның  кең даласын, тауларын,  мөлдір көлдерін жақсы көремін. . Таулар мен жазықтар, өзендер мен көлдер, шексіз далалар мен құмды шөлдер — біздің бүкіл Қазақстанымыз. Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер және  шөптер өседі. Қазақстанда   әр түрлі   аңдар мен құстар және  жануарлар бар. Біздің  мемлекетте   ата-бабаларымыз, батырларымыз  туып өскен.

Мен Қазақстанды  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.  Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың негізгі  міндеті.

«№18 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

Семей қаласы

Тұрсын    Дамир 3 «в» сыныбы

Шығарма

Менің Отаным- Қазақстан.

Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Расында, сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген. Сондықтан, әрбір азамат қайда жүрсе де жүрегінің түбінде туған жерге деген құрметін сақтау керек.

Тарихымызға көз салсақ, осындай ұлан ғайыр кең дала ата-бабаларымыздың  асқан ерлігімен, қанымен жеткен. Отан тарихындағы  батырлар   Қабанбай,   Бөгенбай, Райымбек, Шыңқожа, Боранбай сынды тағы басқа елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін жас ұрпақ ортасына кеңінен насихаттау керек. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.  «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.

Туған жер,

Кеңсің дала

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала

Жан беретін

Тән беретін

Мейірімді ана сен ғана,-

Сәкен  Сейфуллиннің  өлеңімен осы шығармамды аяқтаймын.