Алтын күз


Жарқынбек Мерей

Жамбыл облысы,Тараз қаласы, №39 гимназия мектебінің оқушысы

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Күз – молшылық, байлықтың, берекенің айы. Иә, басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Қазіргі таңда менің қаламды күз айналып жүр. Күздің келгенін табиғаттың өзгеруінен байқады. Әрине, сарғайған жапырақтар, топталып ұшқан құстар бәрі-бәрі күз келбетін одан әрі әрлей түсуде.

Қырман басы тазаланып, бау бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Күн қысқарып, түн ұзарды. Адамдар күзді: «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп айтып жатады. Ал біз оны  «Алтын күз» деп  мақтанышпен айтамыз. Себебі күзде жапырақтардың барлығы дерлік сары түске еніп, жерге түсіп дала алтынға оранғандай болады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай.

Сарғайған жапырақ  және  қурап үлгермеген шөп – күзге  әсемдік, сұлулық береді. Иә, күз мезгілі мерекелерімен де керемет!  Мен күзді ұнатамын. Өйткені күзде мен жемістерге тоямын. Күз мезгілі тамаша! Міне, күз мезгілінде демалысқа да шықтық. Мен көбінесе далада табиғатты тамашалағанды жақсы көремін.

Далаға шыққан сәтте жылы киінген адамдар, сары түске боялған жапырақтар көз алдыңа келеді. Дегенмен кейде табиғат көңілсіз болып қалады. Сонда да мен күзді ұнатамын.