«Турнир талантов»


Қайрат Даулетхан, Сейдагалиева Алтынай
Нахимов негізгі мектебі оқушылары
Жетекші: Кенжегулова Бакыт Советовна, Асылбекова Лазат Жанбыршиновна 

                                               Махамбет

 

Өлеңімді жазғанда өзгерер ме?

Тарихымның қиындығын сездірер ме?

Қанша батыр, ақындар жырын жазған,

Сол сияқты Махамбетті көз көрер ме?

Өмір осы тарихымды оқытуда,

Махамбеттің өлең-жыры ағылғанда,

Елін қорғап, ханға қарсы бағынған ба?

Мен ақын емеспін, оқушымын

Осыны оқып өз ойыма тоқушымын

Исатай мен Махамбеттің бастағанын

Ел үшін жауға найза тастағанын

Біз қазақпыз намысымыз найза ілікпес

Елі, жері үшін жауға шапқан ештеңе етпес

Қанша жақын болсадағы біздің елге

Қазақ халқы, туған жерін, жауға бермес!!!

 

Махамбет

 

Махамбеттей ер болар,

Қазақтың жері кең болар

Исатайдай досымен,

Қас жауларын жер қылар.

Махамбеттей батырдай,

Қазақта болса көп бала,

Жауларына тартынбай,

Шығар еді топ жара.

Махамбеттей ағамды,

Өзіме үлгі тұтамын.

Барша жұрт – ғаламды,

Ақындыққа тартамын.

Өзі батыр, өзі ақын,

Үлгі болар ұрпаққа.

Өлеңінде бұл ақын,

Ерлікке тартпаққа.

 

 

Махамбет деген ер болған

 

Туған  елі, жері үшін,

Бағын ойлап ұрпақтың

Жауға қарсы шыққан ер!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай  қайратты

Намысын  жауға бермеген,

Егеулі найза қолға алып,

Ерлікпен елін қорғаған

Сол үшін де өзінің

Қасық қанын  қиған ер!

Махамбеттей батырдың

Ерлігін жырлай беруге

Мен дайынмын қалың ел!

 

 

Махамбеттей ағамыз

 

Менің атым – Алтынай,

Махамбеттей ерлерім.

Елім деп өскен өрленім,

Махамбеттің барында

Қорықпай өскен қыз едім.

Махамбеттей ағамыз,

Одан үлгі аламыз

Бойына барлық ақындықты,

Жинап алған ағамыз.

Махамбеттей батырдай,

Елімде болса ақындар

Батырлық пен ерлікті,

Жырлап өтер жасырмай.

 

 

Эссе

Махамбет

 

Махамбеттің жырлары қазақтың мол өлең қазынасында тек сұлулығымен ғана емес, қызулығымен, қиып түсер өткірлігімен ерекше тұрған дүние. Ол жаудың басына қара бұлттай қатер төндіре, дауыл алдында саңқылдаған дауылпаздай.

Халықтың азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен де, азаткер асқақ жырымен де нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасық қанын қиған Махамбет Өтемісұлы осындай адам еді.

Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асылын – еркіндікті,

теңдікті аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өшпенділігін, антқа берік, атқа мықты азаматтың арыстандай ерлігін көкке көтере жырлады. Қаһарман ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыны қармаған қалың қазақтың ақ жүрегіне асау толқу салды, көңіліне жел берді. Махамбет жырларын оқыған адам күні бүгін де осылай тебіреніп, ақынмен бірге айқасқа кіргендей, жеңіс қуанышын, жеңіліс күйінішін бірге кешкендей болады. Ақынның құдіретті сөзінің күні бүгінге дейін сыры кеткен жоқ, сыны түскен жоқ. Махамбет жырлары халқымыздың рухани қазынасының ең асылы саналады. Махамбет есімі мен істерін келер ұрпақтарымыз да яғни біздер замандар бойы мақтаныш етіп, қастерлеп сақтамақшымыз. Ағамыз біздерді батырлыққа, ерлікке шақырған.Осы өлеңдерін бізге үлгі еткен.Біз соны жалғастырушы ұрпақпыз.

Менің ауылым

Менің ауылым – Нахимовка.  Мен өз ауылымды жақсы көремін. Себебі бұл – менің туған жерім. Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ауылда тұрамын, осында менің атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым, бауырларым, менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын, бірақ бәрі бар: балабақша, мектеп, дүкен. Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза.

Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды. Жазда өзенге шомылуға барамыз. Менің ауылда достарым да көп. Олармен татумын.

Біз егін өсіреміз. Көктемде, жазда, қыста мен әкеме көмек көрсетемін. Комбайнмен, трактормен жүремін. Қырда жұмыс көп. Болашақта ер жеткенде мен ауылға қайтып ораламын.  Сондықтан өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. «Ауылымның гүлденгені – Қазақ елінің гүлденгені» – деп ойлаймын.