Сенсорика ҰОҚ дидактикалық ойындар жинағы


 Ермекова Жанбота Талгатовна
 «Балдырған» бөбектер бақшасы» МҚКК тәрбиешісі

 

Әдістемелік куәлік №1

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Саяхатшы ойыншық»

Мақсаты: Пішіндер туралы білімдерін кеңейту.

Ойыншылар саны: 10-15 бала.

Керекті құралдар: Геометриялық пішіндер, көкөністер,ойыншық қоян.

Ойын барысы: Бала өзіне ұнайтын ойыншықты алып ортаға шығады.

Айналасына әр түрлі түстегі пішіндердің қоямыз.

Тапсырма
Балаға кеңістікте қайдай бағытта қалай жүру керек екенін айтып отырамыз.

Саяхат  барысында кездескен пішіндерді атау керек.
Мысалы .
Алмастың ойыншығы / қояны/ орманды аралауға шығыпты.

Бір кезде адасып қалады. Үйге бару үшін бірлесе тапсырманы орындайық

1.   Алмас қояныңмен бірге алдыға қарай 3 қадам жүресің.. Қандай пішінді

кездестірдіңдер?
2. Оңға жүрсең алдыңнан бақшада өсіп тұрған көкөністерді кездестіресің.

Қоян   сәбізді ұнатады. Сәбіздерді сопақша ыдыстарға жинап алайық.
3.       Солға жүрсең ойыншығыңа арналған әдемі үйшік тұр.

Шатыры қандай пішінге   ұқсайды?

 

 

Әдістемелік куәлік №2

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Көжекті жасыр»

Мақсаты: Төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген нысанды таңдауға үйрету.

Ойыншылар саны: 5-6 бала.

Керекті құралдар: Екі түске бөлінген карточкалар (алаңқайлар), көжектер:

қызыл, көк (әр балаға  әр түстен).

Ойынның барысы: Балалар  көжекті екі түске бөлінген алаңқайларға

орналастыру керек. Көк түсті көжекті көк алаңқайға, ал қызыл көжекті

қызыл алаңқайға.

Әдістемелік куәлік №3

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Макарон моншақтар»

Мақсаты: Балаларға моншақ жасауды үйрету.

Ойыншылар саны: 10-15 бала.

Керекті құралдар: Әр балаға түрлі түске боялған макарон өнімі жіне жіп.

Ойынның барысы: әр балаға макарон өнімдерінен  тізбектелген моншақтар

үлгідегідей беріледі.Үлгідегідей етіп, әр-түрлі түсте боялған  үш түрлі

көлемдегі макарон өнімдерінен жасалған моншақтарды жіпке тізбектейді.

Әдістемелік куәлік №4

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Шыршаны безендір»

Мақсаты: Заттың түсің ажырата білу, тәрбиеші сұрағын дұрыс түсіне білу.

Геометриялық пішіндер жайлы түсініктерін кеңейту.

Ойыншылар саны: 5-6 бала.

Керекті құралдар: Шырша, түрлі түсті пішіндер.

Ойынның барысы: Балалар шыршаны қызыл, жасыл ,сары, көк түсті

пішіндермен безендіру керек.Әрбір ойыншықтың пішінің сұрайды.

( ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек).

Әдістемелік куәлік №5

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: Үлкен –кіші.

Мақсаты: Балаларды үлкен – кіші ұғымымен таныстыру.

Ойыншылар саны: 5-10 бала.

Керекті құралдар: әр түрлі көлемдегі үлкен- кіші заттар.

Ойынның барысы: Балаларға әр түрлі көлемдегі заттарды беріп ,

кішіден –    үлкенге қарай айтқыза отырып, көрсетеді.

Әдістемелік куәлік №6

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: Түрлі түсті жолақшалар.

Мақсаты: Балаларды ұзын – қысқа , түрлі – түсті жолақшаларды ажырата

білуге үйрету.

Ойыншылар саны: 10-15 бала.

Керекті құралдар:.ұзын – қысқа, түрлі – түсті жолақшалар.

Ойынның барысы: Балаларға үзын- қысқа жолақшаларды беріп ,

оларды   салыстырып, қайсысы  ұзын, қайсысы қысқа екенін анықтау.

Әдістемелік куәлік №7

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: Түрлі түсті маталар.

Мақсаты: Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету арқылы таным

белсенділіктерін арттыру.

Ойыншылар саны: 5-10 бала.

Керекті құралдар:.Түрлі – түсті мата қиындылары.

Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға мата қиындыларын таратады да,

өзі бір түсті атайды. Орнында отырған бала тез орнынан тұрып , ортаға

жүгіріп шығуы тиіс.

Әдістемелік куәлік №8

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: Қонжықтар.

Мақсаты: Заттардың мөлшерін , шамасын салыстыру. Аз  – көп түсінігін

қалыптастыру.

Ойыншылар саны: 5-6 бала.

Керекті құралдар:.Үлкен – кіші суреттер.

Ойынның барысы: Балалар үлкен – кішкентай қонжықтарды анықтайды.

Үлкен қонжықтарды бір жаққа , кішкентай қонжықтарды бір жаққа қою

ұсынылады.

Әдістемелік куәлік №9

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы:  «Балықты ұста»

Мақсаты: балаларға заттың түсін дұрыс ажыратып, атай білуге үйрету.

Ойыншылар саны: 5-6 бала.

Керекті құралдар: Аквариум,түрлі түсті балықтар, қармақ.

Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға балықты қармақппен ұстап ,

қармаққа түскен балықтың түсін атауды сұрайды. Содан кейін балықтың

түсіне сәйкес топта қандай зат бар екенің атауды сұрайды.

Әдістемелік куәлік №10

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы:  «Кілтті тап»

Мақсаты: Балаларды түстерді , геометриялық пішіндерді ажырата білуге

үйрету, көру , ойлау қабілеттерін арттыру.

Ойыншылар саны: 5-10 бала.

Керекті құралдар: Түрлі – түсті құлып суреттері және геометриялық

пішіндер.

Ойынның барысы: Балаларға қызылғ көк , сары , жасыл, құлыптарды

тарату, балалар олардың кілттерін , яғни кілттерді түстеріне сәйкес

табуы керек.

Сенсорика  ҰОҚ бойынша дидактикалық ойындарының

картотекасының тізімі:

1.«Саяхатшы ойыншық»

2. «Көжекті жасыр»

3.«Макарон моншақтар»

4.«Шыршаны безендір»

5.Үлкен – кіші.

6.Түрлі – түсті жолақшалар.

7. Түрлі түсті маталар.

8.Қонжықтар

9. Балықты ұста.

10. «Кілтті тап»

Сенсорика ҰОҚ бойынша дидактикалық ойындар картотекасы