«Турнир талантов»


Байгонос Ерасыл, Дәулетбек Әсемгүл, Ердос Жанәділ, Ержан Рахым, Әлібай Шұғыла Абайқызы, Әлімбай Томирис Берекеқызы, Жүзбай Арайлым Абылайқызы, Қойшыбай Армангул, Құттвай Арайлым, Нығыманов Ілияс Бекзатұлы
«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ оқушылары
                        Жетекші: Байхазан Алмагүл, Тусупова Айжан Тлеужанкызы, Садвакасова Кулайым, Байхазан Алмагүл                                                            

 

«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

1 «б» сынып оқушысы БАЙГОНОС ЕРАСЫЛ

 

Менің жанұям

 

Жанұя деген ол отбасындағы адамдар. Отбасы – ол менің ата-анам жəне карындасым. Мен отбасы деген 2 түрлі болады деп ойлаймын. Олар үлкен жəне кішкентай отбасылар. Мысалы үшін менің отбасым өте үлкен. Өйткені менің отбасымда əкем, анам, қарындасым жəне ата-əжем, сосын менің

əкемнің іні-қарындастары бар. Олар маган аға-əпке болады. Менің ата-əжем ауылда тұрады. Мен оларга жиі барамын. Əкем мен анам жұмыс жасайды. Мен мектепке барамын. Ал қарындасым балабақшаға барады. Қарындасым екеуміз ойнаймыз. Менің көрші достарым да бар. Олармен біз далада кұммен ойнаймыз, машина ойнаймыз. Ал демалыс күндері ауылга ата-əжеме

барамыз. Мен өз отбасымды жаксы көрем.

 

Жанұя- ол менің анам,

Жанұя- ол менің əкем.

Жанұя – ол отбасы,

Жанұя- ол менің елім.

Жанұя- ол Отан,

Отанды сүйе біл.

Жанұя- ол Жер,

Жеріңді аяла.

«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

3 «Г» сынып оқушысы ЕРЖАН РАХЫМ

 

ДОСТЫҚ

 

 

Дос дегенің байлық қой,

Сондықтан да құметте.

Досың болса сырласатын,

Іздемейсің ештеңе.

 

Досың менен тату бол,

Қас боп кетсе қайтесің.

Сондықтан да ренжітпе,

Досың барда еркесің!

«Осакаровка кентінің

№1 орта мектебі

базасындағы тірек мектебі

(ресурстық орталығы)» КММ

4-сынып оқушысы

Қойшыбай Армангул

 

 

 

 

Ұстазым  ұлағатым

 

Біздің өміріміздің алғашқы кірпішін қалайтын ол – ұстаз. Ұстаз бізді өмірде адаспай, дұрыс жолмен жүруге бағыттайды. Ұстаз біздің екінші анамыз сияқты. Ол біз қуансақ қуанады ал қайғырсақ қайғырады.  Сондай жаның бірі ол менің ұстазым. Менің ұстазым өте жақсы адам білімді,ақылды. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып , көп нәрселерді үйретеді.  Ол біздің қамқоршымыз. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Қуанышгүл апай әр шығарманы байсалды үнімен оқи отырып асыл ойды санамызға берік, нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын жан. Тарыдай болып келген бізді таудай қылып шығарады. Сондықтанда ұстаздың алдында бас ию біздің парызымыз. Мен өз ұстазымды  мәнгі бақи мақтан етемін . Себебі  ол мен үшін орны бөлек тұлға.

«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

3 «Г» сынып оқушысы Құттвай Арайлым

 

Туған жерім, Аяулым!

 

 

Асқарлы туған жерім, өз елім

Тай-құлындай ойнап өскен білемін.

Сұлу сенің ойлы-қырлы жерлерің

Жайқалады әр үйдегі бақша –бауың!

 

Туған жерім, ыстық менің ауылым,

Маған ыстық қырат жерің, әр белің.

Арайлап атқан таңың қымбат маған,

Қымбат маған, әр тасың, әр гүлдерің!