«Тіл тірегім, соғып тұрған жүрегім!»


Гүлжаз  Янжимақызы
Көкшетау қаласы №38 «Сәуле» бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілетін арттыру. Тіл халықтың рухани мәдениет байлығының дамуын үйрету. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слаид, плакат, сергіту сәті, видео, суреттер

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, ән-күй.

Әдіс – тәсілдері: Аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Екі – екіден балалар музыкамен балалар топқа кіреді.

Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса балалар, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң балалар,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті.

Төріме міне еніпті,

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме қонақтар?!.

Тәрбиеші: Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату – тәтті доспыз. Қанекей, ендеше отыра қойыңдар. Жарайсыңдар балалар!. Бүгін бізде ерекше күн. Тіл тірегім, соғып тұрған жүрегім! – деп сабағымызды бастайық.

Осы жерде ғажайып сәт: видео. (ұшақ ұшып келу.)

Есік қағылып, шет мемлекеттен қонақ келеді.

Тәрбиеші:  Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

Қонақты қарсы алу: Үстел дайындау, дастархан жайылу.

Шетел қонағы: Хеллоу!!! Менің атым Маик. Сәлеметсіңдер ме балалар!. Балалар бұл қай мемлекет?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Қонақ: Сендер Әнұрандарыңды білесіңдер ме?!.

Балалар: Иә, білеміз. (Әнұран орындау)

Қонақ: Жарайсыңдар!. Жақсы. Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме.

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Қонақ: Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

Балалар: Астана қаласы.

Қонақ: Қазақстан республикасының Елбасы кім.

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қонақ:  Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

Балалар: қазақ тілі.

Қонақ. Жарайсыңдар керемет!. Гуд гуд.

Тәрбиеші: Ал ендеше Маик біздің балалар ана тілі туралы тақпақтар біледі. Сіз тыңдап көріңіз.

1.     Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың елдігің.          Бэлла

 

2.     Ана тілім

жүрегісің анамның,

Жүрек ана

мен өзіңмен жаралдым,        Аида

 

3.     Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламыз,

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның             Богдан

 

4.     Ана тілім

Қазақ тілім туған тіл

Қасиетті тіліміздің бәрін біл,

Ана тілді құрметтеңдер адамдар

Заманға ай өзге тілдің бәрін біл.        Ақан

 

5.     Қазақстан халқының

Қазақ тілі тірегі,

Ана тілде айтылар

Әнұраны жүрегі                  Тілеген

 

6.     Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді              Мәлика

 

Қонақ: Тамаша, жарайсыңдар балалар!. Рахмет сендерге. Мен сендерден көр нәрсе біліп алдым. Сендер көп біледі екенсіңдер. Енді маған рұқсат. Кетейін. Сау болыңдар!. Бай бай.

Балалар: Сау болыңыз.!

Сергіту сәті:   Видео арқылы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!. Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра жырлаған. Балалар қазақтың атақты неше биін білеміз?

Балалар: Қазақтың үш биі бар.

Тәрбиеші: Олар кімдер?.

Балалар: Төле би, Қазбек би,Әйтеке би.(Слаид)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Қазақ халқының атақты билері тіл туралы сөз айтқан екен. Сол үш бидің сөзін қазір біздің балаларымыз айтып береді.

1.     Төле би:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.                   Асанәли

 

2.     Қазбек би:

Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашиы бір сермейік,

Қаңға сіңген ана тілін халқым ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік          Нұрәли

 

3.     Әйтеке би:

Қазақ қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргелі,

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі                            Александра

 

Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар балалар!. Менің балаларым сондай ақылды. Балалар сендер қазақ халқының қандай ойындарын білесіңдер?.

Балалар: Асық ату, арқан тарту. Көкпар. (Слаид көрсету.)

Тәрбиеші: ал ендеше асық ойынын ойнайық.

Ойын ойнау: Асық ату.

Тәрбиеші: Ой ақылдыларым менің. Ал енді барлығымыз орнымызға отыра қоямыз.

Жұмбақ:

1.     Тілден ұшып құлаққа қонады  (сөз)

2.     Қабат қабат қаттама, ақылың болса аттама  (кітап)

3.     Оттан да ыстық ол не? (Отан)

4.     Жерге тырс тырс тамады. Сайға қарай ағады шешуін кім табады. (жаңбыр)

Сергіту сәті: Мынау менің басым, бәрі осыдан басталған.

Мынау менің жүрегім, бәрі осыны басқарған,

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым,

Мынау менде оң аяқ, мынау менде сол аяқ.

Бір екі үш, біз жинаймыз күш.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Отыра қойыңдар. Балалар кім мақал мәтел біледі.

1.     Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

2.     Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле

3.     Өнер алдыв қызыл тіл

4.     Жақсы сөз жарым ырыс.

 

Тәрбиеші:   Жақсы рахмет!.

Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта не туралы өттік?.

Балалар: тіл туралы.

Тәрбиеші: Сендерге сабақ ұнады ма?

Балалар: иә.

Тәрбиеші: Балалар бүгін сабаққа барлығың жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге!!!.

Балалар: Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!.