3-ші аналитикалық топ катиондарының дербес реакциялары


Абылхалимова Аяулым Сериковна

«Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК

жаратылыстану пәндерінің оқытушысы

«Ж.ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ ЕСІЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»КМҚК

КГКП «ЕСИЛЬСКИЙ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж. КИЗАТОВА»

 

Пән /Предмет:      Аналитикалық   химия        Топ/группа:  20

Мамандық:  1513000  «Мал дәрігерлік»

Оқытушы/Преподаватель: ___ А.С.Абылхалимова              Күні _________

 

САБАҚТЫҢ  ЖОСПАРЫ / ПЛАН ЗАНЯТИЯ       №  26

Сабақтың тақырыбы /Тема занятия:    3-ші аналитикалық топ катиондарының дербес реакциялары

Сабақ мақсаттары, міндеттері /Цели занятия и задачи:

Білімділік:

·        III аналитикалық топ катиондары жайлы алған білімді бекіту;

·        III аналитикалық топ катиондарының жалпы сипаттамасын, ауыл шаруашылығында колданылуын және жануарлар мен өсімдіктер ағзасындағы маңызын  қайталау;

·        III топ  катиондарына тән арнайы (спецификалы) реакцияларды қарастырып, олардың басқа топ катиондарынан ерекшелiктерiн анықтау.

Дамытушылық:

·        3-ші аналитикалық топ катиондарын қоспа құрамында ажырата білуге

дағдыландыру;

химиялық құрал жабдықтар мен  реактивтерді дүрыс пайдалана білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік:

·        студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, алға қойылған  мақсатқа жете білуге тәрбиелеу;

·        болашақ мамандығына деген сүйіспеншлікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі /Тип занятия:    Зертханалық – практикалық сабақ.

Оқыту әдiстерi / Методы обучения: әңгімелесу, еске салу, демонстрация, сұрақ – жауап, талдау, топпен жұмыс.

Көрнекiлiк /Материальное оснащение: заттардың ерігіштік кестесі, реактивтер, химиялық ыдыс – аяқ, интерактивті тақта, слайдтар, видеоматериал.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ / ХОД И СОДЕРЖАНИЕ ЗАНЯТИЯ

1.Сабақты ұйымдастыру /Организация занятия:  сабаққа қатысушыларды белгілеу

(3 мин.)

2. Оқушылардың тiректi бiлiмдерiн актуализациялау /Актуализация опорных знаний:(20 мин.)

Сабағымыздың келесі бөлігі «Кім өжет» атты сайспен жалғаспақ. Ол үшін уш топқа бөлініп, әр топ өзіне тиісті тапсырмаларды орындау тиіс. Жылдам және тапсырмаларды дұрыс орындаған топ жүлдегер атанады.

I топ  тапсырмалары:

1.Формиатты буферлік қоспаның құрамы неден тұрады? (Құмырсқа қышқылы мен натрий формиаты);

2. Реакция теңдеуін аяқта, реакция қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? Жауабыңды дәлелде: K2SO4+BaCl2=

Жауабы: K2SO4+BaCl2=BaSO4↓+2KCl реакция қайтымсыз, өйткені тұнба тұзді.

3.Өсімдіктердің минералды қоректенуіне I топ катиондарының қайсысы қажет?(K+, NH4+)

II топ  тапсырмалары:

1.Ацетатты буферлік қоспаның құрамы неден тұрады?( Құмырсқа қышқылы мен натрий ацетаты);

2. Реакция теңдеуін аяқта, реакция қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? Жауабыңды дәлелде: AgNO3+NaCl=

Жауабы: AgNO3+NaCl=AgCl↓+NaNO3 реакция қайтымсыз, өйткені тұнба тұзді.

3. II топ топ катиондарының қайсысының фосфаты мен карбонаты адам және жануарлар сүйегінің құрамында болады?(Ca2+)

III топ  тапсырмалары:

1. Фосфатты буферлік қоспаның құрамы неден тұрады? (Натрийдің дигидрофосфаты мен гидрофосфат);

2. Реакция теңдеуін аяқта, реакция қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? Жауабыңды дәлелде: BaSO4+Na2CO3=

Жауабы: BaSO4+Na2CO3=BaCO3+Na2SO4 реакция қайтымды, өйткені тұнба, газ түзген жоқ және жақсы диссоциацияланды.

3.Гемоглобиннің құрамына кіріп, молекулярлық оттегінің құрамына кіріп, жасушаларға оны тасымалдауға қатысатын катион?(Fe3+)

3. Жұмыстың орындалуы туралы нұсқау/Инструктаж о выполнении работы(50 мин.)

А) жұмыстың сипаттамасы және көлемі/характер и объем работы: Жұмысты орындамас бұрын келесі тақырыптарды қайталау қажет: Катиондардың классификациясы. 3-ші аналитикалық топ катиондарының жалпы сипаттамасы. 3-ші аналитикалық топ катиондарының химико – технологиялық бақылаудағы маңызы.

·        III топ  катиондарын ата?

·        III топ  катиондарынның сульфидтері суда ери ме? Неге?

·        Берілген топ катиондары қайда жақсы ериді?

·        Топтық реагентін ата?

·        III топ  катиондарының агрхимиялық маңызы қандай?

·        Берілген топ катиондары өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ненің қоспасы түрінде кездеседі?

Интерактивті тақтаның көмегімен студенттер дайындаған «3-ші аналитикалық топ катиондарының ветеринария саласындағы маңызы» атты видеоматериалды көру.

Б ) орындау әдісі/методика выполнения: демонстрация, эксперимент, әңгімелеу, талдау.

В ) қауіпсіздік техникасы/техника безопасности:

* реактивтермен жұмыс жасаған кезде абай болу;

* спиртовканы дұрыс пайдалану;

* химиялық шыны ыдыстарды дұрыс қолдану;

* жұмыс орнын жинастыру.

 

 

 

Зертханалық жұмыстың барысы: Сабағымыздың ендігі бөлігі «Қызықты зертхана»деп аталады. Әр топ алдына қойылған нұсқаманың көмегімен көрсетілген катиондырдың дербес реакцияларын орындау тиіс.

Зертхана жұмысының нұсқамасы:

3.Үшінші топ катиондарына тән  (дербес)   реакциялар

1-тәжірибе:

Алюминий катионына   Al 3+ тән реакциялар

Жұмыстың орындалу тәртібі:

а) 4-5 тамшы алюминий тұзы бар пробиркаға 2н. натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу керек. Реакция теңдеуін жазып және тұнбаның түсін анықта. Түзілген заттарды ата.

NaOH және KOH алюминий тұздарынның ерітіндісінен аморфты ақ түсті гидроксид тұнбасын бөледі. AlCl3+3NaOH=Al(OH)3↓+3NaCl.

Алюминий гидроксидінің амфотерлігіне көз жеткізу үшін қоспаны екіге бөліп, біреуіне кұкірт ышқылын, екіншісіне сілті қосып, тұнбаға назар аудару керек.

Жауабы: Al(OH)3++3HCl=AlCl3+3H2O;

Al(OH)3+ NaOH=NaAlO2+2H2O.

б) 3-4 тамшы Al2(SO4)3 бар пробиркаға сонша тамшы NH4OH қосу қажет. Реакция теңдеуін жазып, тұнбаның түсін анықта. Түзілген заттарды ата.

Жауабы: Аммоний гидроксиді алюминий иондарымен ақ түсті аморфты тұнба тұзеді:

Al2(SO4)3+6NH4OH=2Al(OH)3↓+3(NH4)2SO4.

 

2-тәжірибе:

Темір катионына   Fe 3+ тән реакциялар:

a)3-4 тамшы Fe 3+  ионының тұзына 3-4 тамшы NaOH қосып, тұнбаны бақылау керек. Реакция теңдеуін жазып, тұнбаның түсін анықта. Түзілген заттарды ата.

Тұнба қышқылдарда ери ме?

Жауабы: NaOH және KOH темірдің тұздарымен қою қара түсті тұнба түзеді.

FeCl3+3NaOH=Fe(OH)3↓+3NaCl

(Темірдің үшгидроксиді қышқылдарда ериді:Fe(OH)3+3HCl=FeCl3+3H2O).

б)2-3 тамшы Fe 3+  ионының тұзына 1-2 тамшы K4[Fe(CN)6] (калий гексацианоферраты) қосып, тұнбаның түсін бақыла. Реакция теңдеуін жазып, тұнбаның түсін анықта. Түзілген заттарды ата.

Жауабы: 4FeCl3+3K4[Fe(CN)6]= Fe4 [Fe(CN)6]↓+12KCl қою көк түсті тұнба түзеді.

3-тәжірибе:

Темір катионына   Fe 2+ тән реакциялар:

а)3-4 тамшы Fe 2+  ионының тұзына 3-4 тамшы КOH қосып, тұнбаны бақылау керек. Реакция теңдеуін жазып, тұнбаның түсін анықта. Түзілген заттарды ата.Тұнба қышқылдарда ери ме? Неге?

Жауабы: NaOH және KOH (Fe 2+  ) темірдің тұздарымен жасыл түсті тұнба түзеді.

FeCl2+2КOH=Fe(OH)2↓+2КCl

(Fe(OH)2 амфотерлі болмағандықтан тұнба тек қышқылдарда ериді).

 

4-тәжірибе:

Темір катионына  Ni 2+ тән реакциялар:

3-4 тамшы никель тұзына 3-4 тамшы сілті қосып, тұнбаның түсін бақылау қажет. Реакция теңдеуін жазып, тұнбаның түсін анықта. Түзілген заттарды ата. Тұнба қышқылдарда ери ме?

Жауабы: NaOH және KOH   никель ионының (Ni 2+ )тұздарымен жасыл түсті тұнба түзеді.

NiSO4+2NaOH=Ni(OH)2↓+Na2SO4

(Тұнба қышқылдарда ериді)

 

Зертханалық жұмыстың нәтижесі кестеде көрсетілуі тиіс:


Зерттелетін катион
Әрекеттесуші зат
Реакция
теңдеулері
Байқалған

өзгерiстер

(тұнба түзу, тұнбаның түсі, газ боліну)
Бақылау сұрақтары:

1.     Амфотерлік қасиет деген не?

2.     Қайтымды реакциялар қалай жүреді?

3.     Үшінші топ катиондарының адам мен жануарлар өміріндегі маңызы қандай?

4.     Ветеринарияда қолданылатын медициналық препараттардың құрамын кіретін үшінші топ катиндарын ата.

4.Материалды бекiту /Закрепление материала: (15 мин.) Сабағымыздың ендігі бөлігі «Химияда біз мықты» деп аталады. Әр топ берілген тапсырмаларға жауап жазады, қай топ тапсырмаларды дұрыс және жылдам орындаса, сол топ  химияда ең мықты аталады

Алдарыңдағы химиялық заттар жазылған қағаз кеспелерінен реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіріңдер, тотығу – тотықсыздану реакциясын тақтаға жазыңдар:

I топ :

FeSO4+HNO3+H2SO4=

6FeSO4+2HNO3+3H2SO4 = 3Fe(SO4)3+2NO↑+4H2O

2Fe2+ – 2e-  = 2Fe3+    3

N5+ +3 e- = N2+        2

II топ:

 

MnSO4+(NH4)2S2O8+H2O=

2 MnSO4+5(NH4)2S2O8+8H2O=2HMnO4+5(NH4)2SO4+7H2SO4

Mn2+ – 5e- = Mn7+           2

S2O82- + 2e-= 2SO42-     5

 

III топ:

Mn(NO3)2+PbO2+HNO3=

2Mn(NO3)2+5PbO2+6HNO3=2MnO4+5Pb(NO3)2+2H2O

Mn2+- 5e- = Mn7+           2

Pb4+ – + 2e-= Pb2+           5

 

Слайдтарда көрсетілген колмплексті қосылыстардың атын атаңдар:

K [Fe(NH3)2(CN)4]-  калийдің (III) тетрацианодиамминферраты

(NH4)2[Pt(OH)2Cl4]- аммонидің (IV тетрахлородигидроксоплатинаты)

[Сr(H2O)3F3]- үшфтороүшаквахром

 

·              III топқа қандай катиондар жатады?

·               Қандай реагенттер топ реагенті деп аталады және оларға қандай талап қойылады?

·              Реакцияның орындалу жағдайлары. Сезімталдық, таңдамалы және спецификалық (арнайы) реакциялар дегеніміз не?.

·               Сутектік және гидроксильдік көрсеткіш. Буфер ерітіндісі.

 

5.Материалды жинақтап қорыту, бағалау /Обобщение материала, подведение итога занятия (2 мин.): студенттер келесі пунктер бойынша бағаланады:

А)сұраққа жауап;

Ә)топпен жұмысқа белсенді қатысу;

Б)қауіпсіздік ережесін сақтау;

В)зертханалық жұмысты орындау.

6.Үйге тапсырма /Задание на дом: тақырыпты қайталау.

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.     И.К.Цитович «Аналитическая химия», 90-98 бет;

2.     И.К.Цитович «Курс аналитической химии», 134-150 бет;

3.     К.М.Ольшанова «Аналитическая химия», 161-172 бет;

4.     Н.Л.Глинка «Общая химия», 563-572 бет;

5.     В.М.Потопов «Химия», 89-95 бет.