Қазақтың бағына біткен -Елбасы


Нұрмолда Назира Орасқанқызы
«Семей»Медициналық колледжі» мекемесі 2м/с 2К тобы студенті
Жетекші: Батишев Жұмабек Алпысбаевич

                     «Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Орындаған: Нұрмолда Назира Орасқанқызы

Жетекшісі: Батишев Жұмабек Алпысбаевич

 

Қазақтың бағына біткен Елбасы

Қазақстан – өз  ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қаншама тар жол тайғақ  кешуден өтіп, ғасырлар сынынан өткен, ұлы халық. Ата-бабамыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен, қасық қаны қалғанша, ұрпақ үшін қорғап қалған жерінде бүгін біз құшақ жайып өмір сүрудеміз. Осы бейбіт күннің тарихына үңілсем «кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» деген ой санамда сайрап жатады. «Қазақ»болып қалыптасуымыздың  түп тамыры тереңде жатыр. Бұл жолда талай боздақтар мен саңлақтар қыршын кетті. Олардың көрген бейнеттерінің зейнетін бүгінде біз көрудеміз. Қазіргі таңда бейбіт күннің батырларына елі үшін аянбай еңбек етіп, салиқалы саясатының арқасында бүкіл Қазақстанды бір тудың астына жинап отырған елбасымызды айтсақ болады. Тұңгыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жаһанданған 50 елдің қатарына қосылып, әлем мойындаған тұғырлы мемлекет қатарындамыз. Елбасымыз қазақ халқының өсіп өркендеуіне, жандануына, көркейуіне үлес қосып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келе жатқан қоғам қайраткері. Жер бетіне сөзін өткізіп отырған бүгінгі заманның нағыз батыры және көрнекті саясаткері. Бүгінгі таңда әлем мойындап отырған Тәуелсіз Қазақстанда қалыптастырушы, Астананы көркейтіп, жаңа қалаларды тұрғызып,индустрияландырудың жаңа жобасын еліне әкелуші, болашаққа бағыттап бара жатқан  ұлы тұлға.

«Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол»

-деп ұлы Абай атамыз айтқандай. Бұл кісінің де қазіргідей ел басқарып отыруы бір күннің ермегі емес, маңдай тердің жемісі. Қарапайым отбасымда туып-өсіп, ата өсиеті мен ана ғибратын тыңдап,тәрбиелеген ұлтжанды азамат. Алматы облысы, Қарасай ауданында қарасты, Шамалған ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастаған. Ауылдан шыққан қарапайым ғана қазіргі әлемдік деңгейге, аса көрнекті мемлекет қайреткері дәрежесіне дейін өрлеуі оның  ақыл-ойының, тынбай еңбек етуінің жемісі деп білем. Ұлтжандылығының арқасында ел қалаулысы болуда. «Елбасы біреу – халық оған тіреу» деген мақал, сірә осыдан шыққан шығар. 1991 жылдан бері, қазіргі таңға дейінгі қазақ еліне сіңірген еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. Қазақ халқының териториясын, теңгесін, конституциясын, заң, елтаңба, әнұранын бекітіп айшықтап берді. Дұрыс саясатының арқасында шет мемлекеттермен қарым-қатынас нығайып, достастықта өмір сүрудеміз. Ұлттар бірлігін қамтамасыз ете отырып елбасы өз халқына, ұлтына зор сенім жүктейді: «Өз ұлтын сүю,шын мәнінде нағыз қазақ болу-өзге ұлт өкіліне астамшылдықпен қарау деген сөз емес» – деп ескере келе «Тағдыр қазаққа қырын қарамаған, жерде берген, кен де берген, елде берген, ер де берген. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» – деп өз халқына үндеу айтқан. Міне, елбасымыз осы сөздер арқылы біздерге ой салып, елге, жерге деген рухты сезімді оятады. Биыл ғана елімізде өткен ЕКСПО көрмесімен қаншама мемлекеттер елімізді таныды. Мәдениет, спорт саласы болсын қарқынды дамып келуде. Елбасымыздың ендігіде алдыға қойған мақсаты дамыған 30 елдің қатарына кіруіміз. Ол үшін экономикамызды қуаттау, білікті мамандар даярлау басты міндетіміз. Осының барлығын іс жүзінде жүзеге асырылуы  үшін жыл сайынғы жолдаулары халыққа жолданады. Осы жылғы жолдауы «Рухани жаңғыру». Яғни, адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана сезімінің ішкі өзгерістерді қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда елбасымыз өркениетті өрге жүзумен байланыстырады. Айта кететіні бәсекелестікке қабілеттілігі, ғаламданудың  жаһандық жүйесіне еніп 21 ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісіп, саналы табыстың кілті екенін білімді ұрпақ, болашақ жастардың қолында екеніне басты назарға алған. Біздің білім алуымызға барынша мүмкіндік жасауда. Мен өз басым елбасымыздың әрбір жолдауына өсиет  ретінде және соған атсалысуға тырысып бағам. Бұл жолдауда ішкі руханиатымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап,жаңғырудың даңғыл жолына түсуге мына біздер үшін дара жолды көрсетіп,бағыт –бағдар берді. Ендеше көшбасшымыздың өскелең ұрпаққа меңзеген үндеуін көкжиектен аспай, биік шыңдардыбағындырып, еліміздің дамуына үлес қосайық. Елбасымыздың салған сара жолына қарап отырып таң қалам. Нағыз қазақтың бағына біткен кемеңгер тұлга дер ем. Оның біліктілігі мен білімділігін жалғыз біз ғана емес, өзінің шетелдік әріптестері  де қолдап,құрметпен қарайды. Осының барлығын бір тудың асытына жинап, тәуелсіз, бейбіт өмір сүруіміз, осы кісінің саясатының салмақтылығында деп білем. Мен үшін елбасы – ең бірінші үлгі тұтатын жан. Мен осындай елде туғаныма, азаматшасы болғаныма қуанамын. Болашақта елбасындай халқының игілігі үшін аянбай еңбек етуге, алған білімімді рухани жетілдіруге ант етемін. Мен елбасын мақтан  тұтамын. Мен үшін қазақтың бетке ұстар, бір ғасырда – бір туар азаматы Н.Ә.Назарбаев. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзімнің жүрек жарды, елбасына деген алғыс өлеңімен аяқтасам деймін.

Гүлдене бер, Нұраға, еліңменен

Елім деп соққан жүрегі – Елбасымыз Нұрсұлтан,

Бағына біткен халқымның, ардақты ұлы біртуар.

Туымызды көтерді биіктерге Нұрағаң,

Елтаңбасы еңселі, әнұраны көгімізде шырқалған.

Елдігіміз еңселі көтерілді биікке,

Қыдыр дарып бақ қонды, қазақ жұрты, еліме.

Нұрағаңнын еңбегі тасқа салған таңбадай

Көрініп тұр ерен іс, ертеңге де бүгінге.

Елін сүйген Елбасы – қолбасшымыз Нұрсұлтан,

Қазақстан – Отанын жер әлемге танытқан.

Ақталды бүгін арманы бабалардың аңсаған

Тәуелсіздік таң атып, егемен ел атанған.

Елбасымыз бас болған нұрлы заман көшіне,

ЭКСПО – көрме өтеді айбынды ел төрінде.

Әр жыл сайын жол тауып Жолдаулары

Нұрлы жолмен бағындыртты белестерді біздерге.

Елін сүйген елбасы, бастаған  көші тек алға,

Жаһанданып өркениет, өрге басты іс-шара.

Мұрат пенен мүддені қатар алып қосақтап

Бағындырып белесті көркейген қалам Астана.

Қонақжайлық, татулық, ұлтаралық келісім,

Сыйлады бізге олар да достастықтың жемісін.

Ұлттардың ұйып тұрған жас ордасы,

Кілтін тапты бірліктің Қазақстан жері үшін.

Білім құйған санаға Назарбаев ордасы,

Мақтана алам онымен мен үшін зор бағасы.

Тоғыстырған тілегін бір арнаға ұрпақтың

Шыққан одан жастардың озық ойлы-данасы.

Елбасының мақсаты игілігі үшін елінің,

Өсуімен даму Қазақстан жерінің.

50 елдің қатарын артқа тастап бұл күнде,

30 елдің санатын толықтыру көкейде.

Ел қолдайтын жөні бар Назарбаев атамда,

Жаны жомарт кең пейл қазағымың данасы.

Сіңірген еңбек, көп қайрат Қазақстан еліме,

Мәшкүр болған есімі бүкіл дүние жүзіне.

Еліміздің тірегі, халық үшін жаралған,

Қазақсатан егіз гой есімімен Нұрсұлтан.

Нық сеніммен бастаған болашақтың кепілі

Гүлдене бер еліммен, Қазақстан Нұрсұлтан.