Турнир талантов


Иманахметова Малика Мухтаровна, Куракбаева Амина Асхатқызы
студенты группы 1-МП3
Павлодарский высший экономический колледж Казпотребсоюза
Руководитель: Байтыманова Айдана Жанарбековна, преподаватель химии, биологии

Шығарма

Мен сені музейге шақырамын

«Тарихтың тағылымы бізден ел

қамын ойлар естелікті тілейді»

Н.Ә.Назарбаев

 

Жоспар:

1. Мұражай – өткен мен болашақты жалғастырушы көпір

2.Еліміздегі музейлер туралы

3. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы жайлы

4. Музей – тарих, музей – тығылым

 

Мұражай өзінің табиғаты жағынан ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемесі болып табылады, мұнда тарихи құндылықтары бар ескеркіштер, бағалы жәдігерлер, өнер туындылары, мәдени, тұрмыстық т.б. мұралар сақталады. «Музей» сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді, яғни юұл жай ғана салтанатты мәдени-сауық орны ғана емес, рухани «жәннат»: мұнда адамдар шабыт шақыру үшін, рухани және шығармашылық даму үшін, көненің көзімен жақын танысу үшін келеді.

Музей – өткенмен бетпе-бет жүздесе отырып, бүгінгі өмірге және келешекке тарих парасатымен қарайтын орын. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» деген халық даналығының өзі осы іспеттес мекемелердің елдің дамуында алар орны мен мыңыздылығын айқындайды. Осыны ескере отыра, дамыған әлем елдері өткенін ұмытпай, оны әрдайым жадында сақтап, өткеннің тәжірибесін болашаққа бағдар қылу үшін мұражайлардың көптеп салынуы мен дамуына баса назар аударады. Себебі бұл – ғасырлар тыңбасы қалған жәдігерлер мен құндылықтарға ой көзімен қараудың, заманалар айнасына қарап, ел мен елдік жолын пайымдаудың айрықша мүмкіндігі.

Осылайша, мұражай өткен мен болашақты жалғастырушы «көпір» іспеттес болып табылады. Оның бірнеше түрлері белгілі, мысалы: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық т.б.), көркемөнер мұражайлары (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолданбалы өнер т.б.),  «жаратылыстану мұражайы» (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, палеонтологиялық т.б.), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, өндіріс өнімдері т.б.), «кешенді мұражай» (тарих, шаруашылық, жаратылыстану т.б. бағыттырда біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді музей), мемориалдық мұражай (белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражай).

Мұражайлар – туған еліміздің асыл қазынасы. Ол өскелең ұрпақты, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып, оны қастерлеуге тәрбиелейді. Мұндай мәдени орындарға бару, ондағы мұраны қорғау мен жинақтау аясында жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, эстетикалық және рухани тәрбие жатыр.

Мен мұражайларға кішкентай кезімнен барамын. Кішкентай кезімде ата-анаммен барсам, қазірде сыныптастарыммен және достарыммен бірге барамын. Маған мұражайға бару өте ұнайды, себебі мұражайға барғанда, сен өзің үшін бұрын білмеген көптеген жаңалықтарды ашасың. Және мұражайларға баруда ұнайтын тағы бір тұс – ондағы тыныштық. Сен барлық қиындықтарыңды ұмытып, мұражайдың көркемдігіне берілесің.

Қазақстан Республикасында көптеген мұражайлар бар. Олардың саны 154 дейін жетті. Менің ойымша, Қазақстандығы ең танымал мұражай ол – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2004 жылдың 28 тамызында құрылды.

Мен кең байтақ Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде, қарт Ертістің жағасында орналасқан, талай ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерінің отаны болған Павлодар өлкесінде тұрамын. Мен өзімнің кіші отанымды жақсы көремін және оның түрғыны ретінде қаланың тарихы туралы, ондағы негізгі мәдени құндылықтар туралы білуді міндет санаймын. Мен қаламыздағы көптеген мұражайларда болдым. Мысалы, осыдан бірнеше күн бұрын мен Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында болдым. Осы мұражай 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы22 наурызда салтанатты түрде ашылды. Мұражайдың экспозициялары 7 залда орналасқан. Олар: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы және өнер залы. Маған ең ұнаған зал ол – ХХ ғасыр басындағы әдебиет залы. Өйткені анда Сұлтанмахмұт Торайғыров, Иса Байзақов, Қалижан Бекхожин секілді біздің жерлес ақындарымыз без жазушыларымыздың өмірінен көптеген деректер бар және аталған азаматтардың жеке заттары жинақталған. Қазіргі кезде мұражайда 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13071 жуығы түпнұсқа. Жыл сайын мұражайжы 32 мың келуші тамашалайды. Және де мұражайда: 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 музейге шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тықырыптық дәрістер жүргізіледі. Мұражай қорына көптеген бағалы заттар жинақталған. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Шәкен Айманов, Жаяу Мұса, Қалижан Бекхожин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, т.б. өнер адамдарының жеке заттары қолжазбалары мұражайдың баға жетпес құнды қазыналары. Тағы да мұражайда Всеволод Ивановтың кабинеті бар. Онда оның жеке заттары, жазу үстелі, орындығы, кітап шкафы орналасқан. Одан басқа онда өте көп жазушылардың құнды заттары бар. Мысалы, Шәкен Аймановтың тоны, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы, Иса Байзаковтың шәйнегі және т.б. құнды заттар.

Мұражайдағы барлық экспонаттар қазақ халқының мұрасы болып табылады. Мұражайдың көркемдігін көріп енді мен оған өз достарымды таныстарымды шақырамын.

Музей – тарих, музей – тағылым. Ұзақ ғасырлар бойы жинақталған ұлтымыздың мәдени игілігі келер ұрпаққа қаймағы бұзылмаған қалпы, жүйеленіп, айшықталған күйінде жетуі қажет. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Ол тарихта жаңа заманды бастаған, дамыған отыз елдің қатарына кіруді көздеп отырған Қазақстанның мәдени зиялығы мен парасаты биік көрінуі керек. Олай болса осы жолдағы басты мәдени, тарихи құндылықтарымыздың бірі – мұражай ісіне ерекше ден қоюымыз керек. Музейлерге жиі барып, әсіресе өскелең ұрпақ – мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ондағы рухани байлықтан нәр алуына үлес қосуымыз абзал.