Мерейлі мақсатым – патриотизмге тәрбиелеу


Оспанова Балым Сабитхановна

Рудный қаласы әкімдігінің  “Дм Карбышев атындағы №14 орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Патриоттық тәрбие  – еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде мектеп үшін айрықша  “мүмкіндіктер кеңістігіне” айналуда.

 

Бірінші сыныптан бастап елжандылыққа тәрбиелеу басты міндетіміз. Биылғы сынып сағаты да  патриоттық тәрбиеге арналды.  «Бір күнін ойлаған адам бидай егеді, он жылын ой­лаған адам ағаш егеді.100 жылын ойлаған адам ұрпақ тәр­бие­лейді» деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап өткендей  патриоттық тәрбиені  жас ұрпақтың бойына  бүгіннен  бастап  сіңіру – бо­ла­шаққа үлкен қадам екені баршамызға мәлім. “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” шеңберінде  тәлім-тәрбие туған жер топырағынан нәр алып, тал бойына  “адамгершілік” атты қасиетті сіңіретінін тағы бір дәріптеудің мүмкіндігі туып отыр. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес.

Туған жер! Отан! Қазақстан! Осы сөздерде қаншама мағына жатыр десеңізші! Осы орайда патриоттық тәрбие аясында отансүйгіштікті, елжандылықты бала бойына бастауыштан бастап сіңіру  мақсатында сынып сағаттарын патриоттық тәрбиеге арнау үстіндемін.  Патриотизмнің бір үлгісі елін қорғап намысты  сарбаз атану. Міне, осы сөзді шәкірттеріміздің бойына казірден бастап сіңіру парызымыз. Әсіресе, осындай атаулы  мерекелерде оқушылардың белсенділігі жандана түседі. Ендеше, осы сәтте, балалардың ішкі жан-дүниесінің рухани жаңғыруына да көңіл бөлген жөн. Міне,  рухани жаңғырудың жарқын жолындағы  осындай  игі қадамдар  әрбір баланың бойында туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні кәміл.  Олай болса, алғашқы нәтижемізге қуана отырып, еңбегімізді еселей  берейік!