Педагог 21 века


Құланбаева Раушан Пошановна, Саметова Айсулу  Жалкибаевна, Омиржанова Анис Каиргельдиновна, ИгембаеваА.М., Онтаева Камшат Аскаровна, Аубакирова Дарига Калдышевна

Астана қаласы  №30 мектеп-гимназиясы мұғалімдері

Тақырыбы: «Мақал-сөздің мәйегі»
Мақсаты: Оқу барысында алған білімдерін нығайту, сайысқа деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау шапшаңдықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

І. Ұйымдастыру кезеңі
І-топ: Зерек
ІІ-топ: Талап

ІІ-топ: Білім

Сайыстың барысы:

ІІ.Кіріспе
Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Астананың 20 жылдығына орай «Астана-болашақтың қаласы» онкүндігінің аясында өткізейін деп отырған «Мақал-сөздің мәйегі» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.

Бұл ойында біз осы уақытқа дейін алған  білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.

Ал, қанекей, келіндер,

Біріңе-бірің еріндер.

Білімімізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер – дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Оқушылар ортаға шақырылып, таныстырылады.

__________________________________________

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Демекші, әділ қазыларды ортаға шақырамыз.

1.__________________________________

2._________________________________

 

 

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, ойынға қатысушылар ойынымыз 5 бөлімнен тұрады. Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.

Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.

 

«Мақал-сөздің мәйегі» сайысымызды бастаймыз.

І бөлім:  Әріптер сыр шертеді
1. Биікте бар, ойда жоқ,
Киікте бар, қойда жоқ. (И)
2. Суда бар, отта жоқ,
Буда бар, шоқта жоқ. (У)
3. Айда бар, күнде жоқ,
Аспанда бар, жерде жоқ. (А)
4. Орманда бар, үйде жоқ,
Қоянда бар, итте жоқ. (О)
5. Борда бар, тақтада жоқ,
Балда бар, майда жоқ. (Б)
6. Машинада бар, қайықта жоқ,
Шанада бар, арбада жоқ. (Ш)

ІІ бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
1. Білекті бірді жығады, . . . мыңды жығады.
2. Халық айтса, қалт айтпайды.
3. Ел үмітін . . . ақтар.
4. Өнер алды . . . тіл.
5. Ердің атын . . . шығарады.
6. Тіл тас жарады, тас жармаса . . . жарады.
7. Сөз тапқанға . . . жоқ.
8. Жақсы сөз . . . ырыс
9. Бірлік болмай . . . болмас
10. Көз қорқақ, . . . батыр

ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
Білімнен мол сый –асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп, школа, school )

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (ұстаз, учитель,teacher )

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер, тетрадь,notebook)

Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау,bell )

Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе жабыстырып.

Жымдастырған жігін де,

Байқамайсың түгін де. (желім, клей,stick)

Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш, линейка, ruler)

Оқуыма төреші,

Тоқуыма төреші, Парақтасам байқалар,

Білімімнің өресі,

Онда және жазылған ,

Кестем де бар келесі. (күнделік, дневник, diary)

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм, знание,)

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.   (Портфель,bag)

Қырық екi жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бұлдiршiндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.  (әліпби,Алфавит,alfabet)

ІV бөлім: «Кім зерек?»
«Ханталапай» сөзіне сөз құрап айту
Жауаптары: хан, хат, талап, апай, атай, ат, хала,тал.

Қызылорда: қыз,қызыл,орда,арық,лақ,ыза,ақ,азық

V бөлім: «Жұмбақ-ойдың қазығы».
1. Белі бүкір,алысқа түкір. (Мылтық)
2. Бір тауды мекен еткен отыз бөрі.( Тіс)
3. Ұсынған қойнынан,
Білімін білерсің,
Шықпаса ойыңнан,
Досым деп жүрерсің. (Кітап)
4. Шақ-шық етіп жүрегі,
Бір мөлшермен жүреді. (Сағат)
5. Қар сияқты аппақ,
Өзі сондай тәтті-ақ. (Қант)
6. Шыр-шыр етеді,құлағыңнан өтеді,
Тоса қойсаң құлағыңа, әбден сөйлеп кетеді. (Телефон)
7. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді. (Хат)
8. Аяғы жоқ жүрмейді.
Үй бағады,үрмейді. (Құлып)
9. Сорсаң,дәмді әрі тұзды,
Жаңғақтай-ақ домалақ. (Құрт)
10. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен моншақ шашылды. (Жұлдыз)

ІV. Қорытынды
Қазылар алқасына сөз кезегін беру, жеңімпазды анықтау, марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 30 мектеп-гиназиясы

 

 

 

 

 

 

6-7-сыныптар аралығында өткізілген

 

«Мақал-сөздің мәйегі»
 

 

интелектуалды ойын іс-шарасы

 

 

 

 

 

 

 

Дайындап өткізгендер: А.Искакова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2018 жыл

 

« Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологияның тиімділігі»

Астана қаласы  №30 мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің  мұғалімі

Құланбаева Раушан Пошановна

Технология- әдістеме. Әдіс дегеніміз –білім берудің теориясы. Тәсіл дегеніміз-іс, меншікті іс. Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:

1) таныстыру,берілген білімді тексеру,бекіту,жүйелеу,тиянақтау.

2) деңгейлік тапсырмалар-қиын мәселелерді шешкізу.

3) мониторинг-тексеру.

4) деңгейліктапсырмалар-дифференсация.

5) танымал жолы- оқушыларды әрекетке енгізу.Мен және оқушылар, оқушылар және оқушылар.

Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі.Әдіс  оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.

Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті-оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін,әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық  мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты тааңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда  мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі,өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы  ерекше орын алады.(1,18 бет)

Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп  таңдауға, оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына  қарай амал-құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп, саналы меңгеру үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысын  дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.

Оқушы бірнші сыныптан бастап  қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды (әріп, дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері: нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі,сызықша,қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтамалар мен ережелерді) оқып үйренеді.

Қабілеті  әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін (анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер,сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін  дамытуға  көңіл  бөлінеді.

 

 

Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.

Қазіргі кезде қазақ тілі қандай бағытта, қандай мазмұнда оқытылу керек?

Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуы тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу керек. Яғни, оның сөйлеу процесін дегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал-құралдар арқылы меңгертіледі.

Ең алғаш қазақ тілін үйрету барысында оқушыға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі бір тақырып айналасында  екінші біреудің сөзін есту арқылы, онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы, мәтінді оқу арқылы меңгертіледі. Яғни, оқушы қазақ тілінде сөйлесу  қарым-қатынасын жасайды. Мысалы: «Мен қазақша сөйлеймін», «Айдос менің досым», «Мен осы үйде тұрамын» деген тақырыпта бір-бірімен танысады, әңгімелеседі.

Мұғалім – мектепегі басты тұлға.Ол өз ісімен өзгеге үлгі әрі жетекші болады.  Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ берудегі бір ерекшелігі – ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстарды  жүргізеді. Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап , баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.

Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының  бірі –  әр түрлі  әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір технологиялар дың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгерту күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік туғызамын.

Әдістер

Сұрақ-жауап
Өз ойын айту
Баяндау
Сұхбат
Монолог
Аударма
Сөйлесу

Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды  оқытуда тірек  сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды дамытуға , сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға (сөйлеу, айту,жазу,оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе ілуге үйретеді. Морфологиядан  «Сөз таптарын» оқыған кезде тірек сызбаны қолдану өте қолайлы.

Мысалы: мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Кеше атаммен бес әдемі жейде сатып алдым.                                                                                     Кеше-үстеу, дара, негізгі, мезгіл үстеу.

Атаммен – зат есім, дара,  негізгі, жалпы, жанды, көмектес септік.                                                                                                               Бес-сан есім, дара, негізгі, есептік сан есім.

Әдемі-сын есім, дара, негізгі, сапалық жай шырай.

Жейде–зат есім, дара, негізгі, жалпы, жансыз, атау септік.

Сатып алдым-етістік, күрделі, туынды, өткен шақ, ашық рай.                                           Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысы нан  ойлау әдісі кез келген стратегияларға толы, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін   сәттерінен арылтады. Сұрақ  қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең,еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау,  Автор орындығы, топтстыру, т.б.стратегия ларды қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды (2,38бет).

 

Менің оқушыларымды  қызықтыратын «Ой толғаныс» кезеңі. Мұнда әр оқушы өз білімін көрсетуге , материалды қаншалықты игергенін дәлелдеуге тырысады. Оларды «Автор орындығы», «Еркін жазу», «Дискуссиялық парта» т.б. ерекше қызықтырады. Өзіңді тыңдату және өзгенің пікірін мұқият тыңдау, бағалау, сыни тұрғыдан  талқылау , ой бөлісу сияқты тиімді әрі пайдалы қажеттіліктерді үйретеді. Бұл таңда сабақтарымда қолданылып жүрген «Сыни тұрғыдан ойлау» әдісі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып,топтасып жұмыс істеуге көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйренуге, кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы  көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.

Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жағдайлар еске ұсталынғанына көзім жетті.                                                                                                                                            1) оқушылар бір-бірімен бірдей бағынышта болады;

2) жауапкершіліктері артады;

3) топқа бөлгенде оқушылардың ойлау  мүмкіндік  жағдайлары ескеріледі;                              4) топта оқушылардың  бірін –бірі  тыңдауы, күту шыдамдылығы, кезектесіп сөйлеу дағдылары қалыптасады ;

5) мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болады;

6) топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады;                                                                                                                                       7) оқушының ең алдымен есте сақтау қабілеті жоғарылайды;

8) жиі-жиі ой талқысын жасау және терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары  қалыптасады;

9) бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алу дағдыларын  жетілдіреді;

10) жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне , олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанады;

11) оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін, білімдерін, бар жігерін жеткізе алады.

Осындай сабақтарда  мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы  ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз еркіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезіндіртеді.

Бір сыныпта отырған балалардың ұлтына, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты  нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының  тиімді екенін күнделікті іс-тәжірибемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын  алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі-оның тек қана білімді  меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық   ойлауды, процестерді , яғни жадының алуан түрлерін ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады(3,56 бет)

Қорыта келе бұл технологияны қолдану нәтижесінде:

·               Оқушы  тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға

·               Танымдық процестерді жетілдіруге

·               Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға

·               Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға

·               Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Т.М.Артыкова, Ж.Қыстаубаева.Қазақ тілі оқыту әдістемесі, Алматы, 2005жыл .                                                                                                                                    2.М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы, оқушыны дамыту. Құрал ретінде, Алматы.2002 жыл.

3. Н. Оралбаева, Қ. Жақсылықова. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы,1996 жыл.

 

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жанды табиғат

Күні: 17.09.2018

Сынып: 3 «Д»
Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Саметова Айсулу  Жалкибаевна.

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны: 1
Сабақ тақырыбы
Құстар- біздің досымыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды

Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.

Бағалау критерийлері
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша диалогқа қатысады.

Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғайды.

Лексикалық минимум
Көгершін, құстар, қорғайды

Грамматикалық минимум
Тәуелдік жалғау

Құстар- біздің досымыз.

Жіктік жалғау

Құстарды қорғаймын.
Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны қорғау
Пәнаралық байланыстар
дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Таныстырылымсайтында тапсырманы орындайды

Бастапқы білім

Жәндік жанды табиғатқа жатады ма?
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

«Пойыз» ойыны (бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады, келесі тұрған оқушы алдыңғы сөздің соңғы әрпіне сөз айту керек, айта алмаған оқушы ойыннан шығады).

Ара-ат-түйе-есек-күшік-кесіртке-ешкі

Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісі. Оқушылардың  жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеру. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.

Сабақ мақсатымен таныстыру

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.

Заттың  қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту

 

 

 

 

Құстар

 

 

 

Көгершін

Қорғау-көмектесу, жамандықтан қорғау, суықтан қорғау

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.

Жыл құстары, құстарды қорғау. Құстарды қорғау керек.

Ақ көгершін. Мен көгершіннің суретін салдым.

 

(Ө, Ұ) Тыңдалым

Тыңдалымалды тапсырма

Тыңдалымда кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жүргізу.

«Қамқорлық» сөзіне түсінік беру.

«Қамқорлық» – қорғау, күту, су, тамақ беру, ұя жасау.

Құстарға қамқорлық, әжеге қамқорлық, балаға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық жасау

Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын болжату

ü  Қандай құстарды білесіңдер?

ü  Құстардың қандай пайдасы бар?

ü  Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.

Тыңдалым мәтіні

 

Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты  қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.

Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені?

Дескриптор:

·         Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.

·         Сұрақтарды сөйлемде  дұрыс қолданады.

·         Суреттердің ретін анықтайды.

 

Сөйлемдер:

1.       Тоғайда … бар?

2.       Құстар … табиғатқа жатады?

3.       Құстар … қорғайды?

4.       Құстарды … қорғайды?

5.       1 сәуір … күн?

 

 

Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады. Суреттердің ретін анықтайды.

_______құстарды қорғаймыз.

 

Құстар  __________ қорғайды.

1 сәуір – құстар _________ .

Тоғайда  ___________  бар.

 

Бірнеше оқушы өздерін дескриптор бойынша бағалайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиын болды ма?

 

(Ж) Оқылым. Мәтінді оқып,әр сөйлемге сұрақ қояды. Деңгейлеріне қарай ашық, жабық  сұрақтар  құрастырады.

Үлгі (деңгейі жоғары сұрақтар):

Тоқылдақты неліктен «орман дәрігері» деп атайды?

Көгершіндердің қандай пайдасы болған?

Құстар адамның тілін түсінеді деп ойлайсың ба?

 

Оқылым мәтіні

Құстардың пайдасы көп. Тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Құстар да жанды табиғатқа жатады.

Тапсырманы орындап болған соң, сұрақтың деңейін 1- 3 балл аралығында бағалайды. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жабайы құстар туралы, пайдалы құстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.

 

 

(Ж, Ө) Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушыларға үш жақта жазылған есімдіктер мен тәуелдік жалғаулы сөздерді таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін  әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын  қойып жазады.

Құстар – менің дос… .

Құстар – сенің дос… .

Құстар – оның дос… .

Құстар- біздің дос….

Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.

 

 

 

 

(Ж) Айтылым. Диалог құрайды. Төмендегі сұрақтарды қолдану:

ü  Сен қандай құстарды білесің?

ü  Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

ü  Саған қандай құс ұнайды?

ü  Құстар неге жанды табиғатқа жатады?

Жұптар бір-бірін «Екі  жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Үлгі:

 

Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты.

 

Сөйлемдегі сөздердің ретін сақта.

Сабақты бекіту

Құстардың атауларын тыңдап, суретпен сәйкестендіреді.

Шатасқан әріптерден құстардың атауларын жазады.

Сабақтың соңы
Үй тапсырмасы

4-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрайды.

Үлгі: Бұл- көгершін. Ол хат тасиды.

Рефлексия

Мен бүгін … …. үйрендім.

жаңа сөздер;
сұрақтар құрастыруды;
·         сұрақтарға жауап беруді;

·         тақырып бойынша диалог құруды

 

Сабақ №18 Жай және құрама сандар
Мектеп – гимназия №30
Күні:  26.09.18
Мұғалімнің аты-жөні:  Омиржанова Анис Каиргельдиновна
Сынып: 5
Қатысқан оқушы саны:
Қатыспаған оқушы саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;
Сабақтың мақсаты
Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
Жетістік      критерийлері
Оқушылар  осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Тілдік мақсат
Оқушылар:

– жай және құрама сандардың анықтамасын құрастырады;

– Жай және құрама сандардың бөлгіш және бөлінгіш анықтамаларын құрастырады.

– құрама сандардың бөлінгіштік белгілерін құрастырады

Пәнге тән лексика мен терминология:

– санның бөлгіші;

– жай сандар;

– құрама сандар;

– қзара жай сандар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

– натурал сандардың бөлінгіштігі деп ….;

– натурал сандардың бөлгіші деп ….;

– … сан жай сан, өйткені…

– … сан құрама сан, өйткені…
Құндылықтарды  дамыту
Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту
Пәнаралық байланыс
Геометрия, тұрмыста қолдана алу
АКТ қолдану  дағдылары
таратпа материалдар
Бастапқы  білім
Натурал сандардың бөлінгішітігі
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Оқыту ресурстары
Басы

3
Ұйымдастыру сәті

Үй жұмысын тексеру

 

Семантикалық карта бойынша тапсырмаларды орындаймыз. Дұрыс тапсақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Жұптық жұмыс

Жауабы

Сұрағы
ия
1,13
3- ке бөлінеді
4-ке бөлінеді
14,28,42, 56,….
13 санының бөлгіштері
құрама
жай
натурал
бүтін
рационал
14 санының еселіктері
бөлінгіш
бөлгіш
сандық
бөлшек
сандар
543+84 қосындысы

4 пен 3 сандарының қайсысына бөлінеді?
жай
кемел
құрама
егіз
бүтін
84- 36 айырмасы

4 пен 9 сандарының қайсысына бөлінеді
мен
ол
немесе
сандар
әлде
(Семантикалық картаны дұрыс шешкен оқушы айтып береді.)

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.

( Тақырыпты бүгінгі күнге жазады)

-Балалар, қалай ойлайсыздар, сабақтың мақсаты қандай?
Жұмыс дәптер

 

 

Таратпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

5 мин
Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13,17 мен 19 – егіз сандар.
 

Оқулық

 

Тақта

 

 

 

Топтық жұмыс

4 мин
А тобын бағалауына критерийлер:

– Жай сандар кестесін пайдаланады

– Жай сандарды ажыратады

– Құрама сандарды ажыратады

– 1-ден 50-ге дейін сандардың аралығындағы егіз сандарды таба алады

А тобына тапсырма.

Жай сандар кестесін пайдаланып: 66; 67; 128; 139; 201; 311; 450; 502; 503; 641; 864; 879; 991 сандарды

А) бір қатарға жай сандарды, екінші қатарға құрама сандарды жазыңдар

Б) – 1-ден 50-ге дейін сандардың аралығындағы егіз сандарды жазыңдар

В тобына бағалау критерийлер:

– жай сандардың қосындысына мысалдар жазады

– жай сандардың көбейтіндісіне мысалдар жазады  В тобына тапсырма.

Жай сан бола алады ма:

А) екі жай сандардың қосындысының мәні

Б) екі жай сандардың ккөбейтіндісінің мәні

Мысалдарды келтіріңіз.

С тобына бағалау критерийлер:

– Цифрлардан екі таңбалы сандарды құрастырады

– Жай сандарды ажыратады

– Құрама сандарды ажыратады

С тобына тапсырма. 1;3;5;7, цифрларынан құрастыруға болатын барлық екі таңбалы сандарды жазыңыз

А) олардың қайсысы жай сандар?

Б) олардың қайсысы құрама сандар?

Таратпа материалдар
Жеке жұмыс

23 мин

Сергіту сәті.

Бір бірімізді жақынырақ біліп алайық.
Кімнің туған күні жай санмен белгіленген орыныңыздан тұрыңыздар, енді кімнің туған күні құрама санмен белгіленген, ал кімнің туған күні жай сан да емес құрама сан да емес (1)?

Оқулықпен және тақтамен  жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану

А  деңгейінің есептері   № 192

В  деңгейінің есептері   №  193

С  деңгейінің есептері   №  197

Қосымша тапсырма  № 200 (2,4)

Сабақтың соңы

 

5 мин
Сабақты бекіту

Рефлексия «Blob Tree»

Дети отмечают где находятся в начале урока, где в конце урока

 

Үйге тапсырма:  200 (1,3)

(1.        Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. 4-басылымы. – Алматы: Атамұра, 2015)№  , №

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1А – бөлім Компьютер және қауіпсіздік
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: ИгембаеваА.М.
Сынып: 5
Қатысқандар саны:10 оқушы

Сабақ тақырыбы
Деректерді қорғау. Құпия сөзді жасау.

Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты оқу, білім мен білікті қалыптастыру.

Осы сабақта қол  жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
[5.4.2.2] құжатқа құпия сөз орнату

Сабақ мақсаттары
Ақпаратты қорғау әдістерімен оқушыларды таныстыру;
Нақты құпия сөз критерилерін қайталаңыз;
Файлдарға құпия сөзді орнатуды үйрену.
Жетістік критерилері
[5.4.2.2] құжаттарға құпия сөзді орнату:

1) Нақты құпия сөзді анықтау;

2) Нақты құпия сөзді жасау критерилерін қалыптастыру;

3) Құжатқа құпия сөзді орнату;

4) Архивке  арналған құпия сөзді орнату.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар жасай алады:

– нақты құпия сөзді жасау критерилерін талқылау;

– құжатқа құпия сөзді орнату алгоритмін сипаттау.

Лексикалық мысалдар мен тіркестер:

Нақты құпия сөзді жасау үшін  келесі критерилерді пайдалану керек …

Құжатқа құпия сөзді орнату үшін …

 

Пәнді сипаттайтын терминология:

Қазақ тілінде
На английском языке
Қорғау
Security
Құпия сөз
Password
Архив
Archive
Файл
file
Пайдаланушы
User

Құндылықтарды дарыту

 

Серіктестік

Оқу әрекеті, соның ішінде топтағы әрекет  арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту.
Пәнаралық байланыстар
Ақпарат қауіпсіздігі
Алдыңғы меңгерілген білім

4 сыныпта нақты қауіпті сөзді жасау критериясы оқытылған

Раздел долгосрочного плана:
Школа:Школа – гимназия №30
Дата: 13.10.2018г.
ФИО учителя: Аубакирова Дарига Калдышевна
Класс: 7 «Б»
Количество присутствующих:20
отсутствующих: 0
Тема урока
Многочлены. Степень и стандартный вид многочлена.
Тип урока
Урок изучения нового материала
Цели обучения, которые достигаются на данном уроке (ссылка на учебную программу)
7.2.1.7  знать понятие многочлена, уметь записывать его в стандартном виде и определять его степень;

Цели урока
·         ввести определение многочлена, степени многочлена, подобных членов;

·         ознакомить с записью в стандартном виде;

·         научить приводить подобные слагаемые;

·         сформулировать правила сложения и вычитания многочленов.
Критерии оценивании
Учащийся достиг цели обучения, если:

-знает  понятие многочлена и может определять его степень;

– умеет записывать многочлен в стандартном виде;

Языковые цели
Учащиеся должны  анализировать условие задачи, применять свойства

Предметная лексика и терминология:

Одночлен, постоянная, переменная величина, степень одночлена, коэффициент одночлена;

Умножение одночленов. Многочлен, степень многочлена; старший член многочлена; старший коэффициент;

свободный член многочлена; произведение многочленов.

Многочлен
Көпмүше
Polynomial
Коэффициент
Коэффициент
Coefficient
Переменная
Айнымалы
Variable
Постоянная величина
Тұрақтышама
Constantvalue
Равенство
Теңдік
Equality
Серия полезных фраз для диалога/письма:

Переменная величина– это число, значение которой мы не знаем.

Коэффициент -это число, которое идет перед переменной величиной.

Одночлен – это число, которое является постоянным (числом) или переменным, либо – результатом умножения постоянной  и переменной величин в какой-либо степени.

Многочлен – это . . .

Константа – это известное число.

Старший член многочлена –это . . . .

Показатель  говорит о степени члена.

Степень  члена  показывает степень многочлена.
Привитие ценностей
– Уважение;  – Сотрудничество;   – Открытость;

– Труд и творчество;  – Лидерство;   – Справедливость;

– Толерантность;

– Патриотизм.
Межпредметные связи
Русский язык
Предварительные знания
умножает одночлены и понимает, что произведение одночленов является одночленом;

представляет одночлен в виде произведения двух или более множителей;

объясняет алгоритм умножения одночленов, ссылаясь на свойства умножения и свойства степени.
Ход урока
Запланированные этапы урока
Запланированная деятельность на уроке
Ресурсы
Начало урока

3 мин
1.      I. Организационный момент

2.      1.Поприветствовать учащихся

3.      2.Проверить готовность к уроку

3. Психологический настрой (создание коллаборативной среды)
Приветствие «Здравствуйте!». Ученики  поочередно касаются одноименных пальцев рук своего соседа, начиная с больших пальцев и говорят: желаю (соприкасаются большими пальцами); успеха (указательными); большого (средними); во всём (безымянными); и везде (мизинцами). Здравствуйте! (прикосновение всей ладонью).

Девиз урока:

«Мои ученики будут узнавать новое не от меня;
они будут открывать это новое сами.
Моя главная задача — помочь им раскрыться,
развить собственные идеи».
И. Г. Песталоцци
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Приветствие на трёх языках
5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5мин
Деление на группы: «Атомы и молекулы». Участники группы разбредаются по классу под негромкую «космическую» музыку. Ведущий произносит: «Каждый из вас — одинокий атом, блуждающий в пространстве. Вы встречаетесь с другими атомами, иногда даже случаются легкие столкновения. Но иногда вы получаете возможность объединиться в молекулы. Вы будете делать это по моей команде. Число атомов в молекуле я назову».

Через некоторое время ведущий хлопает в ладоши, музыка останавливается, и он произносит, например: «Четыре». Участники быстро составляют группы по четыре человека.

Цель: деление на группы.

Какая тема была на прошлом уроке?

Правила работы в группе

Проявляй активность.

·         Слушай друга, не перебивая.

·         Говори спокойно и ясно;

·         говори только по делу;

·         говори по очереди;

·         реагируй жестами и знаками;

·         возражая или соглашаясь, смотри на говорящего;

·         убедись, что в разговоре участвует каждый;

·         обращайся к другу по имени.

I.                   Изучение нового материала.

Тема урока: Многочлены. Степень и стандартный вид многочлена.

Тема “Многочлены” – очень важная тема в алгебре. Многие ученые работали над этой темой. В 1799 г. немецкий ученый Гаусс доказал основную теорему алгебры многочленов с комплексными коэффициентами, в конце XVIII в. французский математик Безу доказал основную теорему многочленов с действительными коэффициентами.

А сегодня, в 2018 году, вам предстоит сыграть роль исследователей и “открыть” для себя многочлен.

 

Составление ментальной карты.

Цель. Ввести понятие многочлена, его стандартного вида. Степени.

Критерий оценивания: Находят определение многочлена, записывают. Определяют подобные слагаемые, стандартный вид многочлена и степень многочлена

Дескрипторы:

1)      Правильно находят определение  многочлена.

2)      Находят двучлены и трёхчлены. Определяют подобные члены многочлена и степень многочлена.

3)      Сформулируют правило сложения и вычитания многочленов.

4)      Рисуют ментальную карту.

 

Физминутка

 

III. Осмысление

Г. Работа в группах. Упражнение1, упражнение2

Цель. Уметь выбирать многочлен. Уметь определять степень и коэффициенты многочлена.

«Светофор». У каждого ученика имеются карточки трех цветов светофора (все понятно – зеленый, остались вопросы – желтый, непонятно –красный).

Стратегия «Карусель»: учащиеся выполняют задания по карточке, далее обмениваются по часовой стрелке, после того как все группы отработали все карточки, проcтавляют баллы. При необходимости разбор примеров, вызвавших затруднения, у доски.

Цель: развитие навыка анализа.

 

Г. Теоретический тест. Практический тест.

Цель. Закрепить полученные знания.

«Светофор». У каждого ученика имеются карточки трех цветов светофора (все понятно – зеленый, остались вопросы – желтый, непонятно –красный).

 

Ф.О

После выполнения задания учащиеся  обмениваются решениями и комментируют работы друг друга по технике «Две звезды и одно пожелание», когда учащиеся не оценивают работы, а определяют и указывают на два положительных момента – «две звезды» – и на один момент, который заслуживает доработки, – «желание».

 

Подведение итога урока. Закрепление.

Дескрипторы.

Верно определяет степени многочленов;

Верно определяет коэффициенты многочленов.

Какие многочлены записаны в стандартном виде?

А = 7х3ус + 4х2ус + 3х5

В = 7х5ус + 4х3ус + 3х

С = 7а2bc + 8ab + c

D = 7bа2c + 8a3 + b

E = 4a3b7 + 4b7a3

 

Звучит негромкая музыка

 

 

 

 

 

 

 

 

деление на группы

 

 

 

 

Внимание!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Работа в группах

(раздаточный материал)

Пакет№1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Звучит музыка

 

 

Работа в группах

 

 

Пакет№2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Работа в группах

 

 

 

 

Пакет№3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин
II.                Итог урока.

III.             Ребята, в начале урока вам предстояло сыграть роль исследователей и “открыть” для себя многочлен. Вопрос: получилось?

IV. Подведение итогов – 2 мин

1.      Слово лидерам

2.       Рефлексия деятельности на уроке «Лесенка успеха».

Цель этапа:

зафиксировать новое содержание, изученное на уроке;
оценить собственную деятельность на уроке;
обсудить и записать домашнее задание.
– Что мы сегодня узнали?

– Что мы использовали для определения многочлена?

– Это понятие используется в практической деятельности человека? Где?

IV.             – Оцените свою работу на уроке.

Д/з:№2.39,2.41, стр.52-54

Разработать свой тест из пяти заданий с вариантами ответов на тему многочлены.
Итог урока

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алгебра. 7 класс

 

 

 

 

 

 

 

 

Задание на дом
Дифференциация – каким образом Вы планируете оказать больше поддержки? Какие задачи Вы планируете поставить перед более способными учащимися?
Оценивание – как Вы планируете проверить уровень усвоения материала учащимися?
Здоровье и соблюдение техники безопасности
Дифференциация может быть выражена в подборе заданий, в ожидаемом результате от конкретного ученика, в оказании индивидуальной поддержки учащемуся, в подборе учебного материала и ресурсов с учетом индивидуальных способностей учащихся (Теория множественного интеллекта по Гарднеру).

Дифференциация может быть использована на любом этапе урока с учетом рационального использования времени.
Используйте данный раздел для записи методов, которые Вы будете использовать для оценивания того, чему учащиеся научились во время урока.
Здоровьесберегающие технологии.

Используемые физминутки и активные виды деятельности.

Пункты, применяемые из Правил техники безопасности на данном уроке.
Рефлексия по уроку

Были ли цели урока/цели обучения реалистичными?

Все ли учащиеся достигли ЦО?

Если нет, то почему?

Правильно ли проведена дифференциация на уроке?

Выдержаны ли были временные этапы урока?

Какие отступления были от плана урока и почему?
Используйте данный раздел для размышлений об уроке. Ответьте на самые важные вопросы о Вашем уроке из левой колонки.

Общая оценка

Какие два аспекта урока прошли хорошо (подумайте как о преподавании, так и об обучении)?

1:

2:

Что могло бы способствовать улучшению урока (подумайте как о преподавании, так и об обучении)?

1:

2:

Что я выявил(а) за время урока о классе или достижениях/трудностях отдельных учеников, на что необходимо обратить внимание на последующих уроках?