«Шығайбайдың мейрамында»-қазақтың ұлттық ойындарына-саяхат»


Жакупова Раушан Жасулановна

инструктор физического воспитания ГККП детский сад№14 «Достық» при акимате города Кокшетау

Тақырыбы: «Шығайбайдың мейрамында»-

қазақтың ұлттық ойындарына-саяхат»

 

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту,  қимыл –қозғалыс  дағдыларын қалыптастыру. Қозғалыс  жаттығулары  мен  ұлттық  ойындарды  үйрету  және  сол үйренгендерін  өз еріктерімен  орындауға  жаттықтыру. Ұлттық салт –дәстүрді  балаларға  сіңіре  отырып, салауатты  өмір  сүруге тәрбиелеу.

Cабаққа  қажетті  құралдар : Кигіз үй ,балалардың  санына  тән қамшы және қызыл орамал, асықтар, балалардың санына үлкен доптан жасалған аттың мүсіні, домбыра, қазақтың ұлттық киімдері.

Сабақтың барысы: Балалар, қолдарына қамшы ұстап, бірінің артынан бірі жүгіріп, музыка әуенімен залға кіреді. Залды бір айналып,  жүгіріп шеңбер жасап тұрады.

Мотивациялық  қозғаушы:

Тәрбиеші:  Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәне кел бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар: Сәлеметсіздер ме,  құрметті қонақтар !

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде  ерекше күн болайын деп тұр. Шығайбайдың аулында думандата той өтіп жатқан көрінеді . Онда әр түрлі ұлттық ойындардың сайысы болады екен. Бізде бүгін сол тойға барып Шығайбайдың  тойын  көріп қайтайық.  Бірақ ол  үшін  денемізді шынықтырып алайық  бізге күш жинауымыз және жаттығулар жасауымыз қажет.

1.     Кіріспе

*Қолды бастан жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру (қамшыға қарау).

*Қамшыны желкеге қойып, өкшемен жүру.

*Жүгіру

Дем алу жаттығуы:

Дем ішке тарту «Піскен алма топ – топ түсіп.

Көктен түсті топ-топ,  түсіп,  айтып салу дем шығару»

Балалар бір лектен үш лек құрып тұрады: Ж.Д.Ж.

2.Бөлім

Қамшымен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

«Қара жорға» биінің әуенімен орындалады.

1. Б.қ: тік тұру, екі қолды бірінің үстіне бірін қойып, кіндіктің тұсында ұстау.1-оңға , 2- солға бұрылып сәлем беру, (5- 6) рет.

2. Б.қ: тік тұру, қолды артқа қойып, 1-оңға,  2- солға бұрылу, (5-6 рет).

3. Б.қ :тік тұру, қолды екі жаққа созу  «құс қанаты»  1-2-3 қолды жоғары-төмен сермеу.

4. Б.қ :тік тұру, аяқ иық деңгейінде  қамшының екі ұшынан ұстау,1 қамшыны кеуде тұсына әкелу 2 – бастапқы қалыпқа келу. , (5- 6) рет

5. «Отыру» б.қ:. екі тіземен отыру, алға артқа шалқаю. ,(5- 6) рет

6. «Иілу” б.қ:. екі тіземен отыру, қолды жоғары көтеру,1 – оңға, 2- солға иілу. ,(5- 6) рет.

7. «Аяқты айқастыру»  б.қ.: екі аяқты айқастырып би қимылын келтіру. ,(5- 6) рет.

8 . «Секіру’ жердегі қамшыдан 1- алға, 2- артқа секіру.(10 рет)

Демалу жаттығуларын орындау.

Бойымызды сергітіп алдық  енді сапарымызды одан әрі жалғастырайық.

«Жылан»  жолмен  жүгіру, жүру.

Міне , балалар , Шығайбайдың ауылына да келіп жеттік.

Шығайбай: Мынау жұртты дүркіретіп келе жатқан кім болды екен?

Баласы: Бір топ  қыз – балалар келді.

Тәрбиеші : Амансыз ба,  Шығайбай ата.

Шығайбай: Уа, кім десем тойға келген қонақтар екен  ғой, Амансыңдар ма? Келіңдер қарақтарым , төрге шығыңдар.

Тәрбиеші: Шығайбай мырза  біз «Достық» балабақшасынан келдік. Сіздің ауылда той болады деп естідік.

Шығайбай: Қазақ халқында ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бар, ол  – Атқа мінгізу деп аталады. Бүгін менің немерем жеті жасқа толып жатыр, сондықтан ауылда той жасап, атқа мінгізіп жатырмын.

Тәрбиеші : Олай болса Той құтты болсын! Немерелеріңіз бақытты болсын, мінген аты шабысты болсын!

Әже: «Мал баланың шашуы», – деп атам қазақ айтқандай, тойға қош келдіңдер, төрге шығыңдар.

Ата: Ал, ендеше тойды бастайық.

Атасы немересін шақырып:

–         О, құлыншағым, атқа мінер кезің де жетті, кел, келе ғой,

қорықпа. Атасы немересін атқа мінгізеді де:

«Үзеңгіден  мықтап ұста, байқа, құлап қалма. Мынау қамшыны былғары теріден өз қолыммен өргем, енді саған осы қамшымды аманат етіп табыстаймын» – дейді.

Атқа жақсы шаба біл,

Өнеге – өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл,балам!

Әжесі: «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», – дегендей, менің немереме ақ баталарыңызды беріңіздер.

Бір бала немесе ақсақал:

Қамбар ата тұқымы,

Ұятқа мақтан, түр, құны.

Қанат болған қазаққа,

Қадірле балам жылқыны.

Атасы, әжесі: – Әумин, бата қабыл болсын!

Тәрбиеші: Балалар, кәне кей болашақ жігітке жақсы тілектер тілейік.

1 бала:        – Жақсы атқа шабатын жігіт бол !

2 бала :       – Өміріңде өз  орныңды тап !

3 бала :       – Өз Отаныңның адал азаматы бол !

Немересі  атқа мініп:  Жолда  жүрсем көлігім,  жапанда жүрсем серігім деп залды бір айналып, шауып шығады. (Күй әуені орындалады)

Әжесі : Тойымды мен жасайын,

Шашуымды шашайын.

Шашу алыңыздар, алыңыздар.

Ән – думанға басыңыздар!

Шығайбай: Енді тойымызды ойынмен жалғастыруға рұқсат.

Тәрбиеші:

Ертеде ата – бабаларымыз  жүйрік аттарын бәйгеге  қосқан. Кең  даламызда жарыс өткізген .  Қане, бізде өзіміздің  ептілігіміз бен қайсарлығымызды  көрсетейік.

Ортаға  « Орамал»  ойынына   ұл балаларды шақырамыз.

1- бала:     Ұшқан құстай ұш қырмыз!

Желден озған жүйрікпіз

Жарысуға

Келіп тұрған мықтымыз.

 

2- бала: Естіген жұрт тамсанар,

Көрген жұрт таң қалар,

Бізде палуан ұлдар бар,

Енді соны қараңдар.

 

3- бала: Бір, екі, үш деп санайық

Орамалды еппен

Қағып алайық!

1.Ойын : «Орамал»

Шығайбай:  Жарайсыңдар өздерінің тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер.

2.     Ойын: «Хан – талапай»

Тәрбиеші : Балалар айтыңдаршы менің қолымда не? (қор жың) дұрыс. Қоржынның  ішінде не бар көрсек қайтеді?  Ой , мұнда тіпті қызық зат бар екен. Міне , көрдіңдер ме, бұл  асық деп аталады. Асық ойыны біздің ұлттық ойынымыздың бір түрі. Ол  « Хан –  талапай»  деп аталады.

Ендеше қазір ортаға  асық ойынына  шығуға қыз – жігіттерді шақырамыз .

Ойын «Хан талапай». (Ойынды қыздар ойнайды).

 

1 бала: Халқымыздың бір ойыны алтын сақа

Жығады жеңімпазы, жеке дара.

Ендеше, біз де ойнап көрейікші

Қандай ойын екен бұл «Алтын сақа»

 

Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек, кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.

Тәрбиеші: Ал енді,  келесі  ойынды  бастайық.  Балалар , қане, бәріміз шеңбер бойымен шарға ұқсап дөңгелене тұрайық.

3.Ойын:  «Ізде – ізде» ойыны.

2- бала.  Бізде қызық ойын бар,

Ал ықылас қойыңдар.

Қане, тәртіп сақтайық,

Ойынымызды бастайық.

 

Тәрбиеші :   Жарайды балалар, бәрің,  жақсы ойнадыңдар.

Шығайбай, біздің жігіттеріміз сіздің  құрметіңізге  арнап «Жігітер» биін билеп береді.

Би: (Ұл балалар үлкен доптан жасалған атқа мініп ортаға шығады)

Шығайбай: Жарайсыңдар , балалар   тамаша өнер  көрсеттіңдер.

Тәрбиеші: Ал енді,  келесі ойынды бастайық. Келесі  сайыста балалардың шапшаңдықтарын  байқаудан басталады.

4.Ойын: » Белбеу тастау »

Аспаймын, саспаймын,

Белбеу тастамақ ойынын бастаймын

Екеудің алдына келгенде,

Ақырын белбеу тастаймын.

Шығайбай: Жарайсыңдар, өздерінің  шапшаңдықтарыңды көрсеттіңдер.

Енді менің соңғы шартым бойынша ұлттық ойынның бір түрі «Теңге алу» ойналсын.

5.Ойын: «Теңге алу»

Тәрбиеші: Балалар,  мен сендерге жұмбақ  жасырамын  ал сендер шешуін  табыңдар.

Қос ішекті ,

Бір тиекті,

Әдемі үн шығарады.

(Домбыра)

Дұрыс жұмбақты шештіңдер . Қане, балалар , енді дөңгелене отыра қалыңдар,  «Кім жылдам»  ойынын бастайық.

6.Ойын: « Кім жылдам».

Қолыма домбыраны мен алайын,

Қосылып домбырамен ән салайын.

Достасып домбырамен би билейін,

Сиқырлы домбырамен күй ойнайын.(ойын ойналады)

Тәрбиеші:  Балалар, ойын  ұнады ма?

Балалар: Ұнады.

Тәрбиеші: Әрине  «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» – демекші, бәрің  де  жақсы ойнадыңдар.

Тәрбиеші: Ал, Шығайбай қалай, балалардың өнеріне ризамыз?.

Шығайбай:  – Ризамын, шеттерінен бәрің жақсы өнерлі балалар  екенсіңдер, өте риза болдым!.

Ал балаларым , сендерге сыйға бір – бір сәйгүлік тұлпар атадым . (макет ат сыйлайды)

Тәрбиеші: Рахмет Шығайбай мырза біз де бос қол келген жоқпыз біздің балалар сізге және қонақтарыңызға дайындаған сыйлықтары бар. (әдемі сандықтың ішінен жылтыр қағаздан  жасалған ою-өрнектерді балалар қонақтарға табыс етеді).

Балалар музыка әуенімен залдан шығып кетеді.