Күй –атасы Құрманғазы.«Адай» күйі


 Сагинтаева Тогжан Ердешовна
 «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК «Домбыра»  үйірмесінің жетекшісі

Мақсаты:  Құрманғазы  атамыздың  қазақ  музыка  саласына   қосқан  үлесін   тәрбиеленушілерге тереңнен жеткіздіріп, меңгерту, күйлерінің мақамын тереңнен түсініп орындау, жалғастыру, дәріптеу.

Міндеттері:  Құрманғазы  күйлері  арқылы   тәрбиеленушілерге  қазақи тәрбие беру, қазақ күйлерін жалпы әлемге таныту. Рухани жаңғыру бағдарламасын қолдау.

Білімділік: тәрбиеленушілерге күйді шебер орындауға, күй арқылы салт-дәстірімізді, тарихымызды біліп, сақтауға баулу.Әр салада білімді, көзі ашық,көкірегі ояу, талантты жас  дайындау.

Дамытушылық:   ойнау техникасын, күйдің  мақамын түсініп, ашып, шебер орындауларын дамыту, рухани  жаңғыру мәдениетін  қолдап, дамыту.

Тәрбиелік:   тәрбиеленушілерге  күйді топпен орындауға, бірлік- ұйымға сонымен қатар   өзіндік жеке тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу.         Сабақтын типі:  түсіндірілмелі түрде (диалог)

Көрнекілігі:  проектор,  бейне- баян    көрсетілімдері, үн таспа, сазгер портреті.
Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру  кезеңі :

Тәрбиеленушілердің   назарын сабаққа аудару:

а)  тәрбиеленушілерді  тексеру, домбыраның құлақ күйін келтіру.

ә)  гамма (әр түрлі штрихта), жаттығулар

б)  негізгі сабақ: Құрманғазы «Балбырауын» тексеру бейне- баянмен  жұмыс (салыстырмалы түрде),  күйшінің өмірбаянымен танысу .

в) Музыкалық –серпіліс.

г)  Жаңа  сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

д)  Жаңа тақырып: Күй- атасы Құрманғазы, «Адай» күйі»  (сағасы)

ж) Ұлы күйші арналған  қанатты сөздер, ой – толғаныстар.

Қорытынды

Жетекші сөзі: аспабымыздың құлақ күйі келітірілген, бірден сабағымызды  күнделікті  гамманы әр түрлі нұсқада, әр түрлі нота ұзақтығында  ( сегіздік, триол, он алтылық, тремломен), екпінін бірде орта, бірде тез екпінде тартып, сонымен бірге динамикалық белгілері пайдаланып орындаймыз (5-7мин), ал жаттығуымыз «Балбырауын»  күйінің  орта буынынан   алынған секвенция, тоқтамай төмен, жоғары  үзбей  тартып саусақтарымызды жаттықтырамыз (5 – 7 мин). Аппликатурамыз әдемі көріну үшін, ойнау шеберлігін дамыту үшін  бірінші тактіні «Б»бармағымызды қосып, екінші тактіде «Б» бармақсыз тартып, соңына дейін кезектестіріп орындаймыз. .Балалар,  осы  үзінді   жаттығуды күй орындар алдында  жыл бойына орындап, оң қолдың ойнау техникасын өсіреміз. «Балбарауын» күйінің  ең қиын буыны, ең әсем, әдемі буыны болып табылады. Осы жаттығу әдемі, таза  орындалса, күй де соншалықты таза,  асқан шеберлікпен тартылады. Келесі кезекте үй тапсырмасына: «Балбырауын» күйінің  шығу тарихына  бейне –баяннан  призентация  жасау және «күй» деген сөздің өзіне  талдау жасап,терең ұғыну болатын.

Алдымен интерактивтік тақтаға назар аударсақ:«Балбырауын» күйі-жігерлі,өмір жырын жырлайтын,көңілді,оптимистік шығарма, музыка тілінде  мажорлы, күй деп білеміз. Күйдің кіріспесі үш такті шығарманың дәні , ұрығы сияқты тартылады да біртіндеп лаулаған екпінмен өсіп, көтеріңкі көңіл,ойнақы, шаттық би шашуындай шашылып таратылып кетеді де жалғасында жастардың ойнақы айтыстарындай (талас- тартысы) сияқты анық терциялық әуен өрбиді.Әрине, келесі саз жастардың араласып,бірігіп қуанғаны секвенцияық (жоғарғыда орындалған жаттығуымыз) әуен, шабытпен орындалады. «Балбырауын» күйі  техникалық дамуынан, динамикалық әсемдеу  жағынан, екпін- күш  тендесі жоқ шығарма. Ал, шығу тарихы :бірде  Браун деген неміс бал ұйымдастырып, балға түрмеде жатқан Құрманғазыны атақты күйші деп естіп арнайы алдырады. Құрманғазы «Балбырауын» күйін сол балда жақсы әсер алып, жастарға қызығып арман-қиялдап бірден шығарып,орындаған екен.Күйде би екпіні, ауыл жастарының ойын-сауығы, шабыт,жеңіл ырғағы бар. Кейін 1935 жылы «Балбырауын» күйіне сегіз қыздың биі қойылды және басқа опера- балеттерге, симфония- сюиталарға  алынды. Енді «Балбырауын» күйін  жатқа, сипаттап айтқандай, жақсы  екпінде  орындаймыз.

Жақсы, балалар,енді  бейне- баянға  назар  аударып, өзіміз орындаған  «Балбырауын» күйін маман орындаушының орындауында және оркестрдің орындауында тыңдап, өз орындағанымызбен салыстырып, ой- пікірлерімізді айтамыз.

Сұрақтар:

1. «Балбырауын»  күйін   біз   қалай  орындадық (күйімізді салыстырмалы түрде қарастырамыз)  мәтіні , мақымы, екпіні,  дыбыс бояулары  дұрыс па ?

2. Оркестрмен  орындалған күйлермен жеке  орындаушының  орындауында  қандай айырмашылықтар  бар,  қалай бағалайсыздар ? (ой- пікірімізді айтамыз).

3. Келешекте «Балбырауын»   күйін қалай орындауымыз  керек?

(тәрбиеленушілер   сұрақтарға  жауап береді).

Жетекші сөзі:  келесі «күй»  сөзіне талдау жасап, тереңнен ұғып  түсінейік:

«Күй» – деген сөз  қазақ елімен  бірге жасасып келе жатқан күй-өнері.

«Күй» – деген қазақ халқының  күйі яғни  қал -ахуалы, өмірі.

«Күй» – сөзінің  астарында қазақтың ақиқат – шындығы жатыр.

«Күй» – қазақтың тарих – шежіресі.

«Күй» – деген қазақ елі үшін  киелі сөз.

«Күй»- мәңгілік  елдің-  мәңгілік күйі.

«Күй»- деген сөзбен бірге Құрманғазы күйшінің аты бірге аталады.

«Күй»- сөзіне жеті ұлағатты баламалар айтылды,  әлі де айтуға болады,   біз тақырыбымыздың екінші сөз жалғасымызға тоқталсақ, «күй- атасы Құрманғазы» деп тегін айтылмаған. Ұлы күйшінің  аты «күймен»  шыққан, елін – жерін ойлаған, жүрегі үлкен, пейілі кең адам болған. Күй – ойналса Құрманғазы атамыздың күйі ме деп елеңдейміз. Биыл елеулі жыл, ұлы күйші Құрманғазы атамыздың  200 жылдығына арнап сабағымыздың тақырыбын  Күй  атасы- Құрманғазы, және «Адай күйі»- деп алдық, сабақ барысында  ұлы күйшінің өмір жолдарын  тағы бір тереңнен еске түсіріп, танып- біліп  бірнеше  күйлеріне тоқталамыз.

Ұлы күйші 1918 ж Бөкей хандығына  қарасты Жиделі деген жерде туып өскен, қызылқұрт  руынан  шыққан.Әкесі  жуас адам болған. Анасы Алқа  жас кезінде ерке, бірбеткей болып өскен, өнерге бір табан жақын, ағалары төкпе ақын, әнші, палуан, күйші болған  екен. Алқа баласының өнерге, жақын екенін аңғарып қолдау, көрсетеді. Құрманғазының  өмір жолдарын төрт кезеңге бөлуге болады. Балалық шағының  бірінші  кезеңінде: кішкентай бала Құрманғазы   байдың қозысын бағып,  өсе келе қойын  бағып  әкесіне көмектесе жүріп, домбыра тартып, дыбыстарды табиғатпен байланыстырып, судың сылдырын, көктің күркірегенін, желдің сусылы  сияқты табиғи  үндерді  естіп аспаппен үндестіре білген. Күйшінің екінші кезеңі, есейген шағы:  ойламаған жерден  атағы елге танымал,әйгілі Ұзақ –күйшімен өз үйінде кездесіп, ауыл адамдарымен  бірге күн батқаннан,таңның атысына дейін  күйлерін  тыңдаумен болады. Бұл кездесуден бала Құрман  Ұзақ күйшінің күйлерінен қатты әсер алады. Бірде Ұзақ күйші топтың арасынан Құрманды байқап, шақырып алып бала-Құрманға күй тартқыздырады. Құрманғазының күй тартысына риза болған Ұзақ күйші  батасын беріп,  ел аралап, сапарын жалғастырып  жол жүріп кетеді. Кейіннен Құрманғазы  өмірдің ағысымен, байлардың әділетсіздігіне шыдамай, үйінен кетіп, Ұзақ күйшіні іздеп кетеді. Күйшімен кездесіп  біраз уақыт бірге жүріп, домбыра тартыс– базарларында болып, ауыл кештерінде күйлер тыңдап, ауыл ақсақалдыларының  әңгіме – жырларын естіп  көп сабақ алады. Құрманғазы атамыз өмірде қатал мінезді адам болған, байлар күйшіден, әсіресе күйлерінен қорқатын. Барша халық күйшіні қатты сыйлап, қатты қадірлейтін, күйлерін де, істерін, ой-сезімдерінде түсініп  бағалай білген  деп айта аламыз, оған себеп бүгінгі таңға дейін бізге күйлерінің жетуі. Одан кейін де қазақ музыканттары мен зерттеушілер, журналистер  еңбек сіңіргеніні айдай анық. Үшінші кезеңі жастық шағы: алғашқы күйлерінің  бірі «Кішкентай» атты  күй, ал мағынасы жағынан терең, әр тыңдаушыны елең еткіздіретін  күрделі  шығармаларының бірі. Өзінің өмір  сүрген  ортасының  қиын кездерін, әділетсіздікті, кей адамдардың жағымпаздығын, қайырымсыздықты  суреттеп талай  күйлері шығады, солардың бірі  өз басынан өткен оқиға, жала жауып жазықсыз түрмеге түсіп, амалын тауып қашқанда «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қапы» күйілерін шығарса,  келесі күйлері  қамауға  ұсталып  бара жатқанда  анасын, ойлап Құрманғазының көзіне жас келеді, ал шешесі өңін бермей, баласына қарап күш- қайрат бергенде «Қайран шешем» күйі, түрмеге кетіп бара жатқанда «Аман бол, шешем, аман бол» атты күйлері анасына арналған жүрек жарды шығармалары. «Аман бол, шешем, аман бол» күйінің   кіріспесінде, «Аман бол, шешем, аман бол – деп күйде буынға бөлініп анық тартылып, айтылады. Ал  «Қайран шешем» күйінде «Қайран, шешем» деген жүрек  жарды сөздері  де анық естіліп, тартылады. Домбыра тартқанда  «күй»  сөйлейді деген осы шығармалардан қалған болу керек. «Күйді»  әрине естіп, сезе, түсіне білу керек.«Аман бол, шешем аман бол »күйін бейне- баяннан тыңдаймыз.1938 жылы күйшінің туғанына 120 жылдығына арналып кеш өтті. Осы кеште ««Қайран шешем», «Көбік шашқан» күйлеріне сөз – ән жазылып  хормен  орындалады. Қазақ  күйі  потенциалды  күшін  көрсете білді..

Ұлы күйшінің  төртінші  кезеңі  кемелденген  шағы: елімізде  айтулы жаңалықтар болып  күйшінің – күй  мазмұны мен желісі, сезім- ойлары өзгеріп  басқаша сарында шығып, күйлері төгіле- серпіле тартыла  бастайды. Қызық- қуанышы мол, қиял – арманға толы, сұлулықпен- табиғатты  суреттеген  асқан  үлкен туындылар –төкпе шығармалар дүниеге келеді. Олар күйдің төрелері: «Төремұрат»,«Алатау»,«Адай»,«Сары-Арқа», «Серпер»,«Қызыл қайың»  және т.б  көптеген  күйлері. Құрманғазы  атамыздың күйлері көп, алуан түрлі.Күйші атамыздың басқа күйшілерден артықшылығы сол сәтте, толғаныстан тура суреттеп шығара білген.  Шәкірттері Дина Нүрпейсова, Меңдіғали Сүлейменов  өз заманының асқан күйшілері. Ұстазының бір орындаған күйін сол сәтте қайталап шығарманы толығымен орындап беретін болған.

Бірде Меңдіғали күйшіге сұрақ қойғанбыз: шәкәрттерінің өзі керемет күйші ал күйшінің өзі қалай тартқан домбыраны, деген сұраққа мен сөзге жоқпын, Құрекеңнің қолында домбыра иі түскен қайыстай былбырап кететін.Көбіне біз домбыра тартудан тайқақтайтынбыз, басқа не дейін,- деп әңігімесін аяқтады. Өмір ағысында Құрманғазы Дәулеткерей күйшімен де кездескен, қиын жағдайда  күйшіге қол ұшын да берген. Мына портреттерге (қабырғадаға үш күйшімізге ) қарасақ  жас  аралықтарын да көреміз.  Қазақ  халқы күймен аты шыққан, күйден тәлім- тәрбие алған,барлық жағдайларын  күй арқылы жеткізгенін баршамыз білеміз.

Музыкалық серпіліс (3-5 минут жаттығулар): тәрбиеленушілер оңға, солға екі жаққа созыла мойнымызды бұрып, омыртқаларымызды созып  тереңнен дем аламыз, екі иығымызды кезек – кезек көтеріп жаттығу жасаймыз, аяқтарымыздың ұшын көтеріп бірнеше рет созыламыз,жоғары, төмен, көтеріп, айналдырып  қолдарымызға да жаттығу жасаймыз. Осы жаттығудың бәрінде керіліп,мейлінше созыламыз.(керіліп,созылғанда барлық  мүше жақсы тыныс алады, мұны біз аңдардан, (үйдегі мысықтардан байқауымызға болады). Басымызға  кітап қойып бір, екі минут омыртқамызды түзу ұстап айналым жасаймыз.

Жақсы, енді  жаңа сабақ: «Күй, күй атасы – Құрманғазы, Адай күйі» тақырыбымыздың  мақсатына  тоқталсақ  күйші атамыздың  қазақ  музыка  саласына қосқан үлесі жайлы тереңнен жеткіздіріп күйлерінің мақамын тереңнен талдап, күйлерін түсініп орындау жастарды  үйрету.  Олай болса бүгін балалар «Адай» күйін сағасын үйреніп күйді аяқтаймыз. Бас буыны мен орта буынын  өткен сабақта  үйренгенбіз,  қазір жәй екпінде қайталаймыз  да нықтап, үзбей, байланыстырып тартамыз, содан мен жәй екпінде тартамын сендер қайталайсыңдар, бірнеше рет.

Күй- қазақ елімен бірге жасасып келе жатқандықтан біз ертеден келе жатқан құймақұлақтық  әдіспен үйренеміз, осы әдісті бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру»- деп айтсақ қателеспейміз және салауатты өмір салтындағы қосымша музыкалық сауат пен әдістерді де пайдалана отырып  үйренеміз. Нотамен үйренгеннен қарағанда  құйма құлақтық әдіспен үйренген баланың есту, сезу қабілеттері артық болып тұрады. Бәрімізге жақсы таныс Айгүл Үлкенбаева домбыраны құйма құлақтық әдіспен үйренген.Мен  күйдің  сағасын   жәй екпінде орындап әрі түсіндіре отырамын, сендер мұқият тыңдап  бірге топпен  жәй екпінде қосылып,  бірнеше рет қайталап,  күйдің әуені шыққанша  орындаймыз. Шығарманың бастапқы мақымы, қағыстары  сақталады. Күйдің  қиын жерімен (ІІ октавадан І октаваға ауысатын дыбыстарды үзбей өту) жеке жұмыс жасалады. Әр дыбысты нық, таза, анық  басып аламыз  (бірнеше рет қайталау). Соңғы буыны  күйдің ең әдемі, әсем жері, есте тез сақталады, оңай жатталады.Шабытпен, төгілте тартамыз. Күйдің  қағысмен, дыбыс (бояуларына) мән береміз. Орта жақсы екпінде күйді басынан, соңына дейін топпен бірге орындаймыз. Жақсы, балалар. Рахмет.

Бейне – баянға  назар аударып, орындаушы —-  «Адай» күйін тыңдаймыз да өз орындауымызбен салыстырамыз, мақамы, ырғағы, әуені  қандай? Келешекте  біз қалай орындауымыз керек  және қиын буындармен қалай жұмыс жасауымыз керек?   Бүгінгі сабағымызда  дыбыспен, дыбыс бояуларымен, екпін- ырғақпен жұмыс жасап,  үйреніп меңгереміз.Келесі кезекте оркестрдің орындауында «Адай» күйін тыңдаймыз. «Адай» күйінің шығу тарихының  екі нұсқасының біреуін ұсынамын: негізі қай нұсқасы болса да «Адай» күйі қазақ елінің күйі, мақамында өткірлік, алға ұмтылыс, күрес сезіледі ал күйдің соңғы буынында шаттық- қуаныш, жеңіс сезіліп төгіле тартылады, шығу тарихы:

Бірде өнер саласында жүрген Самиғұлла Айдарбайұлының   жастарға айтатын бір борышым бар, деп: «Адай» күйінің тарихын білетін менен басқа адам да қалмаған шығар,1937 жылы Дина апамыздың әңгімесін, сендерге аманат етіп айтайын: (Дина әжеміздің әңгімесі) менің әкем (Динаның әкесі) Кенже палуан Құрманғазымен мінез-қылықтары жарасқан, дос  адамдар еді. Құрманғазы біздің үйге жиі келіп, әкеммен әңгіме-дүкен құрып, жиі домбыра тартатын.Мен (Дина) әңгіме естіп, күй тыңдаудан жалықпайтынмын.Құрманғазы маған күйлер үйреткенде, шығу тарихын да айтатын. Авторы жас қыз болған  соң ба, «Адай» күйінің шығу тарихы әлі жадымда –  дейді. «Патша әкімдерінен бой тасалап сонау Маңғыстауда адайлардың арасында болғанымда (1849-50) ж.ж бір үйді сағалап кірдім. Үй иелері  адай елінен екен.Үйде үй иелері және қыз бала бар. Амандық -саулықтан кейін қыз шай қайнатуға кетті. Менің көзім  домбыраға түсіп,қолымды созып аспапты алып, шертіп көріп орнына қайта қойдым. Қыз үйге келіп бірден домбырасын  алып, шамасы, менің домбыраны ұстағанымды сезген болуы керек, «я, пірім, осы қазақтың, иті де-құсы да домбыраға әуес екен» деді де, бір күй тартты. Жас қыздың сөзі шымбайыма батып кетті. Қыз домбырасын тартып болған соң:

− Шырағым-ай, домбыра ұстағанға күйдің әсемін тарта ма десем, қайдағы бір есерін тарттың ғой. Домбыраңды бер, қалай тарту керек екенін мен саған көрсетейін, – деп сол жерде шығарып тартқан  күйім «Серперім» еді мынау, деп ұлы күйші Құрекең бір желпініп алатын. Ал қыз Ақмаңдайдың тартқаны «Адай» күйі болатын.«Серпер» күйінен кейін үй иелері көңілденіп:«қонағым, мына қызымыз кенжеміз, домбыраға әуес. Тартқанын күй деп атауға тұратын  болса, атау  атап кетіңіз. Құдай айдап келген болар сізді, – деп қолқа салады.Ойналған күйі де халқы да жігерлі, өткір екен:

−Төрелікті маған берсеңіз, күйдің аты «Адай» болсын,- дейді Құрманғазы.  Соңына тоғыз жыл ерген Құрекеңнің  шәкіртімін ғой, «Адай» күйінің шын тарихы осылай» ,- деп Дина  апай айтып еді, деп Сәкең Айдарбайұлы әңгімесін аяқтады. Бұл әңгіме өнер қайраткерлерінің арасында талқыланды, Ақмаңдай апамыздың басқа шығарған күйлері шықпады.Сонымен «Адай» күйінің  авторы өзгертілмеді. Күйдің шығу тарихын қорытындылай отырып: Ұлы күйші Құрманғазының күйі болсын, Маңғыстау өңірінің Ақмаңдай апамыздың шығарған күйі болсын, «Адай» күйі біздің  жалпы қазақ елінің күйі – деп білгеніміз дұрыс. «Адай» күйінде қазақ елінің өмір жолдары, қазақ елінің  бостандық үшін күрескен атыс- шабысы, жаугершіліктің  іздерін байқаймыз. «Адай күйінде» жігер, қайрат, күш, соңғы буынында алға ұмтылыс бар.Келесі кезекте балалар өздерің күйшінің шығармалары туралы түсінгенімізді, ой- пікірлерімізді  жеткіздірейік :

–  Ұлы күйшінің күйлері жүректен шыққан таза туындылар.

–  Құрманғазы күйлері ғасырдан- ғасырға жалғаса береді.

–  Ұлы күйші қазақ елін  әлемге танымал еткен, дарынды күйші

– Күйші  өшпес, өлмес мұра қалдырған ұлы композитор

– Күйшінің туындылары  әлі талай ұрпақты тәрбиелеп, өсіруге қызмет етеді.

– Құрманғазы Сағырбайұлы өз заманының ұлы азаматы қайсар-қайраткері

– Күйші атамызды – ұлы дала атасы, ұлы- күй атасы деп айтсақ артық  емес.

– Құрманғазының  шығармалары  халқымыздың аса құнды байлығы, қазынасы.

Осы қанатты сөздеріміз  ұлы күйші Құрманғазыға арналған. Ұрпақтан – ұрпаққа жетіп бүгінгі таңда жастарға (сендерге)  жетіп, әлем таныған  мәңгі қазақ елінің, мәңгі қазақ күйлері болып қалады.(бұл сөзге өздерің дәлелсіңдер).

Ұлы  күйшінің  күйлерін қазақ халқы ғана емес, шет елдері,  тіпті әлем танып түсініп жақсы қабылдайды. Мұны біз күнделікті өмір ағысында көріп жүрміз. Заманымыз  өзгеріп,  жастарымыз  өсіп ұлы күйші Құрманғазы атамыздың күйлерін әлемге жарияладық. Жаңа заманға сай  қазақ күйлерін кейінгі толқындағы композиторлар зерттеп, өңдеп нотаға түсірді.Алтын қорға кіргізді. Күйшінің көптеген күйлерін оркестрге шақтап, бүгінгі таңда Құрманғазының күйлерін оркестрдің орындауында,фильмдердер кеңінен орындалып жүр. Ал оркестрмен  орындалған  күйде  – бірлік, ынтымақ, күш – қуат  бар. Оркестрмен орындалған  күйде- асқақ қазақи  үн бар. Домбыра аспабында ойнайтын өнерпаздардың қатары күн сайын өсуде.Домбыра аспабымен классикалық туындыларды да асқан шеберлікпен орындап жүрміз. Қазақ музыкасының мәдениетіне өшпес өлмес мұра қалдырған ұлы композитор Құрманғазы Сағырбайұлы өз заманының ұлы азаматы қайсар-қайраткері артынан мол музыкалық мұра қалдырған күйші.

Бүгінгі таңда салауатты өмір салтында болып жатқан   салтанатты  кештер, мерекелік күндер, тамаша тойлар, концерттер, өзіміз өткіздіріп жүрген  іс – шаралар  Құрманғазының   күйлерімен ашылады.

«Сары арқа» күйін  патриоттық  сезімде орындалатын  күй. Күйде  қазақ жерінің кеңдігі мен табиғаттың кереметтілігі, елдің қуанышы, қажымас- жігері байқалады. «Сары арқа»күйін осы теңеулерді ашып, сезіммен, орындау керек. Сабағымызды қорытындылай келіп тәрбиеленушілерді«Адай күйі» ашық сабағымызбен  қабат, «Сары арқа» күйін қатар үйреніп, меңгеріп тартқанбыз.               Сабағымызды қорытындылай келіп  ІІІ–топ тәрбиеленушілері «Сары арқа» күйін шашу етіп назарларыңызға ұсынады. «Сары арқа» күйі орындалады.

Үй тапсырмасы:  гамма, жаттығу тарту, «Балбырауын» тез екпінде орындау (секвеция буынымен жеке жұмыс). «Адай» күйі соңына дейін жаттау. «Сары арқа» күйінің екпінімен жұмыс жасау.