Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Қымызкенова Оруншай Бектемирқызы

№7 “Ботақан” бала-бақшасының

II санатты тәрбиешісі

Білім беру саласы: Қатынас. Таным.

Бөлімдері: Тіл дамыту. Математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: Алақай, әдемі үйшік! Өте-өте биік.

Мақсаты: Ертегімен таныстыруды схема арқылы жалғастыру. Көрнекілік арқылы әңгіме құрастыруға үйрету. Жануарларды атауда тіл байлықтарын жетілдіру. Күнделікті сөз байлығына ұзын, үшкір сөздерді қосу. Құрастыру заттары арқылы жұмыс жасауға үйрету. Балаларды сыпайлыққа, қамқорлыққа, аяушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: “Үйшік” ертегісінің схемасы.

Сөздік жұмыс: Тышқан, бақа, қоян, қасқыр, аю, түлкі.

Билингвальды компонент: Тышқан-мышь, бақа-лягушка, қоян-заяц, қасқыр-волк, түлкі-лиса, аю-медведь.

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Уәждемелік түрткілік

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекстік-жинақтаушы

Шаттық шеңбер.

Балалар, жан-жаққа қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті. Кәнеки, қонақтармен амандасайық.

Енді терезеге қарайықшы, не бізге күн төгіп тұр.

Осындай шуақты күні саяхатқа ертегі әлеміне аттансақ қайтеді?

Тәрбиеші саяхаттап келе жатып, кароб тауып алады.

Балалар міне қызық, мен кароб тауып алдым. Онда не бар екенін көрейік пе?

Бұл каробта ертегілердің суреті бар екен. Мына сурет-те қандай ертегі бейнеленген?

Онда біз қай ертегіні есімізге түсіреміз?

Кароб неге ұқсайды?

Кәне есімізге түсірейікші ертегіні, үйшікте кімдер тұрды?

Менде, балалар, сиқырлы суреттер бар. Соны бәріміз бірге талқылайық.

Үйшікте алдымен кім тұрды?

Суретте ненің бейнесі?

 

Тышқан қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?

Ал тышқанның түсі қандай?

Ал сосын кім тұрады үйшікте?

Бақаның түсі қандай?

Қоян ше? Қалай біліп қойдындар?

Тағы кім тұрады?

Қалай біліп қойдындар түлкі тұратынын?

Қандай геометриялық пішін-дерден түлкі құрастырылған?

Сендер қалай біліп қойдын-дар үйшікте қасқыр тұратынын?

Сосын кім тұрады?

 

 

Үйшік қандай геометриялық пішіндерден болды?

Ал үйшікті кім сындырып тастап еді?

Ендеше біз бүгін үйшікті қайта жасауға көмектесеміз.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық, қалтамызға салайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбырды,

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар, өздерін сондай білімді, ақылды, шебер екенсіндер ғой. Рахмет сендерге. Енді мына құрас-тырған үйшігімізге жануар-ларды орналастырайық.

Балалар шаттық шеңбер жасайды.

 

 

Сәлеметсіздер ме.

 

Күн сәулесін төгіп тұр.

 

 

Йә, саяхатқа барамыз.

 

 

 

 

Йә, көрейік.

 

“Шалқан” ертегісі, “Бауырсақ”, “Үйшік” ертегісі.

 

Үйшікке.

 

Тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, аю.

 

 

Үйщікте алдымен тышқан тұрды.

Суретте тышқанның бейнесі.

 

Тышқан үшбұрыштан құрастырылған.

Тышқанның түсі сұр.

 

Сосын бақа тұрады.

Түсі жасыл.

Өйткені қоянның құлағы ұзын.

Түлкі.

Балалар көрсетеді мнемо-таблица бойынша.

Сопақшадан, үшбұрыш-тан құрастырылған.

 

Өйткені қасқырдың тісі өткір.

Аю, өйткені ол үлкен. Аю домалақтан құрастырылған.

Үйшік үшбұрыш пен төртбұрыштан тұрады.

Үйшікті аю сындырып тастады.

Геометриялық пішіндер-ден үйшік жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін жасайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Қабылдай алады: Ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді сомдауға арналған тапсырманы.

Түсінеді: Ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керек екендігін.

Қолдана алады: Педагогтың сұрақтары бойынша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *