Сабақтын тақырыбы: Боран


Рысбаева А.Т

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып, қысқы табиғат құбылыстары туралы түсінік беру.

  1. Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын дамыту және сезімін ояту.
  2. Өзара құрмет сезімін тудыру. Эмоциялық әсер ала білуге, басқаның пікірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, пысықтау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: қыс мезгілін бейнелейтін суреттер. М.Әуезов суреті. Тірек карточка. Электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бүгін ана тілі сабағына қонақтар қатысып отыр.

 

ІІ. Үйге берілген тапсырма

І топ. А.Құнанбаевтың өмірбаянын айту. Абай туралы не білеміз?

ІІ топ. Абайдың лирик ақын екенін білеміз.

Ол кісі жылдың төрт мезгілінде өлең жазды.

Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айту.

ІІІ топ. Сұрақ-жауап.

– Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға, кәрі шалға теңейді)

– Шалдың киімдері қандай? (Ол ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)

– Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)

– Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)

– Соқыр, мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады).

– Міне, балалар Абай атамыз қыс мезгілін осылай суреттеген.

Қорытындылау

Тірек сызба. Абай кім болған? (Абай – ұлы тұлға, ұлы ақын, аудармашы, сазгер, лирик)

Абай – қазақ халқының ұлы перзенті, асқан дарын иесі. Абайдың әр сөзі білген адамға өнеге, өсиетке толы.

Сергіту сәті:

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін айту.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Тұлғасынан шұғыла құт тараған,

Асқар таудай алыбым – Мұхтар ағам!

Халқыңыздай биіксіз пір тұтатын,

Ұлтыңыздай ұстазсыз ұлағатты.

Өлеңде кім туралы айтылып тұр? (Мұхтар Әуезов)

 

Мұғалімнің түсіндірмесі

М.Әуезовтың өмірбаянынан мағлұмат беру.

М.Әуезов1897 жылы туылып, 1961 жылы өмірден өткен. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауданында дүниеге келген. Оны атасы Әуез бен әжесі Дінәсіл тәрбиелеген.

Алдымен ауыл молдасынан хат танып, кейін Семей, Ташкент, Санкт-Петербург қалаларында оқыды.

Мұхтар Әуезовтың көптеген әңгімелерін оқыдық. Яғни, Көксерек, Бала Абай, Әбілмансұр, Әке арманы, Кешкі дөң басында т.б. Ал енді бүгін Мұхтар атамыздың тағы бір әңгімесімен танысамыз.

 

Жаңа сабағымыздың тақырыбы

«Боран»

Сабақтың мақсаты.

Әңгіменің авторы Мұхтар Әуезовтың өмірбаянынан мағлұмат алу. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу. Әңгіменің мағынасын терең түсініп, өз ойын еркін айтуға, шапшаң оқуға машықтану және төзімді, шыдамды болуға тәрбиелеу.

 

Сұрақ-жауап

Қыста болатын қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?

 

Топтастыру

Боран

Аяз – Қыс – қар

Қырау

Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз қысқы табиғат құбылысына байланысты, боранды күні болған оқиға туралы болмақ. Боранның дыбысы Көздеріңді жұмып не елестеді?

 

Оқулықпен жұмыс

Новый рисунок                       

 Ақ қалпақ-мәтін не туралы?

 Қызыл қалпақ-қандай эмоция алдың?

Сары қалпақ –Қуанышты тұстарын тауып оқы.

Қара қалпақ- Қорқынышты, үрей тудыратын тұстарын тауып оқы.

Жасыл қалпақ-нені өзгертер едің?

көк қалпақ –Ары қарай немен аяқталды?

 

 

  1. Мәтінді мұғалім оқып береді.
  2. Оқушылар оқиды талдайды.

 

 

ІV. Білімдерін тексеру.

 

 

  1. V. Венн диаграммасы бойынша

І топ. Қыс, көктем мезгілінің ерекшеліктерін салыстыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Новый рисунок (1)

ІІ топ. Ауа-райын ата-бабаларымыз қалай болжаған?

ІІІ топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер айту.

ІҮтоп. Әңгімеге сүйеніп үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.

Ү топ. Әңгімеден жазушының боранды неге теңегенін тауып оқыту

ҮІ топ. Боран кезінде қандай іс шаралар қолданады?

VІ. Қорытындылау.

Бұл мәтін арқылы автор М. Әуезов не айтқысы келеді?

  1. Бұл мәтіннен табиғат құбылыстарын адам баласы өзгерте алмайтынын білдік.
  2. Осындай боранды күні үсінуден сақтануды үйретіп тұр.
  3. Қанша қиыншылық көрсеңде шыдамды, ұстамды, төзімді, адал болуға тәрбиелеп отыр.
  4. Қасыңдағы достарыңа адал болуға үйретіп тұр.

 

  1. Қорытынды.

Абай – қазақ халқының ұлы перзенті, ұлы ақыны, асқан дарын иесі. Абайдың әр сөзі білген адамға өнеге, өсиетке толы.

М.Әуезов – ХХ ғасырдың аса ұлы жазушысы. Оның «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім», «Көксерек» әңгімелерінің оқиғалары өмір шындығынан алынған.

 

Қыс, көктем мезгілінің ерекшеліктерін салыстыр
ІІІ топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер айту.
ІҮтоп. Әңгімеге сүйеніп үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.
Ү топ. Әңгімеден жазушының боранды неге теңегенін тауып оқыту
ҮІ топ. Боран кезінде қандай іс шаралар қолданады?
ІІ топ. Ауа-райын ата-бабаларымыз қалай болжаған?

 

 

 

 

 

 

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *