Жас ақын


Бекжан Аяжан
«Токаревка ЖББОМ» КММ 9 «А» сынып оқушысы
Жетекші: Исина Айсулу Сериккалиевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қасым ағаға

 

Қаракесек руынан шыққан Қасым

Болды ғой еңбегіңіз бастан асым.

Есте сақтау қабілетіңіз жақсы дамып,

Өтіпті күн жоқтықпенен қайғы басып.

 

Аударып түрлі өлең, жырларды

Оқығанда – бүкіл әлем нұрланды.

Мағынасы терең болды бәрінің

Өтті тіпті жүректерден кәрінің.

 

Самұрық, сұңқар өлең-жырлар

Шаттық жырын бәрі тыңдар.

Шалқып жүрген аққу-қаз

Иланады күз бен жаз.

 

Өлеңдегі басты ойға,

Көңіл бөлген пәктік сайға

Таза жолдан адасса,

Кетеді сезім басқаға

Айрылмас үшін, осыны ойла.

 

Еш қиынға қарамай,

Сүрініп-құлап жыламай,

Қиын күндер шектеліп

Өтті талай дау-дамай.

 

Поэт болған екенсіз,

Көпті көрген екенсіз.

Осындай өнер, білімге

Үйреткен – Сіз екенсіз!