«Астана – ел жүрегі!»


Нурканова  Анара Тургунбековна
учитель казахского языка и литературы ГУ «Кушмурунская средняя школа № 121 отдела образования акимата Аулиекольского района»

Мемлекеттік тіл күніне арналған сыныптан тыс іс шара

Сынып: 11сыныптар

Өткізілетін күні: 26 қыркүйек

Тақырыбы: Астана – ел жүрегі!

Мақсаты:

Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Астана суреттері, слайдтар, буклеттер.

Сыныптан іс шараның барысы:

 

 

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгінгі біздің сыныптан тыс іс шарамыздың тақырыбы Астана ел жүрегі. Астана қаласы Қазақстанның жаһандық  брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.

Астана Тәуелсіздік перзенті, Астана жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.

 

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды.

«Астана» өлеңі

2-жүргізуші:

Астанамыз жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, көптеген шетелдермен кездесулер өтті.Соның ішінде атап айтылатын елеулі іс шаралардың бірі дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткізілді. Бұл көрме бізді әлемге танытты. Олай болса Астана жайлы шағын бейнеролик ұсынамыз.

«Астана тарихы» бейнеролик

1-жүргізуші:

Астана еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етіп, Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасайық!

Кантаева Диана

«Хан Шатыр» — Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы 2010 (екі мың оныншы) жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатыр – әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан.

 

 

Букатников Игорь

Бәйтерек – Астана қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 (жиырма екі) метрлік және салмағы 300 (үш жүз) тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

 

 

 

 

 

Арина Сурова

 

Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 (екі мың он алтыншы) жылы 2 (екінші) қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халықтары  ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 (бір бүтін оннан бес) мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан.

 

 

 

 

 

 

Косарева Татьяна

Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 (екі мың он жетінші) жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтті. ЕХРО-2017 көрмесіне 115 (жүз он бес) мемлекетжәне 22 (жиырма екі) халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Көрменің аумағында күнсайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтті.

 

 

 

 

 

 

Дубинина Дарья

Атырау көпірі – Астананың 20 (жиырма) жылдық мерейтойына арналған жаяу жүргіншілер көпірі –Атырау облысының сыйы. Видео құрылыстың ең алғашқы кезеңі 2018 екі мың он сегізінші) жылдың ақпан айынан басталады. Нысан 6 айдың ішінде салынды. Оған «Атырау көпірі» деген атау қойылды. Көпір Самал шағынауданын Орталық саябақ және Амфитеатрмен қосты. Онда алты метрлік жаяу жүргіншілер жолағы, үш метрлік веложол және жарты метрлік қауіпсіздік жолы бар. Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауарайы жағдайы ескеріле отырып салынған. Оны жобалағанда желдің әсері де есепке алынған. Салмағы – 1920 (мың тоғыз жүз жиырма) тонна.

 

 

 

 

 

 

2-жүргізуші:

Астанам бағы биік асқарымсың,

Астанам мәңгі жарық аспанымсың,

Астанам пейіш қалам, ел арманы,

Астанам қайда жүрсем мақтанышым.

 

1-жүргізуші:

Астанам шапағаттың шуағындай,

Астанам махабаттың тұрағындай,

Астанам періштелер мекенісің

Астанам махабаттың тұрағындай.

 

2-жүргізуші:

Сыныптан тыс іс шарамыздың келесі кезеңі ол, класстер құрастыру. Қазір әр  оқушы ортаға шығып, класстер құрастыруға өз үлестерін қосады.

КЛАССТЕР

 

1-жүргізуші:

Астана атың қандай нақ та әсем,

Аңызақтан айналыпсың баққа сен

Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен

Жырларымды айтарымсың жатқа сен! – деп кезекті Кантаева Диана Астанаға арналған өлең шумақтарын оқып береді.

 

Ел ордам менің Астанам,

Астанам менің бас қалам.

Зәулім зәулім үйлер көп

Өркендеген Астанам

 

Арайлы таң астанам,

Бір өзіңмен мақтанам

Есіл  өзен бойымен,

Көркейген менің жас қалам.

2-жүргізуші:

Сән берген Сарыарқадай гүл өңерге

Жайнаған Отанымның жүрегінде.

Астанам бақ ошағым, түп қазығым,

Айналған бар қазақтың тірегіне.

Ал, келесі қыздардың орындауында әсем биді назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

1-жүргізуші:

Сіздер, білесіздер Астанаға 20  жыл болды. Осы жиырма жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге жетіп, елеулі істер атқарылды. Қазір, Қазақстан елін танымайтын мемлекет жоқ. Біз осы Қазақстанымызбен мақтанышымыз. Қазақстанда көп ұлтты мемлекет тату тәтті, бір тудың астында бейбітшілікпен өмір сүруде. Осы татулығымыздан ажырамай, бейбітшілік ғұмыр кешейік.

«Здраствуй, столица!» (бәрі бірге орындайды)

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің «Астана – ел жүрегі» тақырыбындағы сыныптан тыс іс шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!